Мәзір

№ 3 (107) (2025): Ізденістер, нәтижелер

 

Шілде - Қыркүйек 2025

Жарияланды: 30.09.2025

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ

ҚАЗАҚ ЖЫЛҚЫСЫНЫҢ ЖАБЫ ТИПІМЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН АСЫЛТҰҚЫМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

Мақалада жыл бойы жайылымда бағу кезінде Жабы типі қазақ жылқыларын тұқымды таза  өсіру  арқылы селекциялық-асылдандыру жұмыстарының нәтижелері берілген. Жабы типті жылқылар жергілікті қазақ жылқыларының арасында тірі салмағының жоғарылығымен және салыстырмалы түрде үлкен дене өлшемдерімен ерекшеленеді. Жабы типі айғырлары табиғаттың алуан түрлі жағдайларында – Қазақстанның даласынан шөлейт аймақтарына дейін өнімді бағыттағы жергілікті табындағы жылқыларды жақсартушы ретінде өзін танытты.

         Таза тұқымды жылқыларды өсіру кезінде жабе жылқыларының генетикалық ерекшеліктеріне негізделе отырып, тек жеке тамаша жылқыларды ғана емес, сондай-ақ үлкен асылтұқымдық құндылыққа ие кейбір генотиптер де қалыптастырылды.

         Тұқымның жетілдіру ұрпағының әр буынында дамып келе жатқан өнімділіктің генетикалық әлеуеті жоғары жылқыларды көбейту және өсіру арқылы қол жеткізілді және шаруашылықтарда жылқыларды аталық із бойынша өсіру, мақсатты іріктеу және жұптау әдістері арқылы жүзеге асырылды.

ЖАҢА КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙДА ҚАЗАҚТЫҢ ЕТТІ-ЖҮНДІ БИЯЗЫЛАУ ЖҮНДІ ҚОЙ ТҰҚЫМЫНЫҢ ӨНДІРУШІ ҚОШҚАРЛАРДЫ ҰСТАУ ЖӘНЕ ӨСІРУ КЕЗІНДЕГІ ӨНІМДІ ЖӘНЕ РЕПРОДУКТИВТІ ҚАСИЕТТЕРІ

Зерттеу объектісі ретінде шу сүлесіндегі қазақтың етті-жүнді биязылау жүнді қой тұқымы қойлары болды. Зерттеу әдістемесіне сәйкес қойлардың әртүрлі жыныстық-жас топтарында (қошқарлар, аналықтар,  тоқтылар) жүннің сапалық көрсеткіштері зерттелді. «Батай-Шу» ЖШС-де қырқу кезінде жүн шығымы жеке есебі жүргізіліп, зертханалық талдау үшін 15 қошқардан, 40 аналықтан, 10 еркек тоқтылардан және 15 ұрғашы тоқтылардың жүн үлгілері іріктеліп алынды, жүннің ұзындығы мен жіңішкелігі, пішіні мен көлемі анықталды.

Жүндердің сорттық құрамы, штапельдің ластану аймағы және жүннің жағдайы белгіленді. Жаңа тұқымдық топтағы қойлар ірі көлемімен, мықты конституциясымен және жақсы дене бітімімен сипатталады, олар тез жетіледі және сапасы жоғары біркелкі жартылай биязы жүнімен қатар ет өнімділігі айқын болады. Жүннің ұзындығы - 9-11 см, таза жүн шығымы бірнеше жыл ішінде орта есеппен - 57%. Орташа жүн шығымы: қошқарларда - шамамен 8 кг және аналықтарда 4 кг; жоғары жүн шығымы қошқарларда - 12 кг дейін,  ал аналықтарда - 8,2 кг дейін.

Жаңа тұқымдық топтағы қойлар жақсы өнімділікке ие. Ересек аналықтар бойынша қозылардың шығымы бірнеше жыл ішінде орташа есеппен 135% шамасында болды, ал кейбір жылдары 100 аналыққа 143,8 қозы туды. Қозылардың іскерлік шығымы 100 аналыққа 117,8 құрады. Қозылар ірі, мықты, өскелең болып туады және кейіннен жақсы дамиды. Орта есеппен 6 жыл ішінде қозылардың тірідей салмағы аналықтардан алынған сәтте (4-4,5 ай): еркек тоқтыларда - 32,5 кг және ұрғашы тоқтыларда - 31,2 кг құрады.

Жамбыл облысының  Шу ауданында орналасқан «Батай-Шу» ЖШС-де өсірілетін әртүрлі генеалогиялық желісі бар қазақ етті-жүнді биязылау жүнді тұқымды қойлар, олардың өнімділік бағыты мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жүн және ет өнімділігі жақсы дамуымен сипатталады.

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІРІЛЕТІН ГИССАР ҚОЙ ТҰҚЫМЫНЫҢ мтДНҚ d-ІЛМЕГІ (d-loop) АЙМАҒЫНЫҢ ПОЛИМОРФИЗМІН ЗЕРТТЕУ

Зерттеу жұмысында Қазақстанда өсірілетін құйрықты қылшық жүнді Гиссар қойларының мтДНҚ d-ілмегі (d-loop) 840 жұп негізді (bp)  нуклеотидтен тұратын тізбегінің SNP полиморфизмін пайдаланып, генетикалық әртүрлілікті анықтау мақсатында талдау жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстың барысында Гиссар қойының қаны мен жүн фолликулаларының үлгілері жинақталып, популяциядан 30 қой іріктелді. Қойлардан ДНҚ молекуласы бөліп алынып, сәйкесінше праймерлерді қолдану арқылы ПТР жүргізілді. Алынған амплификат өніміне секвенс талдауы жүргізіліп, нәтижесінде пуринді және пиримидинді нуклеотидтер тізбегінің бірізділігі 33,46 % аденин, 34,19% тимин, 13,42% гуанин мен 18,93% цитозинді құрады. Гиссар қойының мтДНҚ d-ілмегі (d-loop) секвенс талдауын BLAST программасын қолдану арқылы, NCBI базасындағы қолжетімді үй қойлары мен жабайы қой тұқымдарының секвенстік талдауы нәтижелерімен салыстырмалы талдау жасалды. MEGA X бағдарламасы негізінде жүргізілген филогенетикалық талдау нәтижесінде қазақстандық Гиссар қойлары арасында жоғары деңгейдегі генетикалық туыстық (74–80%) анықталды. Гиссар тұқымы Дуамо және Халха қойларымен бір тармақтан таралып, жақын филогенетикалық қатынас көрсетті. Еуропалық және азиялық (кейбір) қой тұқымдары салыстырмалы түрде генетикалық тұрғыда алшақ орналасып, олардың әртүрлі эволюциялық тармақтарға жататыны байқалды.

ЖЕРГІЛІКТІ ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ШИКІЗАТЫНАН ДАЙЫНДАЛҒАН ЭКСТРАКТІЛЕРДІҢ ТОКСИКОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН АНЫҚТАУ

Мақалада жергілікті дәрілік өсімдіктер шикізатарынан дайындалған экстрактілердің (сығындылар) жіті және куммулятивті қасиеттерін зерттеу туралы мәліметтер келтірілген. Алынған зерттеулер деректері негізінде дәрілік өсімдіктер шикізаттарынан дайындалған экстрактілердің жіті және куммулятивті әсерлері болмайтындығы анықталды, сонымен қатар олар зертханалар жануарлар ағзасына қуаттандырып әсер ете отырып, олардың өсу процессіне қолайлы әсер ететіндігі белгілі болды. Жүргізілген зерттеулер нәтижелері негізінде фитоэкстрактілер жануарлар ағзасына қуаттандырып әсер ете отырып, олардың салмақ қосу көрсеткіші тәжірибенің соңында бақылау тобындағы қояндармен салыстырғанда 21,4% жоғары болатындығы анықталды. Сонымен қатар фитоэкстрактілерді рұқсат етілген ең жоғары дозада қолдану (LD50) зертханалық жануарларды өлімге душар еткізбейді, сондықтан олар МемСт 12.1.007-76–қауіптіліктің IV-сыныбына жатқызылады (қауіптілігі шектеулі заттар).

ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰЙРЫҚТЫ ҚЫЛШЫҚ ЖҮНДІ ҚОЙ ТҰҚЫМЫНДА IGFBP3 ГЕНІНІҢ ПОЛИМОРФИЗМІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ФИЛОГЕНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Бұл зерттеу қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымында IGFBP3 генінің полиморфизмін зерттеуге бағытталған. Зерттеуде РФҰП және Сэнгер әдістері қолданылды. 380 қой үлгісінің перифериялық қандарынан ДНҚ алынып, оның сапасы мен концентрациясы спектрофотометрия және агарозды гельде электрофорез арқылы анықталды. IGFBP3 генінің полиморфизмдерін анықтау үшін ПТР және HaeIII рестриктаза ферментімен өңдеу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 6 болжамды полиморфизм анықталды. Секвенирлеу нәтижесінде 335 позицияда C>G ауысуы және 111 Аla>Gly амин қышқылының ауысуынан туындаған миссенс мутациясы анықталды. Алынған мәліметтер негізінде қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымының NCBI базасындағы басқа қой тұқымдарымен филогенетикалық талдау жасалды. Филогенетикалық ағаш екі кластерден құралды. Осы зерттеу IGFBP3 генінің полиморфизмін қолдана отырып, қой тұқымдарының селекциялық жұмыстарын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Бұл зерттеу нәтижелері қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымында өнімділікке әсер етуі ықтимал генетикалық маркерлердің болуын алғаш рет ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Алынған деректер генетикалық ресурстарды тиімді пайдалану және жергілікті қой тұқымдарының бейімделгіш қасиеттерін сақтау үшін маңызды.Зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми базаға салыстыру арқылы верификацияланғандықтан, алынған тұжырымдар сенімді әрі қолданбалы маңызы жоғары.

ҚЫЛШЫҚ ЖҮНДІ ҚҰЙРЫҚТЫ САРЫАРҚА ҚОЙ ТҰҚЫМЫНДА (ЖАҢААРҚА ТИПІ) ӨНІМДІЛІГІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ КАНДИДАТ ГЕНДЕРДІ ТАЛДАУ

Сарыарқа қой тұқымы Қазақстанда өсірілетін құйрықты қылшық жүнді қой тұқымдарының бірі, жоғары ет өнімділігімен және өсімталдығымен ерекшеленеді. Қойлардың тірі салмағы мен морфометриялық көрсеткіштері селекциялық жұмыста, әсіресе ет бағытындағы өнімділікті арттыруда маңызды фенотиптік белгілер болып табылады. Бұл зерттеу жұмысы Сарыарқа құйрықты қой тұқымында тірі салмақ және сегіз негізгі дене өлшемдерін (шоқтығының биіктігі, құймышақ биіктігі, кеуде ені, кеуде тереңдігі, тұрқының қиғаш ұзындығы, сербек аралық ені, кеуде орамы, жіліншік орамы) бойынша SNP маркерлерімен геномдық ассоциацияны (GWAS) анықтауға бағытталды. Зерттеуге 60 қойдың қан үлгілері алынып, олардан геномдық ДНҚ молекуласы бөлінді және OvineSNP50 Genotyping BeadChip арқылы генотиптеу жүргізілді. Анықталған SNP маркерлері BioMart платформасы арқылы Ovis aries (Oar_v3.1) геномына сәйкестендірілді. Қорытындысында тірі салмақ пен төрт морфологиялық көрсеткішке байланысты алты кандидат ген анықталды: IGFBP6, ST7, SCD5, DTNBP1, KYNU және FTO.  Зерттеу нәтижелері Сарыарқа қой тұқымында ет өнімділігімен байланысты молекулалық маркерлерді анықтауға мүмкіндік беріп, маркерлік селекцияны дамыту үшін нақты ғылыми негіз қалыптастырады. Бұл болашақта қой шаруашылығында мақсатты және тиімді генетикалық іріктеу жұмыстарын жүргізуге жол ашады.

САРЫАРҚА ҚОЙ ТҰҚЫМЫНЫҢ (ЖАҢААРҚА ТИПІ) ӨНІМДІЛІК ЖӘНЕ КЕЙБІР БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сарыарқа қылшық жүнді құйрықты қойы (жаңаарқа сүлесі) Қазақстанда кең таралған қой тұқымдарының бірі болып табылады, ол жоғары өнімділікпен және түрлі климаттық жағдайларға жақсы бейімделгіштігімен ерекшеленеді. Бұл зерттеудің мақсаты — Сарыарқа қылшық жүнді құйрықты қойларының өнімділік және биологиялық ерекшеліктерін талдап, олардың ауыл шаруашылығында тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, қойлардың өнімділік қасиеттерімен қатар, қанның морфологиялық және биохимиялық көрсеткіштері де зерттелді.

Зерттеу объектісі ретінде Сарыарқа қылшық жүнді құйрықты қойлары (жаңаарқа сүлесі) алынды. Жұмысты жүргізуде жалпы қабылданған зоотехникалық әдістемелер қолданылды. Қойлардың өнімділігі тірі салмағын және жүннің түсімін анықтау арқылы зерттелді. Сонымен қатар қойлардың гематологиялық көрсеткіштері зерттелді.

Сарыарқа қылшық жүнді құйрықты қойлары жоғары нәтижелер көрсетті. Экспериментте қолданылған қошқарлар жоғары тірі салмақ көрсеткіштеріне ие болды, бұл «элита» класының тірі салмақ көрсеткіштерінен асып түсті және жүннің түсімі бойынша да жоғары көрсеткіштер көрсетті. Тәжірибеге қолданылған сарыарқа қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының аналықтары, конституциясының беріктілігімен, экстрималды жағдайларға төзімділігімен және жоғары өнімділігімен ерекшеленеді. Жас төлдер жоғары тіршілік қабілетіне ие, ал ересек малдар жоғары ұрықтылықпен және сыртқы қолайсыз факторларға төзімділігімен ерекшеленеді. Қанның морфологиялық құрамы талданғанда, Сарыарқа қойларының реактивтілігі жоғары және олардың селекциялық құндылығына байланысты өзіне тән ерекшеліктері байқалды.

Зерттеу нәтижелері Сарыарқа қылшық жүнді құйрықты қойының (жаңаарқа сүлесі) жоғары өнімділік және биологиялық сипаттамаларға ие екенін растайды, бұл оны Қазақстанда одан әрі өсіру үшін перспективті етеді. Алынған нәтижелер қойлардың Сарыарқа тұқымын ет және жүн өнімділігін арттыру мақсатында асыл тұқымды жұмыстарды жетілдіру және өсіру әдістерін оңтайландыру үшін қолданылуы мүмкін.

ТҮЙЕ СҮТІНІҢ ТАҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ АСПЕКТІСІНДЕГІ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫН ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ТОЛЫҚТЫҒЫН ЗЕРТТЕУ

Мақалада Қазақстанның оңтүстік өңірініңжеке меншік кәсіпкерлік шаруашылықтан алынған қос өркешті түйенің (Camelus bactrianus) сүті жан-жақты сарапталып, оның органолептикалық, физико-химиялық, аминқышқылдық және май қышқылдық құрамы анықталды. Сүт табиғи жағдайда сауылып, үлгілер санитарлық талаптарға сай жағдайда зертханаға жеткізілді. Органолептикалық көрсеткіштер бойынша (түсі, дәмі, иісі, консистенциясы) өнімнің балғын, жоғары сапалы және тұтынуға жарамды екені расталды.

Физико-химиялық зерттеулер нәтижесінде сүт құрамында майлылық 6,0%, ақуыз 3,81%, тығыздығы 1030,9 г/л, ал лактоза мөлшері 4,78% екені анықталды. Бұл түйе сүтінің қоректік және биологиялық құндылығы жоғары өнім екендігін дәлелдейді. Аминқышқылдық талдау барысында 18 аминқышқыл анықталды, олардың ішінде лейцин, гистидин және аргининнің мөлшері жоғары. Аминқышқылдық скор нәтижелері ФАО/ДДСҰ эталондық шкаласымен салыстырылып, кейбір шектеуші аминқышқылдарының (изолейцин, валин, лизин) жетіспейтіндігі анықталды.

