ҚАЗАҚ ЖЫЛҚЫ ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ ЕТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДІЛІГІ
Қазақстанның табын жылқыларының эталоны қазақ жылқы тұқымы болып табылады, олар жыл бойы табындап-тебіндеп бағуға жақсы бейімделген, ет және сүт өнімділігі өте жоғары. Қазақ жылқысы климаттық жағдайларға төзімділігімен ерекшеленеді, олар жайылымдық жүйеге бейімделіп, әртүрлі қоректік жағдайларда жақсы дамиды. Олар жоғары өнімді аталық іздерді, типтер мен тұқымдарды тұқымішілік селекция әдісімен өсіру үшін жоғары құнды асыл тұқымды материал ретінде ұсынылады.
Қазақ биелері жоғары сүтті жануарлар болып табылады, тәулігіне олардың сүттілігі 10,5-11,5 литрге дейін жетеді, ал сүттенудің 105 күнінде 1150-1190 литр сүт береді. Бие сүтінде 1,80-1,90% май, 2,05-2,10% ақуыз және 6,0-6,5% қант бар, бұл сүтті өнімдер өндірісінде үлкен мәнге ие.
2,5 жастағы күзгі қоымдылықтан кейінгі құнандардың тірі салмағы 350-360 кг, ал ұшаның салмағы 188-197 кг болады. Құнандардың ұшасынның морфологиялық ет құрамы 80-81%, сүйек 19-20%, 1 кг-ға 4,0 және 4,5 кг ет құрайды, бұл жылқы етінің жоғары сапасын көрсетеді.
Қымыз және жылқы етін өндіру жоғары рентабельді болып табылады. Қымыз өндірісінің рентабельділігі 24-25% құраса, ет өндірісінің рентабельділігі 57-58% жетеді, бұл қазақ жылқыларының экономикалық тұрғыдан тиімділігін көрсетеді.