Аңдатпа
Жауынды 2024 жылы күздік бидайды жоңышқа қыртысының жанама танабынан соң дәстүрлі технологиямен еккен нұсқада өнімділік құрылымының ең жақсы көрсеткіштері қалыптасты; егінді жинар алдындағы өсімдік саны - 298,4 дана/м2, түптену нәтижесі - 1,2 дана; масақ ұзындығы - 9,9 см; бір масақтағы дән саны - 28,3 дана, 1000 дәннің массасы - 44,4 г жетті. Ал жоңышқа қыртысының мойынтамырын 12 - 14 см тереңдікке кесіп жеңіл өңдеп күздік бидайды өсірген нұсқада да өнімділік құрылымының тәп тәуір деңгейде қалыптасқанын анықтадық: сәйкесінше 284,2 дана/м2; 1,1 дана; 9,5 см; 28,0 дана және 44,1 г құрады.
Алқа тұқымдастары ауыспалы егіс жүйесінде күздік бидайды мақсары дақылынан соң егістік танапты өңдемей тікелей егіп өсірген нұсқадағы сақталған өсімдік саны 289,0 дана/м2, орташа түптенуі - 1,15 дана, масақ ұзындығы 9,3 см, масақтағы дән саны - 26,8 дана және 1000 дәннің массасы - 42,8 г болды.
Күздік бидайды топырақты өңдеусіз тікелей егіп мақсары дақылынан соң өсірілген нұсқадағы дән өнімділігі - 30,5 ц/га, ал дәстүрлі технологиямен көпжылдық жоңышқаның қыртысына егілген күздік бидай дәнінің өнімділігі ең жоғарғы көрсеткішке жетіп 34,0 ц/га құрады.
Құрғақшылық қалыптасқан 2025 жылы күздік бидай өнімділік көрсеткішінің ең жақсы көрсеткіші - 251 дана/м2 сақталған өсімдіктер саны, 0,83 дана түптенуі, 8,7 см масақ ұзындығы, 17,9 дана масақтағы дән саны және 1000 дәннің массасы не бәрі 28,4 грамм деңгейінде қалыптасты. Бұл көрстекіштер күздік бидайды мақсары дақылынан соң егіп өсірген нұсқадан алынды. Демек құрғақшылық болған жылғы ең жақсы нәтиже - 15,0 ц/га күздік бидайды мақсары дақылынан соң тікелей егіп өсірген нұсқада қалыптасты, ал дәстүрлы технологиядан және топырақты жеңіл өңдеп өсірілген нұсқалардағы өнімділік тиісінше - 14,3 және 13,7 ц/га деңгейінде алынып, өнімділік көрсеткіші сәйкесінше 0,7 және 1,3 ц/га тікелей еккен нұсқадан төмен болды.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1.Yertayeva Z. Tillage system and cover crop effects on organic carbon and available nutrient contents in light chestnut soil // Eurasian Journal of Soil Science. - 2023. № 12 (3). С. 238-243.
- 2. Mrabet R. Chapter 6: Adoption and spread of Conservation Agriculture in North Africa. In.
- Kassam, A. (ed). Advances in Conservation Agriculture. Adoption and Spread [Text]/ Bahri H, Zaghouane O, Chiekh M’hamed H, El-Areed SRM, Abou El-Enin MM. 2022. Burleigh Dodds, Cambridge, UK, 3. https://doi.org/10.19103/AS.2021.0088.06
- 3. Jordan A. Effects of mulching on soil physical properties and runoff under semi-arid conditions in southern Spain [Text]/ Zavala LM, Gil J. Catena. - 2010. № 81. -С. 77-85.
- 4. Ибраева М.А., Курманбаев А.А. Актуальные проблемы почвенной науки Казахстана // Почвоведение и агрохимия, 2024. №2. С. 94-104. https://doi.org/10.51886/1999-740X_2024_2_94
- 5. Курманбаев А.А., Сүндет Т.Р. Концепция почвенного здоровья и современные индикаторы здоровья почв // Почвоведение и агрохимия, 2023. №2. С. 91-106. https://doi.org/10.51886/1999-740X_2023_2_91
- 6. Derpsch R, Friedrich T, Kassam A, Hongwen L. Current status of adoption of notill farming in the world and some of its main benefits. Int. J. Agric. Biol. Eng. 2010. 3: 1–25. https://doi.org/10.3965/j.issn.1934-6344.2010.01.001-025.
- 7. Huang Y, Ren W, Wang L, Hui D, Grove JH, Yang X, Tao B, Goff B. Greenhouse gas emissions and crop yield in no-tillage systems: a meta-analysis. Agric. Ecosyst. Environ. 2018. 268: 144–153. https://doi.org/10.1016/j.agee.2018.09.002.
- 8. Krauss M, Ruser R, Müller T, Hansen S, Mäder P, Gattinger A. Impact of reduced tillage on greenhouse gas emissions and soil carbon stocks in an organic grass-clover ley - winter wheat cropping sequence. Agric. Ecosyst. Environ. 2017. 239: 324–333. https://doi.org/10.1016/j.agee.2017.01.029.
- 9. Сулейменова Н.Ш., Калыков Д.Б. Влияние изменения климата на функционирование АПК юго-востока Казахстана // Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты, – №2 (82), – 2019, – с. 226 – 279. https://doi.org/10.37884/2-82-2019
- 10. Сулейменова Н.Ш., Калыков Д.Б. Изменения климата и агропромышленный комплекс Алматинской области // Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты, №3 (83) 2019, – с. 252 – 256. https://doi.org/10.37884/3-83-2019
- 11. Сыдық Д.А., Казыбаева А.Т., Турганбаев Н.О. Влияние стимуляторов роста, биоудобрений и микроудобрений на формирование продуктивных элементов озимой пшеницы в условиях богары юга Казахстана // Вестник Кызылординского университета имени Коркыт Ата №4 (63) 2022. С. 58 - 79. https://doi.org/10.52081/bkaku.2022.v63.i4.131
- 12. Турганбаев Н.О., Сыдық Д.А., Кененбаев С.Б., Сыдықов М.А., Казыбаева А.Т. Засоренность посевов озимой пшеницы при прямом посева и меры борьбы с ними в условиях богары юга Казахстана // Наука и образование. 2024. №2-2 (75). С. 140 - 153. https://DOI/10.52578/2305-9397-2024-2-2-140-153
- 13. Сыдық Д.А., Казыбаева А.Т., Еркуатов Р.Н. Продуктивность озимой пшеницы в зависимости от применения удобрений в зоне обеспеченной богары Южного Казахстана // Вестник Кызылординского университета имени Коркыт Ата №3 (62) 2022. С. 16 - 32. https://doi.org/10.52081/bkaku.2022.v62.i3.077
- 14. Turganbayev N.O., Sydyk D.A., Kenenbayev S.B., Sydykov M.A., Kazybayeva A.T. Optimization of winter wheat nutrition with zero tillage technology in the rainfed zones of southern Kazakhstan // SABRAO Journal of Breeding and Genetics 55 (5) 1593-1603, 2023. pISSN 1029-7073; eISSN 2224-8978 http://doi.org/10.54910/sabrao2023.55.5.13 http://sabraojournal.org
- 15. Turebayeva S., Zhapparova A., Kekilbayeva G., Kenzhegulova S., Aisakulova K., Yesseyeva G, Bissembayev B, Sikiri´c B., Sydyk D., Saljnikov E. Development of Sustainable Production of Rainfed Winter Wheat with No-Till Technologies in Southern Kazakhstan // Agronomy 2022, 12, 950. o.p. 1-13. https://doi.org/10.3390/agronomy12040950