Газды хроматография әдісімен май қышқылдарының 30-дан астам түрі тіркеліп, олардың ішінде пальмитин, пентадецен, тридекан және элаидин қышқылдары айтарлықтай жоғары концентрацияда болды. Сондай-ақ, Омега-3 және Омега-6 май қышқылдарының болуы (альфа-линолен, ЭПА, ДГК, линол) бұл өнімнің жүрек-қантамыр, жүйке және иммундық жүйелер үшін пайдалы функционалдық қасиеттерін айғақтайды.

Зерттеу нәтижелері қос өркешті түйенің сүті биологиялық тұрғыда құнды әрі болашақта функционалды тағам өнімдерін өндіруге арналған перспективалы шикізат көзі ретінде қолдануғаболатынын көрсетеді.

ПРОБИОТИКТЕРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӨНІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ РӨЛІ

Мақалада Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығында пробиотикалық препараттарды қолданудың болашағы қарастырылған. Өндірістік жануарлардың стресстерге және инфекциялық ауруларға жоғары сезімталдығын ескере отырып, антибиотиктердің пробиотиктермен ауыстырылуының қажеттілігіне баса назар аударылған. Пробиотиктер жас жануарлардың өсуі мен дамуын ынталандырады, иммунитетті күшейтеді және инфекциялардың қаупін төмендетеді, бұл өз кезегінде өнімнің сапасын және экономикалық тиімділігін арттыруға көмектеседі.

 Пробиотиктердің молекулалық деңгейде әсер ету механизмдері, патогендерге қарсы антагонистік белсенділігі, ішек микрофлорасы мен иммундық жауапқа әсері сипатталған. «Лактобактерин-ТК2» препаратының мысалында жүргізілген эксперименттік зерттеулердің нәтижелері, оның бузаулардың тірі салмағын арттырудағы және аурушаңдықты төмендетудегі тиімділігін көрсеткен. Жасаған эксперименттерде жануарлардың денсаулығын қамтамасыз ету және өнімнің сапасын арттыру үшін экологиялық таза және қауіпсіз пробиотикалық қоспаларды қолданудың маңыздылығы атап өтілген.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СҮТТІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ООЦИТТЕРДІ ТРАНСВАГИНАЛЬДЫ АСПИРАЦИЯЛАУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ

Мақалада Алматыоблысы Талғар ауданында орналасқанЖШС «Байсерке-Агро» асыл тұқымды шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау технологиясын енгізу нәтижелері көрсетілген, сиырлардағы донорлық ооциттердітрансвагинальдыаспирациялаутехнологиясыжәнеолардыэкстракорпоральдыұрықтандыруоңтайландырылған.

Біздіңтәжірибелеріміздіңнәтижелерікөрсеткендей,ооциттердіңтрансвагинальдыаспирациясыжәнеолардыэкстракорпоральдыұрықтандыруыарқылы жоғары өнімді жануарларданэмбриондаралутехнологиясыгенетикалықәлеуетіжоғарытөлалудыңқолайлыәдісі болып табылады.Біздіңтәжірибелеріміздебіржануарданіске жарайтын ооциттердіңсаны3-6ооцитаралығында болды. Пункция жасауүшінұсынылғанфолликулалардыңоңтайлыдиаметрі3-4мм немесе одан дакөп,invitroжағдайындаооциттердің ұрықтануы 60% - дан83,3% - ға дейін болды.

Сондай-ақ біз донор сиырлардың аналық бездерін ультрадыбыстық сканерлеуді, трансректальды пальпация және ультрадыбыстық зерттеу арқылы реципиенттердегі сары денелердің функционалдық жағдайын бағалауды, ректальды пальпация және аналық бездің сары денесін сканерлеу негізінде реципиенттерді таңдауды, донор және реципиент сиырларды есепке алуды, реципиент жануарларды бақылауды, ооциттердің трансвагинальды аспирациясы технологиясын игеруді жүргіздік.

Көбеюдіңинновациялықбиотехнологиялықәдістерін енгізу (эмбриондарды трансплантациялау, ооциттердіңтрансвагинальдыаспирациясы)сүттімал шаруашылығында селекциялықпроцестіңқарқындылығынқамтамасыз етеді жәнетабынқұрамынреттеуге, аналық мал басынкөбейтугемүмкіндік береді.

БӘЙГЕ АТТАРЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАН САРЫСУЫНДАҒЫ МИКРОЭЛЕМЕНТТЕР КӨРСЕТКІШІ

Бұл мақалада бәйге аттарының физиологиялық жағдайын қан сарысуындағы микроэлементтер концентрациясы арқылы бағалау мәселесі ғылыми тұрғыда қарастырылады. Жылқы спорты мен ұлттық бәйге жарыстарының қарқынды дамуына байланысты жануар организмінің функционалдық мүмкіндіктерін дәл әрі тиімді бағалау өзекті мәселеге айналуда. Осы тұрғыда, микроэлементтер және басқа да биологиялық маңызды элементтер – бұлшықет қызметін, жүйке жүйесінің тұрақтылығын, қан түзілу процесін және жалпы зат алмасуды қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіштер ретінде алынады.

Зерттеу барысында түрлі дайындық және жарыс кезеңдеріндегі бәйге аттарының қан сарысуынан алынған сынамаларда микроэлементтік (калий, фосфор, натрий, кальций, магний, темір) құрам анықталды. Алынған деректер бойынша, микроэлементтердің ауытқуы аттардың организміне түсетін күшке төзімділігімен, зат алмасу қарқындылығымен және жалпы физиологиялық жағдайымен тығыз байланысты екендігі дәлелденді. Сонымен қатар, белгілі бір микроэлементтердің жетіспеушілігі немесе артықтығы спорттық өнімділікке және қалпына келу уақытына айтарлықтай әсер ететіні анықталды.

Мақалада алынған нәтижелерге сүйене отырып, бәйге аттарының денсаулығын кешенді бағалау мен жаттықтыру бағдарламаларын тиімді жоспарлауда микроэлементтік мониторингтің маңыздылығы негізделеді. Бұл зерттеу ветеринариялық бақылау мен спорттық жылқылардың өнімділігін арттыруда ғылыми негізделген тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, АГРОХИМИЯ, АЗЫҚ ӨНДІРУ, АГРОЭКОЛОГИЯ

ТАУҚҰМ МАССИВІ МЕН ҚҰМАЛДЫ ЖАЗЫҚТАРЫНДАҒЫ ӨСІМДІКЖАБЫННЫҢ ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖҮКТЕМЕ ӘСЕРІНЕН АЛМАСУЫН БАҒАЛАУ

Мақалада Тауқұм массиві мен құмалды жазықтарындағы жайылымдық дигрессиядан туындаған өсімдікжабынның алмасулары қарастырылады. Құмалды жазықтарындағы өсімдікжабынды дала жағдайында зерттеу негізінде тамыржусанды фитоценоздардың біртіндеп деградацияға ұшырау кезеңдері анықталып, олардың орнына ебелек және адыраспан типіндегі катаценоздардың қалыптасатыны анықталды. Өсімдікжабынның алмасу бағыты экологиялық жағдайлармен, антропогендік жүктемемен және жайылымды пайдалану қарқындылығымен анықталады. Бұл факторлар бағалы мал азықтық өсімдіктердің арамшөптермен, біржылдық сораңдармен және мал жеуге жарамсыз ксерофиттермен алмастырылуына әкеледі. Дигрессия кезендері бедерге, микроклиматтық жағдайларға және субстрат құрылымына тәуелді екені көрсетілді. Төбеаралық ойпаңдарда арамшөп түрлерінің басымдығымен сипатталатын дигрессияның соңғы кезеңдері байқалады. Тауқұм массивінде жайылымдардың ең кең таралған арамшөптермен ластану типтері анықталды: ебелек, шашақжусан, аққаңбақ, қарабидай, шырыш және ақшылжусан типтері. Жайылым айналымы болмаған жағдайда фитоценоздық алуандықтың күрт төмендеуі мен жайылымдық өсімдікжабынның деградациясы байқалатыны анықталды. Алынған нәтижелер жайылымдарды ұтымды пайдалануды енгізу, деградацияға ұшыраған экожүйелерді қалпына келтіру және шөлейттенудің алдын алу бойынша шаралар қабылдау қажеттілігін көрсетеді.

ТЕРМОТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ҰЛПА КУЛЬТУРАСЫНДА ҚАРА ӨРІК ПЕН ШИЕНІҢ КЛОНДЫҚ ТЕЛІТУШІСІ МЕН СОРТТАРЫН САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ КӨБЕЙТУ

Вирустық аурулар жеміс дақылдарына айтарлықтай зиян келтіреді, көбінесе көшеттерді пайдалануды экономикалық тұрғыдан тиімсіз етеді немесе аналық бақтар мен бақтарда өсімдіктердің өліміне әкеледі. Вирустық инфекциялардың алдын-алудағы ең бастысы-өнеркәсіптік плантацияларды сауықтырылған отырғызу материалымен отырғызу. Сауықтырылған отырғызу материалын өндіру бірнеше кезеңнен тұрады. Бастапқы өсімдіктер ретінде жоғары өнімділікпен ерекшеленетін сорттарға тән өсімдіктер таңдалады. Бастапқы өсімдіктерді таңдағаннан кейін оларды вирустық инфекцияға және сауықтыруға (егер тестілеу ауруды анықтаса) және көбеюге тестілеу жүргізіледі. Бастапқы өсімдіктерді сауықтыру термотерапия, in vitro культурасы, химиотерапия және оларды біріктіру әдістерімен жүзеге асырылады. Мақалада шөптік индикаторлар мен RT-ПТР әдісімен шырынды вирустарды диагностикалау, термотерапиямен бірге апикальды меристема культурасы әдісімен қара өрік пен шие сорттары мен телітушілерін сауықтыру туралы мәліметтер келтірілген. Культураға енгізілген апекс тіндерін зарарсыздандырудан, регенерациядан, пролиферациядан (көбеюден) және ризогенезден (in vitro тамырланудан) клондық микрокөбейту технологиясының кезеңдері пысықталды. Монохроматикалық жарықтың in vitro өсімдік тінінің регенерация процестеріне әсері көрсетілген. In vitro мәдениетіне қара өріктің екі сорты өсімдіктер мен телітушісі, шиенің екі сорты және телітушісі енгізілді. Сүйекті жемісті дақылдардың әр сорттары мен телітушілерінің формалары үшін тіндер культурасына енгізу кезінде экспланттарды зарарсыздандыру шарттары, культураға in vitro енгізу, микроклондалған өсімдіктерді микрокөбейту және тамырлау кезеңдеріндегі қоректік орталардың құрамы оңтайландырылды.  Термотерапия режимі пысықталды. Қызыл және көк жарық диодты шамдардың сүйекті дақылдардың сорттары мен телітушілерінің көбеюіне оң әсері анықталды. Ex vitro культурасында ВЦ-13 және ВВА-1 клондық телітушілердің вируссыз прибазистік аналық өсімдіктері алынды.

МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҰМСАҚ БИДАЙДАҒЫ ХЛОРОФИЛЛДІҢ ЖИНАЛУЫНЫҢ ӨНІМДІЛІККЕ ӘСЕРІ

Мақалада келтірілген зерттеулер минералды тыңайтқыштарды енгізуге және өсіру технологиясына байланысты өсімдіктің өсуі мен дамуының әртүрлі фазаларында жақсартылған Шортанды 95 сортының жаздық жұмсақ бидайының жасыл массасында хлорофилл мен каротиноидтардың жиналуын зерттеуге бағытталған. Өсіру технологиясын, тыңайтқыштарды, сорттарды және алдыңғы дақылдарды таңдау өсімдіктің толық дамуы үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етуі керек. Жұмсақ бидайдағы хлорофиллді зерттеу оның физиологиялық жағдайын, фотосинтез деңгейін және жоғары және сапалы өнім қалыптастыру қабілетін бағалау үшін қажет. Зерттеулер нәтижесінде А және В хлорофиллінің, сондай-ақ жұмсақ бидайдың жасыл массасындағы каротиноидтардың қопсыту фазасына және түтікке шығу фазасына құрамы анықталды. Бұл зерттеулер Ақмола облысы жағдайында өсіру технологиялары мен тыңайтқыштарды енгізу дозаларына байланысты жұмсақ бидайда хлорофиллдің жиналуының өнімділікке әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында P60 Af енгізумен нұсқалар анықталды. the Бу дәстүрлі егіншілік жүйесінде астық-бу ауыспалы егісінде, р80 аф.+ N АА ауыспалы ауыспалы егістегі диагностика бойынша қатарларға. Дәнді-булы ауыспалы егісте өсірудің нөлдік технологиясымен P20 N20 NAF енгізумен жақсы нұсқа белгіленді. the қатарлар, P20 Af нұсқасы.+ N30 AA күзде Үстірт-жемісті ауысымда. Жаздық бидай дәнінің өнімділігі бойынша аммиак селитрасын азот-фосфор нұсқаларына енгізу әдісі мен уақытына байланысты белгіленбеген. Корреляциялық талдау ауыспалы егіс пен егіншілік жүйесіне қарамастан, А және В хлорофиллінің жалпы құрамы мен өнімділігі бойынша орташа корреляцияны 0,68 бірліктен 0,70 бірлікке дейін анықтады. каротиноидтар мен өнімділік 0,2 бірліктен 0,3 бірлікке дейін.

ҚАРАҚАУЫНҒА (CUCURBITA FICIFOLIA) БҮЙІР ТІЛІНДІСІ ТЕЛУ ӘДІСІМЕН ҚИЯР СОРТҮЛГІЛЕРІНІН ӨНІМДІЛІГІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ БАҒАЛАУ

Қиярды асқабақтың басқа түрлеріне жасалған телу жұмыстары өсімдіктердің өсуі мен дамуына жағымды әсер етеді, егілген үлгілердің өнімділігі мен тұрақтылығын арттырады. Бұл зерттеулерде жаңа телітуші материалы - Seminis компанияның фигофолия асқабағы Корея үлгісінін жылыжай жағдайында Adritto және Асылым қиярының телінген сорттарына әсері зерттелді.  Телінген қияр сорттарында олардың тамыр үлгілерімен салыстырғанда өнімділіктің артуы анықталды. Сонымен, телінген Adritto сорты 15,9 кг/м2 көрсетті, оның өз тамырдағы үлгісі 12,9 кг/м2, асып кету 22,9% құрады, телінген Асылым сортында сәйкесінше 15,9 кг/м2 және 14,7 кг/м2, асып кету 15,7% құрады.  Телінген қияр сорттарында гүлдер мен жемістер санының артуы байқалды, өнімділіктің артуы жемістердің көп болуына байланысты болды: телінген Adritto сортында жемістердің жалпы саны 512 дана, өз тамырдағы үлгісі – 417 дана, телінген Асылым сортында - 544 дана, оның өз тамырдағы үлгісі - 419 дана. Барлық негізгі көрсеткіштер бойынша фигофолия асқабағы басқа телітушілерден кем түспейтіндігіне және жақсы нәтиже көрсететіндігіне байланысты оны жылыжай қиярының әртүрлі сорттарында телітуші ретінде пайдалануға болады.

