ҚАЗАҚСТАНДА САЗАН ӨСІРУ ӨНДІРІСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖƏНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Бірлесіп жасалған зерттеу жұмыстарының негізінде, мəліметтер жинап реттеу əдісін пайдалану арқылы, Қазақстан сазан өсіру өндірісінің қазіргі жағдайы мен даму болашағына талдау жасалды. Нəтиже 20-ғасырдың басында Қазақстан көптеген өңірлеріндегі су алаптарына сазан балығын (Cyprinus carpio Linnaeus) жерсіндіру, қолдан көбейту, тоғандарда жетілген шабақтарды өсіру жəне сол шабақтарды ірі су алаптарына жіберіп, оның ауланатын кəсіптік балық түріне айналдырғандығын көрсетті. Қазіргі уақытта, сазанның жетілген шабақтарының өсірілу барысында өмір сүру коэффициенті 21.5%, салмағы 22.5 грамм/дана, бірлік өндіріс өнімі 450кг/гектар, су алаптарына жіберілу жалпы саны 103400000 дана/жыл, ірі су алаптарынан ауланатын жəне тоғандарда өсірілетін тауарлық балықтарының жылдық өнім мөлшері 150-3100 тонна болған. Қазақстанда сазан өсіру технологиясы кенде, тоғандарда жетілген шабақтарын өсіру өнімділігі төмен, көлемі кішігірім су айдындарында тауарлық сазан өсіру жоқтың қасы, сазан өсіру кəсібін дамытуда шетелдің озық техноло-гияларын енгізумен бірге, еліміздің балық шаруашылығына баса назар аударып, балық өсіру өндіріс құрылымын реттеуді күшейту керек.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мəліметі бойынша, əр адам жылына кемінде 16-18 кг балық тұтынуы керек. 2030 жылға қарай елімізде балықты тұтынуды жылына жан басына шаққанда 28 кг-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін тиімді ғылыми негізделген əзірлемелерді енгізу жолымен көл-тауарлық, тоған, индустриялық сияқты тауарлы балық өсірудің барлық бағыттарын қарқынды дамыту қажет. Балықтардың өсімдікқоректі түрлерінің балық өсіру материалын өндірудің экономикалық тиімді технологиялық тəсілдерін енгізу, елдің əртүрлі өңірлерінде тауарлы балық өсірудің рентабельділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.