ТҰМАУ ВИРУСЫНЫҢ ГЕМАГГЛЮТИНИНІНІҢ БІРІНШІ БӨЛІГІНІҢ АҚУЫЗЫН ЭКСПРЕССИЯЛАУ ҮШІН ВЕКТОРЛЫҚ КОНСТРУКЦИЯЛАРДЫ АЛУ
Қазіргі уақытта құс тұмауының вирусының эпизоотиясының бүкіл әлемде таралуы өте үлкен алаңдаушылық тудырады. Тұмау вирусы аса жоғары генетикалық өзгергіштікке ие. Жаңа штаммдардың пайда болуы үлкен эпидемия тудыру мүмкіншілігі өте жогары болып табылады. Тұмау вирусының эволюциясы өте тез жүреді, сол себебтен қазіргі таңда зерттеушілердің басты міндеті тұмау вирусының гемагглютининнінің түрлерін антигендік карталардыру, сонымен қатар антигендік құрылымының сипаттамаларын анықтау болып табылады. Рентгендік кристаллография әдісі ақуыздың құрылымын анықтауда жиі қолданылатын әдіс болып саналады.
Жұмыстың мақсаты - Escherichia coli жасушаларының негізінде бактериалды экспрессия әдісін қолдана отырып тұмау вирусының гемагглютининнінің бірінші бөлігінің рекомбинантты ақуызын алу үшін векторлық конструкцияларды әзірлеу болып табылады.
Зерттеулер нәтижесінде гемагглютининінің бірінші бөлігінің генін күшейтуге арналған арнайы праймерлер синтезделді. Олигонуклеотидтерді жоғары спецификалық болуы үшін жобалау кезінде ПТР үшін праймерлердің барлық критерийлері ескерілді. Праймерлер үшін NcoI және XhoI рестрикциялық эндонуклеазалар таңдалды, олардың сайттары геннің өз тізбегінде жоқ және плазмиданың мультиклоналды аймағында болады.Сондай-ақ, зерттеулер барысында E. coli жасушаларында гемагглютининінің бірінші бөлігінің ақуызының экспрессиясы үшін векторлық конструкция алынды. Алынған рекомбинантты ақуыз кристаллография және ақуызды үш өлшемді модельдеу бойынша одан әрі жұмыс үшін пайдаланылады.