КАРТОП СОРТТЫ ГАЛА ТРАНСГЕНДІЛІК СҮРТТЕРДІҢ МИКРОТУБЕРЛЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ

Микротуберлер картоп тұқымын өндіру технологиясында маңызды рөл атқарады, өйткені олардың мөлшері мен салмағы аз болғандықтан сақтауда, тасымалдауда және механикаландыруда үлкен артықшылықтар бар. Стерильді жағдайда микротуберлерді өндіру сау тұқымдық материал алудың жақсы тәсілі болып табылады. Бұл жұмыста біз Гала сортының (NORIKA GMBH, Германия) картоп микротуберлеріне және осы сорттың негізінде алынған бірқатар трансгенді линияларға салыстырмалы талдау жүргіздік. Трансгендік өсімдіктер бұрын картоп пен қызанақ өсімдіктерінің Phytophthora infestans қоздырғышын бақылау үшін HIGS (host-induced gene silencing) әдісін пайдалану бойынша зерттеудің бөлігі ретінде алынған. HIGS әдісін жүзеге асыру трансгенді өсімдіктердің қысқа интерференциялық РНҚ-ны (siRNA) экспрессиялауына әкеледі, олар мұндай өсімдіктер патогенді жұқтырған кезде соңғысында оның эффекторлық ақуыздарының гендерінің тынығуын тудырады, бұл өсімдікте патогендік организмнің өнуіне және көбеюіне жол бермейді. Бұл әдістің негізі мақсатты ақуыздарды кодтамайтын салыстырмалы түрде қысқа трансгенді кассеталары бар өсімдіктерді модификациялау болып табылады. Сондықтан мұндай трансгенді өсімдіктердің бастапқы сортты өсімдіктерден фенотиптік және физиологиялық айырмашылығы болмауы керек деп күтілуде. Біз модификацияланбаған өсімдіктердің микротуберлерін және трансгенді кірістірудің үш түрін тасымалдайтын трансгенді өсімдіктердің алты желісін алдық. Алынған микротуберлердің салмағы, тыныштық кезеңі, сыртқы түрі, топырақтағы өну жылдамдығы және пайызы сияқты қасиеттерін салыстырдық. Алынған мәліметтер топырақтағы өну жылдамдығынан басқа барлық зерттелетін қасиеттер бойынша трансгенді және трансгенді емес микротуберлер арасында статистикалық маңызды айырмашылықтардың жоқтығын көрсетті. Зерттелген алты трансгендік линияның екеуі ашық топырақта өну жылдамдығының ~ 1,6 есе артқанын көрсетті.

ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЭНТОМОФАГТАРДЫ КАПСУЛА ТҮРІНДЕ ЕНГІЗУ: ӨСІМДІКТЕРДІ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРҒАУ ТӘСІЛІ

Қазіргі ауыл шаруашылығы химиялық пестицидтерді қолдануды азайтуға бағытталған орнықты технологияларға көшіп жатыр. Энтомофагтарды қолдануға негізделген биологиялық бақылау – экологиялық жағынан қауіпсіз балама болып табылады, алайда оны кең ауқымда енгізу қолмен таратудың еңбекқорлығымен және кейбір егіс алқаптарының қолжетімсіздігімен шектеледі. Бұл жұмыста энтомофагтарды биоыдырайтын PLA-капсулалар арқылы дәл таратуды қамтамасыз ететін BioDrop атты аппараттық-бағдарламалық кешені ұсынылды. Ол — ұшқышсыз ұшу аппараттарына (ҰҰА) арналған аспалы құрылғы. Жобада жедел прототиптеу әдістемесі (3D-модельдеу, FDM-баспа), Raspberry Pi → ESP32 базасындағы басқару архитектурасы, GPS/ГЛОНАСС навигациясы және Android-қосымшасы сипатталған. Лабораториялық және далалық сынақтар жүргізілді. Нәтижесінде +30 °C температурада 6 сағат ішінде Trichogramma spp. имаголарының 100 % шығыны және 3 м биіктікте 8 м/с жел кезінде капсулаларды тарату дәлдігінің 1 м-ден аспайтыны анықталды. Капсуланың өзіндік құны – 36 теңге/дана. Зерттеу нәтижелері энтомофагтарды автоматтандырылған жағдайда тарату технологиясының далалық жағдайларда тиімді екенін растады.

Осылайша, BioDrop аппараттық-бағдарламалық кешені энтомофагтарды автоматты түрде тарату үшін жоғары тиімділігі мен практикалық маңыздылығын көрсетті. PLA-капсулаларды пайдалану, дәл навигация және құрылғының әртүрлі ауа райы жағдайларындағы тұрақты жұмысы бұл технологияны өсімдіктерді қорғаудың химиялық әдістеріне орнықты әрі экономикалық жағынан тиімді балама ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Trichogramma spp. имаголарының 100 % шығыны, капсулаларды тарату дәлдігінің төмен болуы және капсуланың өзіндік құнының аздығы – осы технологияны биологиялық егіншілік жүйелеріне кеңінен енгізуге болатындығын дәлелдейді.

Түйінді сөздер: энтомофагтар, өсімдіктерді биологиялық қорғау, ұшқышсыз ұшу аппараттары, PLA-капсулалар, дәлдікті енгізу, аппараттық-бағдарламалық кешен

 

КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ АСТЫҚ САПАСЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН БАҒАЛАУ

Мақалада күздік жұмсақ бидайдың селекциялық желілерін бағалау нәтижелері келтірілген. Масақтың ұзындығы (7,6–13,4 см), 1000 дәннің салмағы (30,17–45,68 г), масақтан алынған дәндердің саны (32,0–53,7 дана), өнімділік (22,4–29,0 ц/га) сияқты белгілердің өзгеруінің кең шектері белгіленді. Жеті жол өнімділік стандартынан сенімді түрде асып түсті, 20061-12 желісі ірі астық пен жоғары өнімділікті біріктіре отырып, максималды нәтиже көрсетті (29,0 ц/га). Технологиялық сипаттамалары бойынша үлгілердің көпшілігі азық-түлік астығының талаптарына сәйкес келді: 80 % — шикі глютеннің құрамы бойынша бірінші класс, 100% - құлау саны бойынша. Жоғары шынылы қанағаттанарлық нан пісіру сапасы; нан көлемі - 460-840 мл, органолептикалық бағасы - 1,90–3,40 балл. 20009-6, 18952-1 және 20841-2 желілері пісірудің ең жақсы көрсеткіштерімен ерекшеленді. Белгілер жиынтығы бойынша кейіннен селекциялық пайдалану үшін алты перспективалық желі таңдалды. Алынған мәліметтер ұн тарту және нан пісіру өнеркәсібі үшін практикалық маңызға ие және Қазақстан жағдайында күздік бидайдың селекциялық бағдарламаларын оңтайландыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН ҚОРҒАУ ҮШІН ПЕСТИЦИДТЕРДІ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ

Пестицидтер – ауылшаруашылық дақылдарының зиянды организмдеріне (зиянкестер, аурулар, арамшөптер) қарсы қолданылатын химиялық заттар болып табылады.

Қазіргі таңда ауылшаруашылық дақылдарын осы зиянды организмдерден қорғау үшін пестицидтер кеңінен қолданылады. Жылдан жылға пестицидтердің саны артып келеді. 

Тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатындағы пестицидтердің қалдықтарын бақылау елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер болып табылады.

Жаздық арпа және алма жемістеріне зиянкестер мен аурулар орасан зор зиян келтіреді. Осы ауылшаруашылық дақылдарын зиянды организмдерден қорғау үшін пестицидтердің түрлі топтары қолданылады. Қазіргі уақытта улы химикаттар аса мол көлемде пайдаланылғандықтан, олар қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қатар адам өміріне де кері әсерін тигізуде. Адам денсаулығының жақсы болуы экологиялық орта мен тамақтануына тікелей байланысты.

Қолданылатын пестицидтердің көпшілігі өсімдіктерге топырақтан және судан тамыр жүйесі арқылы еніп, алынатын өнімде жиналады. Пестицидтер жануарлардың организміне жеммен және сумен бірге түсіп, олардың майында, етінде және сүтінде қалуы мүмкін. Қоршаған ортаның пестицидтермен жалпы ластануы адам денсаулығы үшін қауіпті екені анықталған. Сондықтан пестицидтердің қолдану регламентін қатаң сақтаған жағдайда ғана қоршаған ортаға кері әсері болмайды.

Мақалада жаздық арпа мен алма жемістерінің зиянды организмдеріне қарсы қолданылған пестицидтердің ыдырау динамикасы мен қалдық мөлшері зерттелген. Зерттеу нəтижесі бойынша жаздық арпаның дәнінде тиаметоксам инсектицидінің аз мөлшері табылды, яғни, ең жоғарғы рұқсат етілген препарат мөлшерінен (ЕЖРЕПМ) төмен екені анықталды, ал алма жемісінде химиялық заттар кездеспеді.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК–ШЫҒЫС АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚҰМАЙ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СОРТТАРЫН СЫНАУ ЖӘНЕ РЕСУРС ҮНЕМДЕУШІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЖАСАУ БАРЫСЫНДАҒЫ ФЕНОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАР

Әлемнің әртүрлі аймақтарындағы табиғи-климаттық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайлардың өзгеруімен климаттың жаһандық өзгеруіне байланысты қолайсыз факторлардың, мысалы, температураның жоғарылауы, сумен қамтамасыз етудің төмендеуі, құрғақшылық, жердің деградациясы, өсімдік шаруашылығы өнімдерін мал шаруашылығының қажеттіліктеріне пайдаланудың артуы жалпы өзекті мәселелердің бірі. Осы жағымсыз факторларды еңсеру Қазақстанда да, әлемдік ауқымда да экономиканың орнықты дамуы инновациялық технологияларға, агроөнеркәсіптік кешенді әртараптандыруға және ғылыми саланы дамытуға шешуші дәрежеде тәуелді екендігіне күмән жоқ [1]. Зерттеу жұмысының  негізгі жаңалығы Қазақстанға әлемдік гендік қордан құмай дақылдарының генетикалық ресурстары тартылып, аса маңызды биологиялық және шаруашылық-құнды белгілері бойынша бағалануы болды. Тікелей себу әдістеріне негізделген құмай дақылдарын өсірудің заманауи ресурс үнемдейтін технологиялары енгізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша Алматы облысы жағдайында өсірілген құмай дақылдарының өніп-өсуінің фенологиялық кезеңдері бойынша – қантты құмай үлгілерінің көбі орташа ерте пісетін,  ал дәндік құмай, судан шөбі және құмай судан будандары ерте пісетін, ал генқорының көбі кеш пісетін генотиптерді құрады.

Экологиялық сортты сынау үшін Қазақстанның Алматы облысы өңірінде (оңтүстік-шығыс) құмай дақылдарының 36 генотипі сыналды.

КОНКУРСТЫҚ СОРТСЫНАҚ КӨШЕТТІГІНДЕ АҚҚАУДАНДЫ ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ҮЛГІЛЕРІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚ-ҚҰНДЫ БЕЛГІЛЕРІНЕ АГРОБИОЛОГИЯЛЫҚ БАҒА БЕРУ

Мақалада аққауданды қырыққабаттың жеті үлгісінің стандартты Неженка сортымен салыстырғандағы конкурсстық сортсынақ нәтижелері келтірілген. Зерттеулер ашық танап жағдайында үш қайталаныммен жүргізілді. Үлгілер морфологиялық, шаруашылық-құндылық және тауарлық белгілер бойынша бағаланды. Талдау нәтижесінде Кб 00-06 және Кб 00-02 үлгілері ең жоғары өнімділік көрсетті – сәйкесінше 48,4 және 47,8 т/га, бұл стандартты сорттың өнімділігінен (38,4 т/га) едәуір жоғары. Сонымен қатар, бұл үлгілер қауданының тығыздығы мен дәмдік сапасының жоғары болуымен ерекшеленді, ол 5 баллдық бағамен бағаланды. Тауарлы өнім шығымдылығы бойынша да Кб 00-06 (85,9%) және Кб 00-02 (82,7%) стандартты сорттан асып түсті. Зерттеу барысында бұл сорттардың ауруларға жоғары төзімділігі сияқты басқа да жағымды қасиеттері анықталды. Алынған нәтижелер бұл үлгілерді болашақ селекциялық жұмыстарда қолдануға ұсынуға болатынын дәлелдейді және жаңа қырыққабат сорттарын шығару кезінде әртүрлі агрономиялық және тауарлық белгілерді кешенді бағалаудың маңыздылығын көрсетеді.

КАРТОПТЫҢ (SOLANUM TUBEROSUM L.) САУЫҚТЫРЫЛҒАН МАТЕРИАЛЫН АЛУ ҮШІН АЭРОПОНИКАДА ӨСІРУ ЖАҒДАЙЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ

Сапалы отырғызу материалын алу мақсатында Ақсор картоп сортының 10 цисгендік линиясын, инновациялық бағыт болып табылатын аэропоника жүйесінде өсіру жағдайын оңтайландыру жұмыстары жүргізілген. Пробиркада өскен картоп өсімдіктерін реттелетін микровентиляциясы бар зарарсыздандырылған агробокстарда бейімдеу арқылы аэропоникаға көшу кезінде стрессті азайтуға және өсімдіктердің өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл өсімдіктердің in vitro жағдайдан in vivo жағдайларына көшу кезінде жоғары тіршілігін қамтамасыз етіп, столондар мен шағын түйнектердің белсенді қалыптасуына ықпал етті. Цисгенді картоп линиялары арасындағы түйнек өлшемдерінің өнімділігі мен өсуіне салыстырмалы талдау жүргізілді.

Зерттеу жұмысы барысында Ақсор картоп сортының цисгендік линияларын аэропоникада өсіру кезінде 376 дана түйнектер алынды. Оның 4,9-8,5% пайызы 30-55 мм шағын түйнектер болса, ал ең ұсақ мөлшері 9,6-20,3% пайызын алып жатыр. Саны жағынан ТГ33, ТГ103, ТГ85 картоп линиялары ең көп шағын түйнектер берді. Картоптың Ақсор сортын аэропоникада өсіру арқылы экологиялық таза өндірісті қамтамасыз ететіні, өсімдіктердің өсуін тездететіні, климаттық жағдайларға қарамастан тұрақты өнім алуға мүмкіндік беретіні, күтім мен трансплантацияға кететін шығынды азайтатыны көрінді.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ (БАТЫС ҚАЗАҚСТАН) ЗЕР ҚОҢЫЗДАРЫ (COLEOPTERA: BUPRESTIDAE)

Мақалада Ақтөбе облысындағы (Батыс Қазақстан) зер қоңыздардың (Coleoptera, Buprestidae) зерттелу жағдайы туралы мәліметтер келтірілген. Зерттеудің негізгі мақсаты – осы аймақтағы зер қоңыздардың түр құрамын анықтау. Маршруттық зерттеулердің ақпараттық картасы Google Earth Pro 7.3.6.10201 (64-bit) бағдарламасында ГАЖ (Геоақпараттық жүйе) технологияларының элементтерін пайдалана отырып жасалды. Коллекциялық материалдар мен әдеби деректерді зерттеу нәтижесінде Ақтөбе облысында 9 тұқымдасқа, 6 трибаға және 4 туыстармаққа (Julodinae, Polycestinae, Chrysochroinae, Agrilinae) жататын зер қоңыздардың 30 түрі мен түр тармақтары анықталды. Зер қоңыздар туыстармақ деңгейінде түрлердің әртүрлілігі бойынша келесідей таралған: Julodinae – 1 түр (жалпы анықталған фаунаның 3,3%-ы), Polycestinae – 1 түр (3,3%), Chrysochroinae – 11 (36.7%), Agrilinae – 17 (56.7%). Тұқымдас деңгейінде бұл аймақтағы ең алуан тұқымдасқа Agrilus (12 түр) және Sphenoptera (9 түр) жатады. Трофикалық тұрғыдан анықталған зер қоңыздардың түрлері ағаш-бұталы өсімдіктердің 11 тұқымдасымен байланысты. Зерттеуде зер қоңыздардың түрлік құрамы мен табиғи экожүйелер бойынша таралу ерекшеліктері талданды. Жалпы Ақтөбе облысының зер қоңыздар фаунасында ксерофильді түрлер айтарлықтай басым. Сонымен қатар, тар және салыстырмалы түрде тар таралған түрлердің үлесі жоғары, бұл табиғи тұрғыдан қызықты осы аймақтың зер қоңыздар фаунасының өзіндік ерекшелігін айқындайды.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ОҢТҮСТІК КОРЕЯ СЕЛЕКЦИЯСЫНЫҢ ҚАУЫН ЖӘНЕ ҚАРБЫЗ СҰРЫП ҮЛГІЛЕРІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЫНАУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Берілген мақалада Оңтүстік Корея селекциясының қауын және қарбыз сұрып үлгілерін биологиялық және шаруашылық құнды белгілер кешені бойынша бағалау нәтижелері келтірілген.

