Аңдатпа
Бұл зерттеу жұмысында Қазақстандағы Шымкент және Тараз Camelus dromedarius және Camelus bactrianus түйелер популяцияларының генетикалық әртүрлілігіне ISSR-PCR маркерлерін қолдану арқылы талдау жүргізілді. Нәтижесінде (AG)9C праймері бойынша ұзындығы 200, 320, 370, 430, 580 және 700 ж.н. тұратын фрагменттер анықталды. Ал (GA)9C праймері негізінде алынған ампликондардың ұзындығы 300, 350 және 430 ж.н. тең болды. Шымкент популяциясы түйелерінде полиморфты локустар саны 9 және осыған орай полиморфты локустардың аллельдік көрсеткіші 77,78% құрады. Тараз популяциясы түйелерінің полиморфты локустары бойынша аллельдік көрсеткіші 33,3% тең болды. Екі популяция бойынша зерттеуге іріктелген түйелерде бақыланатын аллельдер саны (Na) орташа есеппен 1,38 құрады, аллельдердің эффективті саны (Nе) 1,47, Nеi бойынша генетикалық әртүрлілік (Н) 0,25 және Шеннон индексі (I) 0,36 тең болды. Полиморфты локустардың орташа аллельдік көрсеткіші екі популяция бойынша 55,56% құрады. Алынған нәтижелерге сүйенсек, жұмыс барысында қолданылған екі маркер зерттеуге алынған түйе популяцияларының генетикалық әртүрлілігін бағалауда ақпараттылыққа ие екенін көрсетті. Сонымен қатар зерттелген екі түйе популяцияларының бір-біріненен генетикалық әртүрлілігі бойынша ерекшеленетіндігі анықталды.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1 Конуспаева Г.С., Фай Б., Мелдебекова А.А., Нармуратова М.Х., Серикбаева А.Д. Типология верблюжьего молока различных регионов Казахстана // Вестник КазНУ. Серия биологическая. – 2018. – №1 (74). – С. 123-138.
- 2 Adilbekova E., Alybayev N., Arunas S., Аbuov G. Genetic typing of South Kazakhstan populations’ dairy camels using DNA technology // Animal Biotechnology, – 2020. – V. 31(6). – P. 547-554. https://doi:10.1080/10495398.2019.1669625.
- 3 Гладырь Е.А., Зиновьева Н.А., Эрнст Л.К., Костюнина О.В., Быкова А.С., Банникова А.Д., Кудина Е.П., Брем Г. Молекулярные методы в диагностике заболеваний и наследственных дефектов сельскохозяйственных животных // Зоотехния. – 2009. – № 8. – C. 26-27.
- 4 Nosil P., Funk D. J., Ortiz-Barrientos D. Divergent selection and heterogeneous genomic divergence // Molecular Ecology. – 2009. – V. 18. – P. 375-402.
- 5 Gui F.R., Guo J.Y., Wan F.H. Application of ISSR molecular marker in invasive plant species study // Ying Yong Sheng Tai Xue Bao. – 2007 – 18(4). – P. 919-927.
- 6 Soliani C., Rondan-Dueñas J., Chiappero M.B., Martínez M. et al. Genetic relationships among populations of Aedes aegypti from Uruguay and northeastern Argentina inferred from ISSR-PCR data // Med. Vet. Entomol. – 2010. – 24(3). – P. 316-323.
- 7 Stolpovsky Y.A., Ahani Azari M., Evsukov A.N., Kol N.V., Ruzina M.N. et al. Comparison of ISSR polymorphism among cattle breeds // Russian Journal of Genetics. – 2011. – V. 47, № 2. – P. 213-226
- 8 Зиновьева Н.А., Гладырь Е.А. Генетическая экспертиза сельскохозяйственных животных: применение тест-систем на основе микросателлитов // Достижения науки и техники АПК. – 2011. – № 9. – C. 19-20.
- 9 Бекманов Б.О., Мұсаева А.С., Əмірғалиева А.С., Оразымбетова З.С., Досыбаев Қ.Ж., Аманбаева Ұ.И., Түлекей М., Жапбасов Р., Жомартов А.М., Молдасанов К.Ж. ISSR маркерлері көмегімен қазақтың арқар-меринос қой тұқымын сипаттау // ҚР ҰҒА Хабарлары. Аграрлық ғылымдар сериясы. – 2016.
- 10 Miller М.Р. Tools for population genetic analyses (TFPGA) 1.3: A Windows program for the analysis of allozyme and molecular population genetic data / Computer software distributed by author, 1997.
- 11 Evanno G., Regnaut S., Goudet J. Detecting the number of clusters of individuals using the software STRUCTURE: a simulation study. Molecular Ecology. – 2005, – V.14(8). – P. 2611–2620. hhtps://doi:10.1111/j.1365-294x.2005.02553.x.
- 12 Pritchard J. K., Stephens M., Donnelly P. Inference of population structure using multilocus genotype data. Genetics. – 2000, – V.155(2). – P. 945–959.