Ғылыми-зерттеулер «Қазақ жеміс және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС «Қайнар» өңірлік филиалы тәлімбақтарында 2023-2024 жж. жүргізілді. Экспериментальді тәлімбақтар топырағы орташа-сазды, күңгірт-қарақоңыр, ауа-райы жағдайлары - күртконтинентальді.  

Зерттеу барысында сұрыпүлгілердің фенологиялық және биометриялық параметрлері, морфологиялық көрсеткіштері, өнімділік деңгейі анықталып, биохимиялық құрамы сарапталды. Экологиялық сұрыпсынаудан өткізілген қауын және қарбыз үлгілері пісіп-жетілуі мерзімдері бойынша орташа және орташа-кеш пісетін топтарға бөлінді.

Зерттеу нәтижелері бойынша Оңтүстік Кореядан келген қауын мен қарбыз үлгілері Қазақстанның оңтүстік-шығысы тау бөктері жағдайына жоғары бейімділік пен икемділікті көрсететіні анықталды. Алғаш рет қарбыздың майда пішінді сұрыпүлгісі (Watermelon Seed Jikkomi) экологиялық сынақтан өтіп, Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағдайында өндіру үшін бақша шаруашылықтарына ұсынылды.

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ (ДАҚЫЛ ЖӘНЕ ТЫҢАЙТҚЫШТАР) ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДАҒЫ АШЫҚ-ҚАРА ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ ТОЗУ ДӘРЕЖЕСІНЕ ӘСЕРІ

Мақалада, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы суармалы аймақтарындағы ашық-қара қоңыр топырақтарының тозу дәрежесіне антропогендік факторлардың (ауыспалы егіс дақылы және тыңайтқыш) әсерін бағалау нәтижелері беріліп отыр. Тозған және деградацияланбаған топырақтар арасындағы айырмашылықтар топырақ профилінің құрылымында және ең алдымен қарашірік қабатының қуатында айқын көрінетіні анықталды. Тозған топырақтар қарашірік қабатының (А+В) 10-15%-ға қысқаруымен сипатталады. Бұл проблема әсіресе суармалы егіншілік жағдайында айқын байқалады. Ол органикалық заттардың тез минералдануымен және оның топырақтағы жетіспеушілігінің тез пайда болуымен байланысты, гумусқа деген жүктемені арттырады және оның нашарлауына алып келеді. Ауыспалы егіс дақылдары, олардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, қоректік заттардың жиналуын әр түрлі қамтамасыз етеді және топырақтың құнарлылығын сақтауға ықпал етеді. Жоңышқа топырақта азот, фосфор және калиймен байытылған өсімдік қалдықтарының едәуір мөлшерін қалдырады. Жоңышқадан кейін өсімдік қалдықтары мен тамыр қалдықтарының ең көп мөлшерін күздік бидай мен сиыр жоңышқа қоспасы қалдырды. Қант қызылшасы мен май бұршақ, тамыр қалдықтарының салыстырмалы түрде аз жиналуымен сипатталатындықтан, минералды және органикалық тыңайтқыштарды қосымша енгізуді қажет етеді. Жасыл көң топырақ құрылымын сақтауда ерекше рөл атқарады және де олардың қалдықтары басқа дақылдармен салыстырғанда тезірек ыдырайды.

INTEGRATED PEST MANAGEMENT SYSTEM FOR CUCUMBER (CUCUMIS SATIVUS) UNDER GREENHOUSE CONDITIONS

The research was conducted in 2024 at the «Dzhantor» greenhouse complex of Kavunov, located in the Enbekshikazakh district of the Almaty region. The aim of the study was to develop a biologically based integrated protection system against major greenhouse whiteflies damaging cucumber crops grown under protected conditions. The entomophagous insect Encarsia formosa was used as a biological control agent, and its effect on pest population dynamics was evaluated. The biological efficiency of releasing Encarsia formosa at a rate of 2 individuals/m² was 61.3%. Due to unfavorable weather conditions, the biological preparation Aktarofit 1.8 was additionally applied against the pest, and its efficiency was studied. The biological efficiency of two applications of the preparation against the pest was 87,5%. After the full harvest, chemical treatments were carried out in the greenhouse to completely eliminate the remaining sucking pests, including individuals entering diapause. The use of a biologically based integrated protection system is of great importance in cucumber cultivation under greenhouse conditions.

СҮЙЕКТІ ЖЕМІС ДАҚЫЛДАРЫНДА HOP STUNT VIROID (HSVd) ЖӘНЕ PEACH LATENT MOSAIC VIROID (PLMVd) ВИРОИДТАРЫН ДУПЛЕКСТІ КT-ПТР ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ

Вироидтар – бұл ақуыз кодтамайтын өсімдіктердің шағын патогендері. Қарапайым құрылымына қарамастан, вироидтар өсімдіктерде метаболизм мен даму үдерістерінің айтарлықтай бұзылуын тудыруы мүмкін, бұл симптомдардың кешеніне, сондай-ақ өнімділік пен сапаның төмендеуіне алып келеді. Вироидтарды анықтау, әсіресе, ерте кезеңдерінде симптомсыз өтетін инфекцияларға байланысты, жеміс-жидек дақылдары үшін өзекті мәселе болып табылады.

Бұл зерттеуде сүйекті жеміс дақылдарында Hop stunt viroid (HSVd) және Peach latent mosaic viroid (PLMVd) бір мезгілде анықтаудың нәтижелері ұсынылады. Алматы қаласы, Наурызбай ауданында вироидтық инфекцияның клиникалық белгілерін көрсеткен шабдалы жапырақтарының үлгілері зерттелді. Арнайы әзірленген праймерлерді пайдалана отырып, кері транскрипция әдісімен және кейінгі дуплексті полимеразалық тізбекті реакция (дуплекс КТ-ПТР) арқылы жүргізілген талдау нәтижесінде кейбір үлгілерде HSVd және PLMVd вироидтарының РНҚ анықталды, ал бір үлгіде екі вироидтың РНҚ-сы қатар анықталды. Кейін ампликондарды тазартып, олардың нуклеотидтік ретін анықтау үшін Сэнгер әдісімен секвенирлеу жүргізілді. BLAST талдауы HSVd және PLMVd вироидтарының сәйкестігін растады. Алынған деректер HSVd және PLMVd вироидтарының Алматы қаласы аумағында айналымда екенін көрсетеді. Бұл Қазақстанда сүйекті жеміс дақылдарының вироидтық инфекцияларын жүйелі түрде диагностикалаудың қажеттілігін дәлелдейді

АЛҚА ТҰҚЫМДАСТАР АУЫСПАЛЫ ЕГІС ЖҮЙЕСІНДЕ КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ӨСІРУ АГРОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨҢДЕУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨНІМДІЛІК ҚҰРЫЛЫМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Жауынды 2024 жылы күздік бидайды жоңышқа қыртысының жанама танабынан соң дәстүрлі технологиямен еккен нұсқада өнімділік құрылымының ең жақсы көрсеткіштері қалыптасты; егінді жинар алдындағы өсімдік саны - 298,4 дана/м2, түптену нәтижесі - 1,2 дана; масақ ұзындығы - 9,9 см; бір масақтағы дән саны - 28,3 дана, 1000 дәннің массасы - 44,4 г жетті. Ал жоңышқа қыртысының мойынтамырын 12 - 14 см тереңдікке кесіп жеңіл өңдеп күздік бидайды өсірген нұсқада да өнімділік құрылымының тәп тәуір деңгейде қалыптасқанын анықтадық: сәйкесінше 284,2 дана/м2; 1,1 дана; 9,5 см; 28,0 дана және 44,1 г құрады.

Алқа тұқымдастары ауыспалы егіс жүйесінде күздік бидайды мақсары дақылынан соң егістік танапты өңдемей тікелей егіп өсірген нұсқадағы сақталған өсімдік саны 289,0 дана/м2, орташа түптенуі - 1,15 дана, масақ ұзындығы 9,3 см, масақтағы дән саны - 26,8 дана және 1000 дәннің массасы - 42,8 г болды.

Күздік бидайды топырақты өңдеусіз тікелей егіп мақсары дақылынан соң өсірілген нұсқадағы дән өнімділігі - 30,5 ц/га, ал дәстүрлі технологиямен көпжылдық жоңышқаның қыртысына егілген күздік бидай дәнінің өнімділігі ең жоғарғы көрсеткішке жетіп 34,0 ц/га құрады.

Құрғақшылық қалыптасқан 2025 жылы күздік бидай өнімділік көрсеткішінің ең жақсы көрсеткіші - 251 дана/м2 сақталған өсімдіктер саны, 0,83 дана түптенуі, 8,7 см масақ ұзындығы, 17,9 дана масақтағы дән саны және 1000 дәннің массасы не бәрі 28,4 грамм деңгейінде қалыптасты. Бұл көрстекіштер күздік бидайды мақсары дақылынан соң егіп өсірген нұсқадан алынды. Демек құрғақшылық болған жылғы ең жақсы нәтиже - 15,0 ц/га күздік бидайды мақсары дақылынан соң тікелей егіп өсірген нұсқада қалыптасты, ал дәстүрлы технологиядан және топырақты жеңіл өңдеп өсірілген нұсқалардағы өнімділік тиісінше - 14,3 және 13,7 ц/га деңгейінде алынып, өнімділік көрсеткіші сәйкесінше 0,7 және 1,3 ц/га тікелей еккен нұсқадан төмен болды.

КОНКУРСТЫҚ СОРТСЫНАҚ КӨШЕТТІГІНДЕ АШЫҚ ТОПЫРАҚҚА АРНАЛҒАН ҚЫЗАНАҚТЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ СОРТТАРЫН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ

 Мақалада 2023-2024 жж. ашық танапқа арналған қызанақтын перспективті сорт үлгілерін әртүрлі мерзімдегі пісуі мен пайдалануын бағалау нәтижелері ұсынылған. Барлық зерттелген сорт үлгілер морфологиялық белгілері бойынша сипатталып, барлығына экономикалық құнды белгілеріне жан-жақты баға берілді. Үлгілерде  детерминантты бұталы түрлері болды, стандартты емес өсімдіктер түрлерімен сипатталды, габитусты көлем түрімен , жапырақ мөлшерімен, вегетациялық кезеңдердің ұзақтығымен, пісу кезеңі ұзақтығымен, өнімділік  және тауарлық өнімділігімен ерекшеленеді. Және де олар бір-бірінен жеміс белгілерінің жиынтығымен де ерекшеленеді: түсі, көлемі (ірі және орташа), пішіні (дөңгелек,  сопақ, сопақша), жемістің сабақтан бөлінген жерінде тыртықтың үлкен және кіші тереңдеуімен, камералары бойынша - 2-3 камералы және көп камералы. Зерттелген үлгілер жақсы өнімділігімен, аурудың негізгі түрлеріне салыстырмалы төзімділігімен және жоғары биохимиялық көрсеткіштерімен сипатталды. Бұл белгілердің барлығының теориялық және тәжірбиелік  маңызы бар. Жаңа  сортүлгілер  жалпы өнімділігі мен жеміс сапасы бойынша стандарттан асып түседі немесе бір деңгейде, пісу мерзімі әртүрлі, кейбіреулері мемлекеттік сорт сынауында, ал қалған сорт үлгілер болашақта жаңа сортқа  ұсынылады, сонымен қатар қызанақтарды одан әрі іріктеу үшін бастапқы материал ретінде қызмет ете алады.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ АЛМА АҒАШТАРЫН ВИРУСҚА RT-ПТР ӘДІСІМЕН МОЛЕКУЛАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛАУ

Дәнек жемісті дақылдарының вирустық аурулары Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің бау-бақшасына елеулі қауіп төндіреді, бұл екпелердің өнімділігі мен беріктігін төмендетеді. Бұл зерттеудің мақсаты кері транскрипция – нақты уақыттағы полимеразды тізбекті реакция (RT-ПТР, RT-qPCR) арқылы ең көп таралған Анар дақылдарының вирустарының кешенін анықтау болды. 2023-2024 жылдары Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында іріктелген алма мен алмұрттың 57 үлгісі зерттелді. Барлығы алты вирус сыналды: ApMV, ASGV, ApNMV, AGCaV, ARWV1 және ARWV2. Нәтижесінде үш вирус анықталды: ApMV (үлгілердің 18,3%), ASGV (12,4%) және ApNMV (9,7%). Agcav, ARWV1 және ARWV2 вирустары табылған жоқ. Ең көп инфекция "Апорт" және "Алтын дәмді" алма сорттарында байқалды, ал алмұртта вирустар сирек кездеседі. Алғаш рет Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде тұқым дақылдары вирустары кешенінің таралуы туралы жүйелі деректер ұсынылды, бұл отырғызу материалын сауықтыру және фитосанитариялық мониторингті ұйымдастыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу үшін практикалық маңызы бар.

ТОРАҢҒЫ (POPULUS DIVERISIFOLIA SCHRENK ) КӨШЕТТЕРІН КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ АККЛИМАТИЗАЦИЯЛАУ ЖАҒДАЙЛАРЫН ОПТИМАЛДАУ

Жұмыста Populus diverisifolia Schrenk түріндегі әртүрлі жапырақты терек көшеттерін in vitro микроклоналды көбейту әдісімен алынғаннан кейінгі акклиматизациялау нәтижелері ұсынылған. Стерильді ортадан жылыжай жағдайына көшірілген өсімдіктердің өсу көрсеткіштеріне, тіршілікке бейімділігіне және тамыр жүйесінің дамуына әртүрлі субстраттардың әсері зерттелді. Субстрат ретінде шымтезек пен құм, вермикулит, перлит және орман топырағының қоспалары пайдаланылды. Ең жоғары нәтижелер шымтезек пен орман топырағының 1:1 қатынасындағы қоспасын қолданғанда байқалды: 8 апта ішінде өсім 4,5 ± 0,3 см-ге жетіп, бейімделу деңгейі 92%-ды құрады. Бұл орман топырағының жоғары биологиялық белсенділігі мен теңгерімді минералдық құрамымен түсіндіріледі. Тамыр жүйесінің дамуы бейімделудің 8 аптасында бірқалыпты жүріп отырды: негізгі тамыр ұзындығы 5,8 ± 0,5 см-ге жетіп, жанама тамыр саны 8–12-ге дейін артты. Алынған деректер Populus diverisifolia Schrenk түрін микроклоналды көбейту және бейімдеуге арналған жағдайлардың тиімділігін дәлелдейді, бұл туғай ормандарды қалпына келтіру мен биологиялық әртүрлілікті сақтау ісінде практикалық маңызға ие. Зерттеу нәтижелері Қазақстан орман шаруашылығында биотехнологиялық әдістерді қолданудың келешегі зор екенін көрсетеді.

ӘР ТҮРЛІ АУРУЛАРҒА ТӨЗІМДІ БИДАЙДЫҢ ЖАҢА КӨЗДЕРІН ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ

Бидай селекциясы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, себебі бидай – әлемде ең кең тараған және ең сұранысқа ие дәнді дақылдардың бірі. Мақалада бидайдың селекциялық үлгілер коллекциясына агрономиялық, фитопатологиялық көрсеткіштер мен молекулалық-генетикалық скринингті қолдана отырып кешенді талдау жүргізілді. Негізгі белгілер жан-жақты сипатталды: масақтануға дейінгі күн саны (21–221 күн, негізінен орта мерзімді), өсімдіктің биіктігі (92–134 см), NDVI биомасса индексі (51–72,5), жоғары NDVI (>70) көрсеткен перспективті линиялары анықталды. Бидайдың сары тат ауруына төзімділігін бағалау нәтижесінде 7 иммунды және 5 орташа сезімтал желі анықталды, зерттелген үлгілердің шамамен 60%-ы пиренофороз қоздырғышына төзімді реакция көрсетті. Ауру дамуының ауданы бойынша (AUDPC) төзімділік деңгейлері топтастырылды: төзімді (AUDPC 400). Молекулалық скрининг барысында PtrToxA токсиніне төзімділікпен байланысқан рецессивті tsn1 гені 18 үлгілерде (52,94%) анықталды. Корреляциялық талдау агрономиялық белгілер мен ауруларға төзімділік арасындағы байланыстардың әлсіз екенін, басқа аурудың көрсеткіштерінің арасында күтілетін жоғары оң корреляциялар барын көрсетті. Статистикалық талдау көпшілік көрсеткіштердің айтарлықтай өзгермелілігін және экстремалды мәндердің болуын айқындады, бұл деректерді тұрақты әдістермен талдау қажеттігін растайды. Алынған нәтижелер селекциялық бағдарламаларда бидайдың перспективалы формаларын іріктеу үшін дәстүрлі және заманауи бағалау әдістерін тиімді үйлестірудің маңыздылығын көрсетеді.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗДЫҚ ҚАТТЫ БИДАЙДЫҢ КӘДІМГІ ТАМЫР ШІРІГІ АУРУЫНА (BIPOLARIS SOROKINIANA) АГРОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ

Бұл зерттеу Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық жағдайларында жаздық қатты бидайдың кәдімгі тамыр шірігіне шалдығуына әсер ететін факторларды кешенді түрде талдауға арналған. Жұмыста фитопатологиялық бағалаудың заманауи әдістері, соның ішінде далалық, зертханалық және молекулалық-генетикалық зерттеулерқолданылды. Далалық тәжірибелер 2024 жылы екі өңірде (Алматы және Ақтөбе облыстарында) үш факторлы схема бойынша жүргізілді: өсімдік дамуының фазалары, жұқтыру фоны (фунгицидті, инфекциялық, табиғи) және 14 бидай сорты мен желілері. Зерттеу жаздық қатты бидайдың кәдімгі тамыр шірігіне шалдығу деңгейіне арналған.

Зерттеу нәтижесінде өсімдіктің залалдану дәрежесі оның даму фазасына тікелей байланысты екені анықталды: аурудың таралуы (51,25%) және даму деңгейі (13,78%) ең жоғары көрсеткіштерге өнім жинау фазасында жеткен. Фунгицидтерді қолдану жоғары тиімділікті көрсетіп, залалдану деңгейі инфекциялық фонмен салыстырғанда 47%-ға төмендеген. Сорттардың ауруға төзімділік бойынша айтарлықтай айырмашылықтар байқалды: ең төменгі сезімталдық Гордейформе 254 (20%), Янтарная 160 (25,71%) және 248/245 линиясына (21,43%) тән болса, ең жоғары залалдану Серке (40,00%) және Янтарная 150 (37,14%) сорттарында тіркелді.

Аурудың өнімділікке кері әсері инфекциялық фон жағдайында анықталды, себебі бұл фонда сабақ ұзындығы 14,6%-ға, масақ ұзындығы 12%-ға, дән массасы 9,8%-ға төмендеді. Ең жоғары өнімділікті Каргала 69 (15,93 г), №512 (Л-3599; 15,93 Г) және №545 (Целинница; 15,33 г) сорттары сақтап қалды.Зерттеу нәтижелері ауруға төзімді сорттарды селекциялауда және жаздық қатты бидайды қорғау жүйесін әзірлеуде практикалық маңызға ие.

ҚИЯРДЫҢ (CUCUMIS SATIVUS L.) ПЕРОНОСПОРОЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫНА (PSEUDOPERONOSPORA CUBENSIS) ТӨЗІМДІЛІГІН МОЛЕКУЛАЛЫҚ-ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Пероноспороз (Pseudoperonospora cubensis) – ашық және қорғалған топырақ жағдайларында қиярға (Cucumis sativus L.) кең таралған және аса зиянды аурулардың бірі. Бұл ауру Қазақстанды қоса алғанда, қияр өсірілетін барлық негізгі аймақтарда кездеседі және өнімнің сапасы мен шығымын едәуір төмендетуі мүмкін. Қазіргі жағдайда пероноспороздан қорғанудың ең тиімді, экологиялық қауіпсіз әрі экономикалық жағынан тиімді тәсілі – патогенге генетикалық төзімділігі бар сорттар мен будандарды пайдалану.

Осы зерттеудің мақсаты – ПЦР-талдауы мен төзімділікке байланысты микросателлитті (SSR) маркерлерді қолдана отырып, пероноспорозға төзімді қияр үлгілерін молекулалық деңгейде сәйкестендіру болды. Зерттеуде қиярдың 35 селекциялық үлгісі талданды. SSR-маркерлерін қолдану арқылы төзімділіктің Dm5.1 және Dm5.3 QTL-аймақтарымен байланысы анықталды. Dm5.1 локусымен байланысты CAPs_ENK60 маркері 26 үлгіде (74,2 %) төзімділіктің болуын көрсетті. Dm5.3 аймағында орналасқан Dm5.3-SSR00772 маркері 32 үлгіде (91,4 %) төзімділікті растады.

Алынған нәтижелер молекулалық маркерлерді пероноспорозға төзімді қияр сорттарын селекциялауда тиімді пайдалануға болатынын көрсетеді. Айқындалған төзімді үлгілер болашақта жаңа төзімді сорттар мен будандарды жасауға бағытталған селекциялық бағдарламаларда үлкен қызығушылық тудырады.

ШАМПИНЬОННЫҢ (AGARICUS BISPORUS) ӨНІМДІЛІГІНЕ ЖАБЫН ҚАБАТЫНЫҢ ӘСЕРІ

Қазіргі кезде Қазақстанда саңырауқұлақ өсіру, оның ішінде шампиньон өсіру ісі қарқынды дамып келеді. Саңырауқұлақтарды өндіру үшін республикада айтарлықтай ресурстар мен шикізат базасы бар, оның ішінде ауыл шаруашылығы өндірісі мен тамақ өнеркәсібінің қайта өңдеу өнімдерінің қалдықтарынан тұрады. Алайда, шампиньон өндірісінің толық циклі үшін әлемдік тәжірибеде субстратқа жабын қабатын салу үшін сфагна шымтезегі қолданылады, бірақ Қазақстанда оның айтарлықтай қоры жоқ. Ресей мен Батыс Еуропа елдерінен импорт үлкен шығындарға әкеледі.

Біздің зерттеуіміздің мақсаты шымтезектің орнын баса алатын әртүрлі материалдарды сынау болды. Ең арзан сусымалы субстанциялар алынды. Ең перспективалы болып табылды тас көмір шлагы және керамзит үгіндісі, олардың қоры республикада іс жүзінде шектелмеген. Шампиньон өсіру үшін жабын материалы ретінде әртүрлі субстраттардың жарамдылығын зерттеу кезінде тас көмір шлагы мен керамзит үгіндісі қымбат тұратын сфагна шымтезегінің жақсы алмастырушысы болып табылады және Қазақстанда саңырауқұлақ өндірісінде қолданылуы мүмкін деген қорытынды жасауға болады Зерттеулер көрсеткендей, оларды дұрыс пайдаланғанда аудан бірлігінен саңырауқұлақ өнімі шымтезек пен бор қоспасынан тұратын жабын қабатынан кем болмайды.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СҰРЫПТЫҚ ЖАЗДЫҚ БИДАЙ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САПАСЫН ЖӘНЕ ӨНІМДІЛІГІНІҢ МЫРЫШ МӨЛШЕРІ БАҒАЛАУ

Астық сапасын арттыру, әсіресе тамақ өнеркәсібінің өсіп келе жатқан талаптарын ескере отырып, жаздық жұмсақ бидайды таңдаудың басымдылығы болып қала береді. Жақсартылған қасиеттері мен тұрақты технологиялық көрсеткіштері бар формаларды әзірлеу өзекті болып табылады, бұл биохимиялық белгілердің кең өзгергіштігі бар генетикалық ресурстарды пайдалануды талап етеді. 4-ші халықаралық CIMMYT питомнигінен (3-4 HZWYT және 14-15 HZWYT-EM) 127 жаздық бидай үлгілерін бағалау нәтижелері ұсынылған, олардың құрамында мырыш мөлшері жоғары ерте пісетін үлгілер бар. Далалық және зертханалық зерттеулер "ҚазЕӨШҒЗИ" ЖШС базасында жүргізілді және астық пен ұнның технологиялық көрсеткіштерін бағалауды қамтыды: ақуыз, глютен, шыны тәрізділігі. Қазақстанның жағдайына бейімделген селекциялық бағдарламаларға енгізу үшін ұсынылған, жоғары қасиеттері бар қоңыр және сары татқа төзімді 6 жоғары өнімді (≥ 55,0 ө/га) нысандар бөлінді.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КАРАНТИНДІ АРАМШӨПТЕРГЕ ҚАРСЫ ЗАМАНАУИ ГЕРБИЦИДТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Мақалада Қазақстанның оңтүстік-шығысында таралған карантиндік арамшөптерге қарсы заманауи гербицидтерді қолданудың тиімділігін анықтау мақсатында 2024-2025 жылдары жүргізілген зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Укекіре, ойраншөп және арамсояуға қарсы қазіргі заманғы гербицидтерді НАК-2024-004, в. р. (имазапир, 250 г/л), Глифошанс Супер, в. р. (глифосат (калий тұзы) 540 г/л) және Аристократ Супер, в. р. (глифосат (калий тұзы) 540 г/л) қолданудың биологиялық тиімділігін зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі заманғы гербицидтерді қолдану НАК-2024-004, в. р. (имазапир, 250 г/л) Глифошанс Супер, в. р. (глифосат (калий тұзы) 540 г/л) және Аристократ Супер, в. р. (глифосат (калий тұзы) 540 г/л) карантиндік арамшөптермен күресуде Укекіре, ойраншөп және арамсояуға қарсы қорғаудың химиялық әдісі ретінде өзінің тиімділігін растайды. НАК-2024-004 гербицидінің биологиялық тиімділігінің көрсеткіштері, в .р.. (имазапир, 250 г/л) укекіреге қарсы 2,5 л/га тұтыну нормасында бүкіл бақылау кезеңінің ағымы сәйкесінше 91,0-87,8%, Глифошанс супер гербициді, в. р. (глифосат (калий тұзы) 540 г/л) тұтыну нормасында 4 л/га карантиндік арамшөптерге қарсы укекіре, ойраншөп және арамсояуға сәйкесінше 93,1 және 92,9%, 92,7-100% және 98,0 – 98,8%, ал гербицид Аристократ Супер, в. р. (глифосат (калий тұзы) 540 г / л) - 92,8-91,8%, 93,9-98,7% және 98,0 – 98,8% құрады. Оларды карантиндік арамшөптерден қорғаудың кешенді жүйесінде қолдана отырып,  алдын алу және қорғау шараларын уақтылы жүргізу аурулардан болатын зиянды азайтуға және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл зерттеудің нәтижелері жергілікті шаруашылық жүргізуші субъектілерге әртүрлі карантиндік арамшөптерге қарсы тиімді қорғаныс жүйелерін құруда пайдалы болады.

СУ, ЖЕР ЖӘНЕ ОРМАН РЕСУРСТАРЫ

ҚАЗАҚСТАНДА СУ РЕСУРСТАРЫН ТҰРАҚТЫ БАСҚАРУ: СУЛЫ ҚАБАТТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІ БАСҚАРУ ӘЛЕУЕТІ

Зерттеудің мақсаты: Бұл зерттеу Қазақстандағы су ресурстарын тұрақты басқару үшін басқарылатын жер асты суын толықтыру (Managed Aquifer Recharge, MAR) технологияларын қолданудың мүмкіндігін бағалауға бағытталған.

Зерттеу әдістемесі: Зерттеу кеңістіктік модельдеу, гидрогеологиялық талдау және пилоттық учаскелерде эксперименттік сынақтарды қамтиды. Су айдау жұмыстарына тест жүргізіліп, жер асты суларының мониторингі жүзеге асырылып, сондай-ақ су қоймаларының гидрогеологиялық параметрлері зерттелді. Сүзгілеу қабілеті, өткізгіштік және су қабатының электрөткізгіштігі бағаланып, жер асты суын толықтыру тиімділігі анықталды.

Зерттеу нәтижелері: Зерттеу нәтижелері MAR технологиясының Қазақстандағы су балансының реттелуіне тиімді құрал бола алатынын дәлелдеді. Далалық сынақтар арқылы басқарылатын су қайта зарядтау әдісінің арқасында булану есебінен су шығынын азайтуға, табиғи сүзу арқылы судың сапасын жақсартуға және су тасқыны қаупін төмендетуге ықпал ететінін көрсетті.

Ғылыми жаңалығы: Бұл зерттеу – Қазақстандағы MAR технологиясын “су ресурстарын тұрақты басқару” контексінде алғашқы кешенді бағалауы болып табылады. Аймақтың климаттық және гидрогеологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жер асты суын толықтыру модельдері әзірленді. Зерттеу MAR технологияларын ұлттық су стратегияларына интеграциялау мүмкіндігін көрсетеді.

Практикалық маңыздылығы: Қазақстанда MAR технологиясын енгізу стратегиялық су қорларын құруға, ауыл шаруашылығының құрғақшылыққа төзімділігін арттыруға және су тасқынынан келетін шығындарды азайтуға көмектеседі. Зерттеу су ресурстарын басқару бойынша мемлекеттік бағдарламаларды дайындау және MAR технологияларын агроөнеркәсіптік секторға енгізу үшін ғылыми негіз береді.

ҚАРАӨЗЕК ӨЗЕНІ ИХТИОФАУНАСЫНЫҢ ТҮРЛІК ҚҰРАМЫ (СЫРДАРИЯ БАССЕЙНІ)

Алғышарттар мен мақсаты. Қараөзек өзені Сырдария бассейінде маңызы бар өзендердің бірі болып табылады. Соңғы жылдары Қараөзек өзені ихтиофанасының түрлік құрамын анықтау және қазіргі жағдайына баға беру мақсатында зерттеулер жүргізілді. Осыған байланысты Қараөзек өзенінің ихтиофаунасының қазіргі түрлік құрамын анықтап баға беру үлкен маңызға ие.

Материалдар және әдістер. Ихтиофауналық құрамын анықтау үшін өзенге ау құрылып, ауға түскен балықтардың түрлік құрамы анықталды, сонымен қатар балықтардың ұзындығы, салмағы және қоңдылығы анықталып баға берілді.

Нәтиже. Біз зерттеген өзеннің ихтиофаунасында балықтың 11 түрі кездесті: оның 7 түрі аборигенді және 4 түрі бөгде балық түрлері. Барлық ауланған балықтар 7 тұқымдасқа жатады: Cyprinidae, Leuciscidae, Acheilognathidae, Xenocyprididae, Gobionidae, Percidae, Gobiidae. Ауланған балықтардың ішінде ең көп таралған түрлері тұқылар тұқымдасына жатады. Қараөзек өзенінде ихтиофаунасында тіршілік ететін аборигенді балық түрлерінің үлесі бөгде балық түрлеріне жоғары және жалпы көлемінің 54,4% құрайды. Жұмыс нәтижелері бойынша Қараөзек өзенінің ихтиофаунасының түрлік құрамы анықталды және аборигенді түрлердің ихтиофауналық құрамының қазіргі жағдайына баға берілді.

Қорытынды. Алынған нәтижелер бойынша Қараөзек өзенінің суының гидрохимиялық көрсеткіштерінде қатты өзгерістер жоқ, судағы гидробионттардың және балықтардың тіршілік етуіне қауіп тудырмайды. Ихтиофаунасында аборигендік балықтардың түрлік құрамы сақталған, аборигенді балық түрлеріне бөгде балық түрлерінің қатты әсер етпейдігін көрсетті.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕР ҮСТІ СУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ

Мақалада Солтүстік Қазақстан облысының жер үсті су ресурстарының қазіргі жағдайы мен әлеуеті қарастырылады. Өңірдің өзендері мен көлдеріндегі судың саны мен сапасына бағалау жүргізілді, аудандар бойынша сумен қамтамасыз ету параметрлері анықталды. Есіл өзенінің гидрологиялық сипаттамаларына, соның ішінде ағынның жылдық таралуы мен су қоймаларының әсеріне ерекше назар аударылады. Ауыл шаруашылығы, сумен жабдықтау, рекреация және туризм қажеттіліктері үшін су ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері талданды. Сумен қамтамасыз етуді бағалаудың шартты шкаласы әзірленді және өңірдің су ресурстарын тиімді басқару бойынша шаралар ұсынылды. Өсіп келе жатқан су тапшылығы мен климаттық өзгерістер жағдайында су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау ерекше маңызға ие.

Осы мақала Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) су объектілерінің жай-күйін талдауға және орнықты даму контекстінде оларды басқарудың ғылыми негізделген тәсілдерін қалыптастыруға арналған. Өңірдің өзендерін, көлдерін және су қоймаларын түгендеу нәтижелері ұсынылды, су ресурстарының көлемі мен сапасы бағаланды, салалар бойынша суды пайдаланудың негізгі үрдістері анықталды. Аймақтың көлдерін геоморфологиялық және гидрохимиялық белгілері бойынша жіктеу жүргізілді, ағынның жылдық бөліну ерекшеліктері және гидротехникалық құрылыстардың гидрологиялық режимге әсері қарастырылды. Суды үнемдеу, суармалы егіншілікті дамыту, сондай-ақ шағын көлдерді сумен жабдықтау және балық аулау мақсатында пайдалану бойынша ұсыныстар ұсынылды. Ғылыми жаңалық кеңістіктік талдаудың заманауи әдістеріне сүйене отырып, СҚО су ресурстарын кешенді картографиялық және сандық бағалауда жатыр. Мақаланың нәтижелерін басқару органдары, ғылыми мекемелер және шаруашылық субъектілері Су шаруашылығы қызметі мен аумақтық дамуды жоспарлау кезінде пайдалана алады.

АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰРҒАҒАН ҰЛТАНЫНДА ГАЛОФИТТІ ӨСІМДІКТЕРДІҢ (NITRARIA SCHOBERI, CALLIGONUM CAPUT-MEDUSAE SCHRENK) ТҰҚЫМЫН ЖИНАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СЕБУ САПАСЫН АНЫҚТАУ

Бұл мақалада Қазақстандағы Арал өңірінің, яғни Қызылорда облысы бойынша галофитті жартылай бұталардың (Nitraria schoberi, Calligonum caput-medusae Schenk.) биологиялық және экологиялық ерекшеліктері туралы мәліметтер келтірілген. Шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, қажетті зерттеулерге шолу жасалып, тақырыптың көкейтестілігі, зерттеу әдістері анықталды. Өлкелік флораны сипаттайтын ғылыми әдебиеттер мәліметтерінің негізінде және далалық жұмыстар нәтижесінде Қызылорда облысы аймағында өсетін галофиттердің түрлерден (Nitraria schoberi, Calligonum caput-medusae Schenk.) тұқым жиналды. Шобер ақтікені (Nitraria schoberi) және Медуза бас жүзгін (Calligonum caput-medusae Schenk.) тұқымдарының сапасы мен өнгіштігіне талдау жасалды. Nitraria schoberi тұқымдарының өнгіштігін анықтау алдында температурасы 18-20°C болатын суға 2 тәулік бойы салынды. Зертханалық тексеру арқылы Арал теңізінің құрғаған ұлтанында жиналған Nitraria schoberi тұқымдарының өнгіштігін бағалау жүргізілді. Тұқымның өнуі бойынша оңтайлы температура мен ылғалдылық режимін сақтай отырып, Петри табақшаларында стандартты әдіспен бағаланды, өнгіштік 40% болды. Галофитті жартылай бұталардың басқа түрлерімен биологиялық және экологиялық ұқсастығына сүйене отырып, шартты түрде тұқым сапасын 1-ші класына жатқызуға болады. Бұл зерттелген тұқымдарды Арал өңірінің тұзды және құрғақ (аридті) ландшафттары жағдайында фитомелиорация және өсімдіктерді қалпына келтіру жұмыстарында пайдалану мүмкіндігін растайды. Calligonum caput-medusae Schrenk тұқымдары суға салынды, сосын эмбрион бойымен кесу арқылы тұқымдардың сапасы анықталды. Зертханалық тексеру барысында тұқым сапасы 71%-ды құрады. Қосымша тұқым үлгілері «Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығы» РМҚК-да зерттеліп, тұқым сапалылығы 63%-ды құрайтыны анықталды. Calligonum caput-medusae Schrenk тұқымының сапасы 63-71% аралығында өзгерді, осы көрсеткіш МЕСТ 13855-87 бойынша орта есеппен сапаның үшінші класына сәйкес келеді. Түрдің экологиялық-географиялық шығу тегі мен тұқым материалының табиғи гетерогенділігін ескере отырып, бұл көрсеткіштер құрғақ (аридті) экожүйелер жағдайында өсімдіктерді интродукциялау және қалпына келтіру мақсаттары үшін қанағаттанарлық болып саналады.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КӨШПЕЛІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЖЕРАСТЫ СУЛАРЫМЕН ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ СУЛАНДЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы құрғақ климат жағдайында жайылымдық мал шаруашылығын дамыту тікелей тұрақты сумен қамтудың болуына байланысты. Беткі сулармен салыстырғанда анағұрлым сенімді ресурс ретінде жерасты сулары мал мен қызмет көрсетуші персоналды ауыз сумен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

Бұл мақалада Жамбыл облысы аумағында жүргізілген гидрогеологиялық зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің мақсаты – жайылымдарды суландыру тұрғысынан жерасты суларының жай-күйі мен әлеуетін бағалау. Жер асты суларының сапасы, минералдануы және дебиті әртүрлі геологиялық жағдайларда – тау бөктері жазығы, құмды массивтер және тауаралық шұңқырларда талданды. Далалық зерттеулер барысында жұмыс істеп тұрған құдықтар мен ұңғымалардан су үлгілері алынып, су көздері картаға түсірілді, сондай-ақ су тарту инфрақұрылымының тозу деңгейі бағаланды.

Нәтижелер көрсеткендей, өңірде мал шаруашылығы қажеттіліктеріне жарамды тұщы және әлсіз тұзды жерасты суларының мол қоры бар. Сонымен қатар, сумен қамту инфрақұрылымының елеулі түрде тозғаны анықталды: көпшілігі жөндеуді қажет етеді, ал механикаландыру деңгейі төмен. Заманауи технологияларды енгізу мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту арқылы суару жүйесін жаңғыртуға бағытталған нақты шаралар ұсынылады. Мал шаруашылығын орнықты дамыту мақсатында жерасты су ресурстарын басқарудың тиімді тәсілдерін енгізудің қажеттілігі негізделген.

ТАРАЗ ҚАЛАСЫН, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ БАЙЗАҚ АУДАНДАРЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ ОҢТҮСТІК БӨЛІГІН ПАЙДАЛАНУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Тараз қаласын, Жамбыл облысы Жамбыл және Байзақ аудандарының өнеркәсіптік объектілері мен ауылдық елді мекендерін  шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Талас-Асын кен орнының оңтүстік бөлігінің жер асты суларын пайдаланудың табиғи-климаттық өзгерістерге, сондай-ақ Тараз өзенінің су тасқынына әсер ететін антропогендік проблемалық факторларына байланысты үлкен стратегиялық маңызы бар. Тәуелсіздік алғаннан бері Талас өзені осы зерттеу аймағында трансшекаралық болып саналады. Бұл жер асты суы кен орны Тараз қаласын және Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл аудандарының елді мекендерін шаруашылық-ауыз сумен және Тараз қаласының өнеркәсіптік нысандарын өнеркәсіптік және ауыз сумен қамтамасыз ету үшін барланған. Айта кету керек, жер асты суларының ТАМ (Оңтүстік бөлігі) Жамбыл облысындағы ең ірі кен орындарының бірі болып табылады. Кен орнының 2010 жылғы жер асты суларының пайдаланылатын қорларын қайта бағалауға сәйкес А+В+С1+С2 санаттары бойынша 25 жылдық пайдалану мерзіміне 502,5 мың м3/тәу мөлшерінде қор бекітілген. Кен орнының контурында орналасқан Жамбыл және Байзақ аудандарының негізгі жер қойнауын пайдаланушыларының және жақын орналасқан ауылдық елді мекендердің нақты тұтынуы жылына 42 564,9 мың м3 немесе 116,62 мың м3/тәу, бұл А+В өнеркәсіптік санаттары бойынша бекітілген пайдалануға болатын қорлардың 37,8% құрайды. Мақалада «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2018-2024 жылдарға арналған су тұтынуы бойынша егістік контуры шегінде орналасқан негізгі жер қойнауын пайдаланушылар үшін ресми деректері, ҚР Статистика агенттігінің облыстық елді мекендер тұрғындарының ресми деректері пайдаланылды. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің мәліметтері бойынша ауылдық елді мекендердің жан басына шаққандағы су сұранысы туралы мәліметтер ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009 Сумен жабдықтау, сыртқы желілер мен құрылыстар алынды. А+В өнеркәсіптік санаттары үшін жер асты суларының пайдалану қоры кен орындарының контурында жатқан Жамбыл және Байзақ аудандарының негізгі жер қойнауын пайдаланушылары мен жақын орналасқан ауылдық елді мекендердің нақты тұтынуынан 2,65 есе артық.

ШУ-ТАЛАС БАССЕЙНІНІҢ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ СУЛЫ ГОРИЗОНТТАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГ КЕЗІНДЕГІ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Шу-Талас трансшекаралық су бассейні Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралас аймақтарының ауыл шаруашылығы өндірісін, өнеркәсібін және халқын су ресурстарымен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Климаттың нашарлау салдарынан, құрғақшылықтың жиі болуы және су ағындарының біркелкі бөлінбеуі жағдайында су ресурстарына қысым күшейіп келеді, осының барлығы қазіргі заманғы басқару әдістерін енгізуді талап етеді. Ең перспективалы бағыттардың бірі – су мониторингінің дәлдігін, тиімділігін және ашықтығын арттыруға мүмкіндік беретін сандық технологияларды пайдалану. Мақалада кеңейтілген сандық құралдар, соның ішінде географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ) және сандық су балансын модельдеу қарастырылады. Ағын суларының таралуының ГАЖ картасын жасау тәжірибесіне ерекше назар аударылады, бұл бассейндегі кеңістіктік-уақыттық өзгерістерді визуалды бағалауға, сондай-ақ болжау модельдері мен сценарийлерді талдауға мүмкіндік береді. Трансшекаралық басқарудағы сандық трансформацияның әлеуетін шектейтін елдер арасындағы су деректерінің ашықтығы мен дәйектілігі мәселелері бөлек талданады. Бірыңғай сандық платформа құру және мониторинг стандарттарын үйлестіру бойынша ұсыныстар айтылды. Зерттеудің мақсаты – Шу және Талас өзендері бассейндеріндегі суды тұрақты пайдалану және тиімді трансшекаралық ынтымақтастықтың негізі ретінде су ресурстарын басқаруды кешенді сандықтандыру қажеттілігін негіздеу.

КЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЙМАҚТАРЫН ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП БАҚЫЛАУ

Глобалды климаттық өзгерістер мен су ресурстарының тапшылығы жағдайында ауыл шаруашылығын тиімді жүргізу үшін заманауи мониторинг технологияларын енгізу қажеттілігі артуда. Бұл мақала Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы аумақтарының жағдайын мониторингтеу үшін жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) және геоақпараттық жүйелерді (ГАЖ) қолдану мүмкіндіктерін талдауға арналады. Негізгі құрал ретінде NDVI (Нормаланған айырымды өсімдік индексі) индексі қолданылды, ол өсімдік жағдайын және агроценоздардың өнімділігін жедел бағалауға мүмкіндік береді. Соңғы жылдардағы вегетациялық кезеңдердегі спутник деректері негізінде ауыл шаруашылығы жерлерінің кеңістіктік және уақыттық өзгерістері анықталды, бұл тұрақты дамыған аймақтарды және қосымша назар аударуды қажет ететін проблемалық учаскелерді анықтауға мүмкіндік берді. Жұмыста NDVI таралуының тақырыптық карталары ұсынылған, вегетациялық белсенділіктің төмендеуіне әсер ететін факторлар, оның ішінде ауа райы жағдайлары, суару деңгейі және топырақтың деградациясы талданған. Алынған нәтижелер NDVI-дің агромониторингтегі жоғары ақпараттылығы мен практикалық құндылығын растайды және облыстың ауыл шаруашылығын басқару жүйесіне қашықтықтан әдістерді интеграциялау қажеттілігін көрсетеді. Ұсынылған тәсіл мемлекеттік органдарға, фермерлік шаруашылықтарға және ғылыми мекемелерге ауыл шаруашылығын қазіргі климаттық қиындықтарға бейімдеуге шешімдер қабылдауда пайдалы болуы мүмкін.

ШУ-САРЫСУ ОЙПАТЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ЛИТИЙЛІ ТҰЗДЫҚТАРЫНЫҢ ТҮЗУІНІҢ ГИДРОГЕОХИМИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақала жерасты суларынан литийді алу бойынша Қазақстанның перспективті аймақтарының бірі Шу-Сарысу ойпаты шегінде құрамында литий болатын тұзды ерітінділердің пайда болуының гидрогеохимиялық жағдайларын зерттеуге арналған. Тұзды ерітінділердің химиялық құрамын, минералдануын, иондық қатынасын және аумақтың гидрогеологиялық құрылымын талдау негізінде литийдің жинақталуына әсер ететін негізгі факторлар анықталды. 140-тан 272 г/л-ге дейін минералданған тұзды ерітінділердің таралу аймақтары мен гидрогеохимиялық аймақтары анықталды. Тұзды ерітінділердің химиялық құрамы негізінен III-b типті кальций-натрий хлоридті, сирек магний-натрий хлоридті және III-а типті натрий болып табылды. Жерасты суларында литийдің шоғырлануында және геохимиялық кедергілердің пайда болуында тектоникалық, климаттық және литофациялық жағдайлардың рөлі анықталды. Әртүрлі горизонттағы тұзды ерітінділердің құрамына салыстырмалы талдау жүргізіліп, олардың эволюциясы мен минералдану дәрежесіне баға берілді. Микрокомпоненттердің ішінде тұзды ерітінділерде 680,5-тен 1648,2 мг/л дейін стронций; литий 24,46-дан 55,11 мг/л дейін; рубидий 4,3-тен 8,4 мг/л дейін; цезий 0,31-ден 0,41 мг/л дейін анықталды. Алынған нәтижелер литогенездің механизмдерін нақтылауға және аймақтың литийлі ресурстарын одан әрі барлау мен ұтымды игерудің перспективалық бағыттарын негіздеуге мүмкіндік береді.       

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУ ЕТЕГІ ЖАЗЫҚТЫҒЫНДАҒЫ ТҰЗДАНҒАН ЖЕРЛЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-МЕЛИОРАТИВТІК ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІН ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ КЕЗІНДЕ ОЛАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ ДЕГРАДАЦИЯЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мақалада Алматы облысының тау етегі жазығында бұрын шабындық және жайылымдық алқаптардың құрамында болған суармалы егістік жерлердің тұзданған топырақтарының химиялық құрамын зерттеу нәтижелері берілген. Мұнда шаруақожалықтар аумағында суару мен ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясының бұзылуы, өсімдіктердің тамыр аймағына тұзды ерітіндінің көтерілуіне себеп болды, осылайша топырақтың екінші реттік сортаңдануды туғызды. Зерттеулер көрсеткендей, сортаң-кебір топыраққа айналған солтүстіктің ашық шалғынды сұр топырақтар хлоридті-сульфатты тұздану типімен және сіңірілген натриймен бүкіл кескіннің кебірленуімен ерекшеленді. Кескіннің ортаңғы бөлігіндегі тұздардың мөлшері ≥1,5% асты. Жоғарғы қабаттағы басымдықты сульфат ионының концентрациясы 13,75 мг-экв болды, ал тереңдеген сайын 19,50 мг-экв дейін өсті. Топырақ содалы тұзданбаған, оны карбонат пен бикарбонат иондарының болмауы және аздығы дәлелдейді. Сіңірілген негіздердің құрамында алмаспалы натрий басым, оның үлесі катион алмасу сыйымдылығынан 34,0-ден 40,5%-ға дейін жеткен. Алынған деректер уақытша суармалы жерлердің антропогендік деградацияға ұшыраған тұзданған жерлердің жағдайын көрсетуімен құнды, ол жерлер жерүсті және ғарыштық әдістер мен тәсілдер негізінде әрі қарай кешенді зерттеуді қажет етеді.

БҰЙРАТАУ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРК АУМАҒЫНДАҒЫ ЖҰПТҰЯҚТЫЛАР САНЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ

Жұптұяқтылар - табиғаттың маңызды элементтерiнiң бiрi. Әртүрлi аңшылық жануарларының қорлары елiмiздiң табиғат ресурстарының бөлiгiн құрайды. Сондықтан, жабайы жануарларды қорғаудың маңызы зор. Зерттеудің негізгі  мақсаты Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында жұптұяқтылардың таралуын қыс уақытында бақылауға алып, есепке алу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Далалық зерттеу жұмыстары Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи парк территориясында 2023-2024 жж. аралығында жүргізілді. Жабайы жануарлардың қазіргі жағдайы мен таралуы, сандық динамикасы қарастырылған. Далалық зерттеу жұмыстарымызда қысқы маршруттық есепке алу, фототұзақтар орнату, сауалнама алу, көзбен шолу əдістері қолданылды.

Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында жұптұяқтыларды бақылау кезінде есепке алу қыс мезгілінде жүргізілді. Қысқы маршруттық санақ кезінде  2024 ж. санақ бойынша жануарлардың саны 1532 дана басты құрады. Парк территориясында жануарлардың мекендеу ортасы қайыңды-көктеректі ағаштар өсетін ормандар. Сонымен қатар, орманды алқаптарда және қосымша азықтанатын науалар жанында жануарлардың белсенділігі орнатылған фототұзақтар арқылы байқалды. Жүргізілген ғылыми далалық зерттеудің нәтижесінде жұптұяқтылардың көптеген ерекше биологиялық қасиеттері мен санының динамикасын анықтауға мүмкіндік туды. Зерттеу нәтижесінде жұптұяқтылардың жыныстық және жастық құрылымы есепке алынды және олардың саны анықталды.

ҚҰС ФАБРИКАЛАРЫНЫҢ АҒЫНДЫ СУЛАРЫН ХИМИЯЛЫҚ ФЛОТАЦИЯЛАУ ӘДІСІМЕН ТАЗАРТУ ПРОЦЕСТЕРІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ

Құс шаруашылығы ауқымының өсуі жағдайында құс фабрикаларында пайда болатын ағынды суларды тиімді тазартудың өзектілігі артып келеді. Бұл ағынды сулар органикалық және бейорганикалық ластаушы заттардың жоғары концентрациясымен ерекшеленеді, олардың ішінде майлар, тоқтатылған заттар, азот және фосфор қосылыстары, сондай-ақ дезинфекциялық заттардың қалдықтары бар [1]. Бұл мақалада ағынды суларды одан әрі өңдеу немесе қайта пайдалану алдында алдын ала тазарту үшін коагулянт (темір (III) хлориді) және флокулянт (Praestol 2540) қолданылатын химиялық флотация әдісін пайдалану қарастырылады.
Зертханалық сынақтар жүргізілді, оның барысында реагенттердің оңтайлы мөлшерлері анықталды: 300 г/м³ коагулянт және 5 г/м³ флокулянт.
Нәтижелер технологияның жоғары тиімділігін көрсетті: суспензияланған заттардың концентрациясы – 96,64%-ға дейін, ОХТ және ОБТ5 – 89%-ға дейін, фосфор – 96%-ға дейін, ал беттік белсенді заттар – 89%-ға дейін төмендеді.
Коагулянт мөлшерінің жоғарылауы әрдайым тазарту сапасының жақсаруына әкелмейтіні анықталды. Зертханалық сынақтар нәтижесінде реагенттердің оңтайлы дозалары айқындалды: коагулянт – 300 г/м³, флокулянт – 5 г/м³. Нәтижелер технологияның жоғары тиімділігін көрсетті: суспензияланған заттардың концентрациясы 96,64% - ға дейін, ОХТ және ОБТ5 - 89%-ға дейін, фосфорды - 96% - ға дейін, ал беттік белсенді заттарды-89% - ға дейін төмендеген. Коагулянт мөлшерінің жоғарылауы әрдайым тазарту сапасының жақсаруына әкелмейтіні анықталды.

Техникалық аспектілермен қатар, тазартылған суды қайта пайдаланудың экономикалық тиімділігіне есеп жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша тәулігіне 400 м³ көлеміндегі техникалық суды қайталай пайдалану шамамен 88 000 теңге мөлшерінде күнделікті таза экономикалық тиімділікті қамтамасыз етеді, бұл айына 2,64 млн теңгеге тең. Химиялық флотацияны қолдану тек қана тиімді технологиялық шешім ретінде емес, сонымен қатар су тапшылығы тән Қазақстан өңірлерінде тұрақты су пайдалануды қамтамасыз етудің экономикалық тұрғыдан ұтымды тетігі ретінде бағаланады.

«КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІ» ҰЛТТЫҚ ПАРКІНДЕ ӨСЕТІН HIPPOPHAE RHAMNOIDES ӨСІМДІГІНІҢ ПИГМЕНТТІК ҚҰРАМЫНЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЖӘНЕ МОРФОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Hippophae rhamnoides L. (шырғанақ) — Elaeagnaceae тұқымдасына жататын, Қазақстан аумағында кең таралған реликті және жоғары бейімделгіштік қасиеттерге ие өсімдік түрі. Ол негізінен тау бөктерлерінде, өзен аңғарларында, жартасты беткейлерде және өзен-көл маңдарында кездеседі. Бұл зерттеуде мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағындағы әртүрлі тау учаскелерінде өсетін Hippophae rhamnoides жапырақтарындағы хлорофилл-a және хлорофилл-b пигменттерінің мөлшері анықталып, олардың жыныстық ерекшеліктеріне байланысты өзгерістері қарастырылды. Өсімдіктің аталық және аналық дарақтарындағы пигмент мөлшерінің айырмашылықтары көрсетіліп, жеке даралар арасындағы көрсеткіштердің вариация деңгейі зерттелді. Аталық дарақтардың жапырақтарында хлорофилл-a және хлорофилл-b мөлшері жоғары әрі тұрақты болып, аналық дарақтарда бұл көрсеткіштің сәл төмен және ауытқымалы болатыны анықталды. Әр түрлі учаскелерде тіркелген пигмент мөлшерінің шамалас деңгейде болуы шырғанақтың тау экожүйелерінің жағдайына жақсы бейімделетінін дәлелдейді. Хлорофилл-a мен хлорофилл-b мөлшерінің бірдей деңгейде сақталуы өсімдіктің фотосинтетикалық аппаратының үйлесімді жұмыс істейтінін және жарықты сіңіру мен энергияға айналдыру процестерінің тиімді жүретінін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері шырғанақтың жыныстық ерекшеліктеріне байланысты физиологиялық күйін анықтауға және биік таулы экожүйелер жағдайында бейімделу механизмдерін түсіндіруге маңызды мәліметтер береді.

ЖЕР РЕСУРСТАРЫН МОНИТОРИНГТЕУ КЕЗІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ

Мақалада жер ресурстарын мониторингтеу мен картографиялау мақсатында инновациялық технологияларды (ұшқышсыз ұшу аппараттары – ҰҰА) практикалық қолдану мәселелері қарастырылып, негіздемесі берілген. Ауыл шаруашылығын картографиялау үшін мәлімет көздерінің заманауи және келешектегі түрлері туралы көзқарастар ұсынылып, әртүрлі бағыттағы карталарды жасау үшін бастапқы материалдар мен картографиялық құжаттарды іріктеу мысалдары келтірілген. Сондай-ақ, біртұтас электрондық картографиялық негіз, Жерді қашықтықтан зондтау деректері және ұшқышсыз ұшу аппараттары бойынша мәліметтерді дайындау қарастырылған.

Жүргізілген ғылыми жұмыстар нәтижесінде төмендегілер зерттеліп, жетілдірілді:

– республикада және шетелде ауыл шаруашылық кешендерін картографиялау тәжірибесі мен әдістемесі;

– ҰҰА деректері негізінде ауыл шаруашылық нысандарын геоақпараттық картографиялау әдістемесі мен технологиясы.

Кооперативтік және үй маңындағы шаруашылықтардың жерлерін мониторингтеу және цифрлық картографиялау технологиялық схемасы әзірленіп, қашықтықтан зондтау деректері негізінде олардың үшөлшемді моделін құру әдістемесі жасалды. Фермерлік және кооперативтік шаруашылықтардың жерлеріне арналған геоақпараттық карталарды жасау әдістемесі ауыл шаруашылығын жоспарлау мен ұқсас жағдайлардағы басқа республикаларда жер пайдалануды ұйымдастыру кезінде пайдалануға болады. Сондай-ақ зерттеу нәтижелері ғылыми ұйымдардың зерттеу жұмыстарына, магистранттар мен докторанттардың диссертациялық зерттеулерінде, университеттің оқу процесінде қолданыс табады.

 

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨСІМДІК ЖАБЫНЫ ДИНАМИКАСЫН ТАЛДАУ: NDVI ЖӘНЕ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ

Бұл мақалада Алматы облысының өсімдік жабыны динамикасын зерттеу үшін геоақпараттық технологиялар мен Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану қарастырылады. Зерттеудің негізгі бөлігі Sentinel-2 спутниктік суреттеріне негізделген NDVI индексін қолданып, 2015, 2020 және 2023 жылдардағы өсімдік жабынының жағдайы мен өзгерістерін бағалауға арналды. Әдістемелік схемаға деректерді алдын ала өңдеу, вегетациялық индексті есептеу, аумақтарды өнімділік деңгейлері бойынша жіктеу, сондай-ақ QGIS және ArcGIS орталарында нәтижелерді картографиялық бейнелеу кірді. Жүргізілген талдау жоғары NDVI көрсеткіштері бар жерлердің азайғанын және төмен мәнді аумақтардың артқанын көрсетті, бұл өңірдегі ауыл шаруашылығы жерлерінің деградациялық үрдістерін айқындайды. Алынған нәтижелер өсімдік жабыны динамикасының кеңістіктік ерекшеліктерін неғұрлым егжей-тегжейлі бағалауға, экологиялық қауіп аймақтарын анықтауға және қалпына келтіру әлеуеті бар аумақтарды белгілеуге мүмкіндік береді. Зерттеу NDVI және ГАТ-технологияларын жер ресурстарын тұрақты басқару саласында мониторинг жүргізу мен басқарушылық шешімдер қабылдау үшін пайдаланудың маңыздылығын растайды.

ЕГІСТІККЕ ЖАРАМДЫ ЖЕРЛЕРДІҢ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

Ауыл шаруашылығы алқаптарына түсетін қысымның артуы мен топырақ құнарлылығының төмендеуі жағдайында егістікке жарамды жерлерді ұтымды пайдалану аграрлық саясаттың басым бағытына айналуда. Зерттеудің мақсаты – Ақмола облысының Есіл ауданы аумағында егістікке жарамдылықты бағалау үшін геоақпараттық модель әзірлеу. Бастапқы деректер ретінде Landsat-8 спутниктік суреттері, сандық бедер үлгісі (SRTM), климаттық параметрлер (CRU) және топырақ сипаттамалары (HWSD) пайдаланылды. Зерттеу әдіснамасы иерархиялық талдау әдісін (AHP), агроэкологиялық аудандастыруды және жерлерді FAO шкаласы бойынша жіктеуді қамтыды. Нәтижесінде аудан аумағының 82 %-ы орташа жарамды (S2), 15 %-ы төмен жарамды (S3), ал 3 %-ы жарамсыз (N) санатына жататыны анықталды. Жоғары жарамды (S1) жерлер анықталмады. Интегралды жарамдылық картасы агроэкономикалық тұрғыдан әлеуетті учаскелердің кеңістіктік бөлінісін көрсетеді. Зерттеудің практикалық маңызы – жерді ұтымды пайдалану, субсидиялау және пайдаланылмай жатқан жерлерді игерудің тиімділігін бағалау саласында шешім қабылдауға арналған ғылыми негіз қалыптастыру. Әзірленген геоақпараттық модель ауыл шаруашылығы өндірісін жоспарлау, мелиорациялық іс-шараларды жүзеге асыру барысында шешім қабылдауды қолдау құралы ретінде қолданылып, Қазақстанның басқа аграрлық аймақтарына да бейімделуі мүмкін.

ҮЛБІ ӨЗЕНІНІҢ БАССЕЙНІНДЕ СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУІП-ҚАТЕРІН ГЕОАҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ КӨПКРИТЕРИЙЛІ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗІНДЕ БАҒАЛАУ

Климаттың өзгеруі және экстремалды ауа райы құбылыстарының жиілеуі жағдайында су тасқынының қаупін бағалау мәселесі бүкіл әлемде ерекше маңызға ие болуда. Су тасқындары, әсіресе таулы және жағалау аймақтарда, жыл сайын адамдардың құрбан болуына, инфрақұрылымның бұзылуына және айтарлықтай экономикалық шығындардың пайда болуына кері әсерін тигізеді. Қазақстанда, атап айтқанда шығыс өңірлерінде, құрғақшылықпен қатар, су тасқындары да жойқын табиғи құбылыстардың біріне айналып, көктемгі қар суы мен қарқынды жауын-шашын әсерінен қаупі арттады. Шығыс Қазақстанның таулы аумақтары арқылы ағатын Үлбі өзенінің күрделі геоморфологиялық құрылымы және жоғары су жинау белсенділігі алабының кенеттен болатын тасқындарға осал етеді. Осыған байланысты су тасқыны болуы мүмкін ықтимал аймақтарын кеңістіктік талдау мен модельдеу заманауи геоақпараттық әдістерді қолдану қажеттілігін айқындайды.
Алғаш рет аймақтық деңгейде Үлбі өзені алабында су тасқынының қаупін кешенді геоақпараттық модельдеу ArcGIS ортасында жерді қашықтан зондтау, көп критерийлі талдау (MCDA) және салмақталған қабаттау (Weighted Overlay) әдістері негізінде жүргізілді. Зерттеудің жаңалығы – кеңістіктік ажыратымдылығы жоғары деректердің негізінде жергілікті геоморфологиялық және климаттық ерекшеліктерді ескеретін интегралды тәуекелді бағалау моделін бейімдеу. Кіріс деректері ретінде жер бедерінің сандық үлгісі, жер бедерінің еңістігі, жауын-шашынның кеңістіктік таралуы (TerraClimate), жер пайдалану түрлері картасы (LULC) және су арналарына дейінгі евклидтік қашықтық қолданылды. Баяндалған критерийлердің әрқайсысы су басу ықтималдығына әсер ету дәрежесіне байланысты тәуекелдің бес санатына бөлініп, 2-ден 10-ға дейінгі шамадағы, атап айтқанда ойпаң, жайпақ еңіс, ылғалдылығы жоғары және су көздеріне жақын аймақтарының мәндері берілді. Кеңістіктік қабаттар салмақталған қабаттау әдісі арқылы нормаланып, біріктірілді. Модельдеу нәтижесінде Үлбі алабы бойынша алғаш рет су тасқыны қаупінің кеңістіктік таралуының егжей-тегжейлі картасы жасалып, соның негізінде су жиналатын аумақ шегінде осал аймақтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Ұсынылған әдістеме ғылыми және қолданбалы маңыздылығын айқындайтын Орталық Азияның таулы аумақтары үшін репрезентативті модель ретінде қолдануға жарамды. Мақалада қарастырылған әдіс-тәсілдер халықаралық зерттеулермен негізделген және бақылау деректері шектеулі жағдайда жоғары қолданбалы тиімділікті көрсетті.

ШУ АУДАНЫНДАҒЫ СУ АЙДЫНДАРДЫҢ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН СУ САПАСЫ

Мақалада Жамбыл облысы, Шу ауданында орналасқан Тасөткел су қоймасы мен Ақсу, Ақша көлдерінің гидрохимиялық және гидрологиялық жағдайларының зерттеу нәтижелері келтірілген. Аталған су айдындары өңірдің су ресурстарын сақтау, ауыл шаруашылығы қажеттіліктерін қамтамасыз ету және экожүйелік тұрақтылықты қолдау тұрғысынан маңызды рөл атқарады.

Зерттеудің мақсаты – Жамбыл облысы Шу ауданындағы зерттелген үш су айдындарының гидрохимиялық көрсеткіштерін кешенді талдау және олардың гидрологиялық жағдайы мен су организмдері үшін жарамдылығын бағалау.

Далалық зерттеулер мен сынамаларды іріктеу 2024 жылдың сәуір айында географиялық және маусымдық факторлар ескеріле отырып жүргізілді. Жүргізілген далалық жұмыстар кезінде су температурасы, рН, судағы еріген оттегі және оттегінің химиялық тұтынуы (ОХТ) анықталды. Зертханалық жағдайда судағы биогендік элементтер, органолептикалық қасиеттер мен минералдану деңгейі талданды. Су айдындарының қоректену ерекшеліктері мен географиялық орналасуына байланысты түсі, мөлдірлігі және жекелеген иондар мен биогендік элементтердің концентрациялары бойынша айырмашылықтар анықталды. Зерттеу нәтижелері судың тұщы және минералдану деңгейі төмен екенін көрсетті. Су сапасының негізгі көрсеткіштері балық шаруашылығына қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Алынған мәліметтер тұрақты мониторинг пен су ресурстарын тиімді басқару үшін негіз бола алады.

ӨЗЕН БАССЕЙНДЕРІНІҢ СУ ЖИНАУ АЛАБЫНЫҢ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ-РЕСУРСТЫҚ ӘЛЕУЕТІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ

Бұл жұмыста модельдеуді, талдауды, синтездеуді және бағалауды қамтитын ғылыми танымның материалистік теориясының негізінде өзен бассейндерінің су жинау аумағының ирригациялық-ресурстық әлеуетін бағалаудың теориялық және әдіснамалық аспектілері ғылыми негізделген. Зерттеудің мақсаты кешенді бағалауға әдістемелік тәсілді әзірлеу арқылы аумақтың табиғи-ресурстық әлеуеті жүйесіндегі ирригациялық-ресурстық әлеуеттің орнын анықтау болып табылады. И.В.Орлова әзірлеген тәсілді талдау негізінде және табиғи жүйелер ішінде болып жатқан процестер мен геоэкологиялық шектеулерді ескере келе ирригациялық-ресурстық әлеует өзара байланысты компоненттер арқылы ұсынылған: су-ирригациялық, жер-ирригациялық, техникалық-ирригациялық, экономикалық-ирригациялық және ассимиляциялық әлеует. Модельдеу және сандық бағалау үшін Харрингтонның қалаулылық функциясы қолданылады, ол әртүрлі өлшемдегі факторларды және өзгермелі айнымалылардың мәндер диапазонын қолдана отырып модельдеуге мүмкіндік береді. Бірыңғай талдау және болжау алгоритмдерінің болмауы жаңа математикалық модельдерді құру қажеттілігін тудырады. Ұсынылған әдістемелік тәсіл ирригациялық-ресурстық әлеуетті дәлірек бағалауды қамтамасыз етеді, бұл әсіресе табиғатты тұрақты пайдалану және су жинау алаптарын басқару тиімділігін арттыру жағдайында өзекті.

ӨЗЕНДЕРГЕ ТҮСЕТІН АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕРДІ БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІН ТАЛДАУ

Мақала су ағындарына түсетін антропогендік жүктемені бағалаудың заманауи әдіснамалық тәсілдерін талдауға арналған, сонымен қатар шағын өзен экожүйелерінің әртүрлі техногендік ықпалдарға осалдылығына ерекше назар аударылған. Гидроэкологиялық мониторинг тәжірибесінде қолданылатын индикаторлық, индекстік, баланстық-массалық, биоиндикациялық, геоақпараттық және модельдік тәсілдер қарастырылған. Олардың артықшылықтары, шектеулері және аймақтық жағдайларға бейімдеу мүмкіндіктері сипатталған. Алматы облысының шағын өзендерінің жағдайын климаттық өзгергіштік пен артып келе жатқан антропогендік қысым жағдайында бағалау үшін біріктірілген әдістерді қолданудың мақсатқа сай екендігі негізделген. Қосымша түрде жүйелік тәсілді қолдану тек су нысандарының ағымдағы жағдайын ғана емес, сонымен қатар шаруашылық қызметінің ықпалымен болатын өзгерістердің үрдістерін анықтауға мүмкіндік беретіні көрсетілген. Мұндай талдау экожүйелердің деградация қаупін болжауға және алдын алу шараларын әзірлеуге ғылыми негіз береді. Шағын өзендерге антропогендік әсерді кешенді бағалау экологиялық мониторингті жетілдірудің, табиғатты қорғау шараларын әзірлеудің және тиімді су пайдалану стратегияларын негіздеудің маңызды құралы болып табылады. Алынған қорытындылар шағын су ағындарын қорғау мен су пайдалану бойынша тұрақты стратегияларды қалыптастыруға, сондай-ақ климаттық өзгерістер жағдайында аймақтық және ұлттық бейімделу бағдарламаларын жасауға негіз бола алады.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ СУАРУ КӨЗДЕРІ МЕН СУАРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

Мақалада Алматы облысындағы Шелек - Шамалған арасындағы аймақта орналасқан суару көздері мен суару жүйелерінің қазіргі жағдайы қарастырлды.
Негізгі назар аймақтың гидрографиялық және су шаруашылығы сипаттамаларына, соның ішінде су ресурстарын қайта бөлу процесінде Бартогай су қоймасы мен Үлкен Алматы каналының (ҮАК) рөліне аударылған. Оңтайлы суару әдістері, инженерлік инфрақұрылымның жағдайы, суармалы жерлердің көлемі және суару жүйелерінің пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) талданған. Сонымен қатар, өңірдің су ресурстарын қалыптастыратын тоғыз ірі тау өзенінің көпжылдық ағыны ескеріліп, әкімшілік аудандар арасындағы су бөлудің ерекшеліктері көрсетілген. Мақалада ауыл шаруашылығын орнықты дамыту үшін су ресурстарын кешенді басқарудың маңыздылығы атап өтіледі.

ШЕЛЕК ӨЗЕНІНІҢ ГИДРОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ТАЛДАУ

Бұл жұмыста Іле Алатауының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі ең ірі су ағындарының бірі болып табылатын Шелек өзенінің гидрографиялық және гидрологиялық сипаттамалары ұсынылады. Көпжылдық бақылау деректері негізінде өзеннің су ағынына талдау жүргізілді, оның ішінде корреляциялық әдістерді пайдалана отырып деректердегі жетіспеушіліктерді қалпына келтіріліп, олардың репрезентативтілігі тексерілді. Орташа көпжылдық су ағыны 41,8 м³/с деңгейінде анықталды, бақылау қателігі 2–8% аралығында. Ағын режимінде стационарлық емес белгілер тіркелді, бұл көрсеткіштер жылдар бойынша айтарлықтай ауытқулармен, кей жылдарда өте төмен мәндермен сипатталады. Осы ауытқуларға қарамастан, стационарлық тұжырымдамасын қолдану су шаруашылығын жоспарлау аясында орынды деп есептеледі. Зерттеу нәтижелері су ресурстарын одан әрі модельдеу, ирригациялық әлеуетті бағалау және климаттық өзгерістер жағдайында бейімделу стратегияларын әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

ТЕХНОГЕНДІК ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ӘСЕРІ ЖАҒДАЙЫНДА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЛҚАПТАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі экологиялық жағдай біршама оң өзгерістерге қарамастан, қолайсыз күйінде қалып отыр. Соңғы жылдары жердің құнарлылығына ерекше назар аударылып, мелиорация шараларын қолданбай-ақ аса құнды ауыл шаруашылығы алқаптары алаңының қысқаруының тұрақты тенденциясы байқалуда. Мақалада өнеркәсіптік және көліктік белсенділіктің өсуіне байланысты соңғы жылдары өсіп келе жатқан техногендік факторлардың әсерінен Алматы облысындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің қазіргі жағдайы талданады. Бұл мақаланың мақсаты жер сапасының өзгеруінің ауқымы мен сипатын анықтау, антропогендік жүктеменің аймақтың агроэкожүйесіне әсерін бағалау және жағымсыз салдарларды барынша азайту жолдарын ұсыну болып табылады. Мақалада келесі әдістер қолданылады: монографиялық және статистикалық мәліметтерді өңдеу. Алынған нәтижелер топырақтың тұздану, ауыр металдармен ластану проблемаларының артқанын және топырақтың биологиялық белсенділігінің төмендеуін көрсетеді. Өнеркәсіптік кластерлер мен магистральдық көлік дәліздеріне жақын аймақтар әсіресе тозуға бейім. Қорытындылай келе, өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жер саясатын түзету, жерді тұрақты пайдалану технологияларын енгізу және ведомствоаралық экологиялық бақылауды күшейту қажеттігі туралы қорытындылар берілді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕХАНИКАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРЛЕНДІРУ

КІШІ ШАРУАШЫЛЫҚТАРДА КОРМ ҚҰРАМЫН ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИ-ЯСЫН АҚТАРУ

Жануарларды бағумен айналысатын шаруашылықтардың көпшілігі (71-82%) 50 мен 100 бас ірі қара мал және 500-ге дейін қой ұстауды құрайды. Шағын шаруашылықтарда азықтандыру тиімділігін арттыру мақсатында 3,0 м³ көлеміндегі бункері бар дозатор-араластырғыш, азық және дәнді азық ұнтақтағыштармен жабдықталған мобильді мини-корм зауыты ұсынылады. Бұл зерттеудің жаңалығы – азық дайындау мен тарату процестерін біріктіретін мобильді қондырғының әзірленуі, бұл ұнтақтау және араластыруға арналған жеке жабдықтардың қажетсіздігін жояды. Қазіргі таңдағы азық дозаторлары мен араластырғыштарымен салыстырғанда мини-корм зауытының қолданылуы шөпті тасымалдау мен жүктеу операцияларын жояды, жалпы операциялардың санын 40%-ға, операциялық шығындарды 1,5 есеге, ал капиталды салымдарды 3 есеге төмендетеді. Сонымен қатар, шаруашылықтарда стационарлық азық ұнтақтағыштар мен қосымша азық қондырғыларын қажет етпейді, бұл технологияны әмбебап етеді. Бұл зерттеу мини-корм зауытының конструкциясы, экономикалық пайдасы мен технологиялық жаңалықтарына жан-жақты талдау жасап, оны шағын мал шаруашылықтарында қолданудың мүмкіндігін көрсетеді. 

ЖЕМІС АҒАШТАРЫНЫҢ ДІҢІ АЙМАҒЫН ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН ТІК-РОТОРЛЫҚ ФРЕЗАНЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН НЕГІЗДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Дәстүрлі ауылшаруашылық құралдары (дискілі тырмалар, көлденең осьті қопсытқыштар) арамшөптерді толығымен жоймайды, өсімдік қалдықтарымен бітеліп қалады, өсімдіктердің тамыр жүйесін зақымдайды, бұл жазда су және жел эрозиясының дамуына және қыста тамырлардың қатуына ықпал етеді.

Соңғы жылдары топырақ өңдеуге арналған тік айналмалы білігі бар машиналарға көбірек көңіл бөлінуде, олар жоғарыда аталған кемшіліктерге бейім емес.

Жұмыстың мақсаты – жеміс ағашы діңі аймағын өңдеу барысында, құрал мен өңдеу нысаны өзара соқтығысып, зақымдану ықтималдығын болдырмау мақсатында, жеміс ағашы діңін (штамб) айланып өтетін тік роторлы, айналмалы білігі бар фрезаны жобалап жасау және конструкциясымен технолгиялық схемасын ұсыну. Теориялық зерттеулер нәтижесінде топырақты өңдеуге арналған роторлық фрезасының жұмыс параметрлері ұсынылған.

Жеміс өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпкерлер мен фермерлер үшін, маңызды мәселе қатараралық және діңге жақын аумақты механикалық өңдеуге арналған заманауи техникалардың жоқтығы болып табылады. Жеміс ағаштарының діңі аймағындағы топырақты өңдеуге арналған отандық өндірістегі техникалық құралдардың жоқтығы, жүргізіліп жатқан зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығын айқындайды.

Тік айналмалы білігі бар ротордың жұмысының түпнұсқалық конструкциясы мен технологиялық схемасы ұсынылған; техникалық нәтиже - магистральдық аймақты өңдеуден кейін топырақтың үгітіліу дәрежесінің жоғарылауы.

Магистральды аймақта топырақты өңдеуге арналған ротор жұмыс параметрлерінің теориялық негіздемесі келтірілген. Зерттеу нәтижесінде негізгі конструктивтік параметрлердің, сондай-ақ ұсынылған кескіш конструкциясының жұмыс режимдерінің технологиялық процестің сапасына әсерін анықтауға мүмкіндік беретін аналитикалық тәуелділіктер алынды.

Фрезаның оңтайлы конструктивтік және жұмыс параметрлерін анықтау бойынша теориялық зерттеулер мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері негізінде АҒӨО зауыттарында жеміс ағаштарының дің аймағын өңдеуге арналған тік айналмалы білігі бар кескіштің тәжірибелік үлгісі дайындалады. 

СУ ҚҰСТАРЫНЫҢ БАЛАПАНДАРЫН ӨСІРУГЕ ДЫБЫСТЫҚ ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ӘСЕРІ

Мақалада үйрек пен қаз балапандарының синхронды шығуын қамтамасыз ету және олардың санын арттыру үшін дыбыстық ынталандыру құрылғысының схемасы мен жұмыс істеу принципі келтірілген. Құрылғыны жасауға инкубацияның соңғы тәулігінде эмбриондардың акустикалық тітіркендіргіштерге мінез-құлықтық сезімталдығы туралы деректер негіз болды. Құрылғы Raspberry Pi 4 Model B платформасына негізделіп, қуат күшейткішін, кең жиілік спектрлі динамиктерді, сондай-ақ табиғи және жасанды дыбыстарды үзік-үзік ойнататын бағдарламалық жасақтаманы қамтиды. Үйректер мен қаздардың инкубациялық жұмыртқаларына тәжірибелер жүргізілді. Жұмыртқаны тесу параметрлері, балапандардың шығу уақыты, олардың жұмыртқадан шыққаннан кейінгі алғашқы сағаттардағы белсенділігі бағаланды. Алынған нәтижелер көрсеткендей, дыбыстық ынталандыруды қолданған кезде балапандардың шығуы бақылау тобымен салыстырғанда 7-12%-ға артты, ал үйрек пен қаз балапандары салмағы мен қозғалғыштығы жағынан жоғары біркелкілікпен сипатталды. Дыбыстық ынталандыру құрылғысы өзіндік құнының төмендігімен, қайта жасаудың қарапайымдылығымен және ынталандыруларды бағдарламалық түрде өзгерту мүмкіндігімен ерекшеленеді. Әзірленген құрылғыны қолданыстағы инкубаторларға біріктіруге немесе ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануға болады.