МИНИ- ТҰЙЫҚ ЖҮЙЕЛІ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН ҚОНДЫРҒЫДАҒЫДА ТИЛЯПИЯ ЖӘНЕ КЛАРИЙ ЖАЙЫНЫНЫҢ ШАБАҚТАРЫН ТІРІ АЗЫҚ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ӨСІРІ НӘТИЖЕЛЕРІ
Мақалада Алматы облысындағы «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы-1973» ЖШС-нің инкубациялық цехында орнатылған мини- тұйық жүйелі сумен қамтамасыз етілген қондырғыда тилапия (Oreochromis niloticus) және кларий жайынының (Clarias gariepinus) шабақтарын өсіру нәтижелері келтірілген. Жұмыс барысында жылуды жақсы көретін балықты өсірудің жалпы қабылданған әдістері қолданылды, судың сапасы гидрохимияда жалпы қабылданған әдістерге сәйкес бағаланды. Бағалы балық түрлерінің шабақтарын мини- тұйық жүйелі сумен қамтамасыз етілген қондырғыдағы судың негізгі гидрохимиялық көрсеткіштері туралы мәліметтер келтірілген, тилапия мен кларий жайынының шабақтарын өсіру және биологиялық көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау келтірілген. Зерттеу нәтижесінде тилапия мен кларий жайыны шабақтарының балықтық-биологиялық көрсеткіштері анықталды. Тірі қоректердің әр түрі (дафния, моина) оны балық азығы ретінде пайдалануға байланысты белгілі бір рейтингтік орынға ие болды.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде мини- тұйық жүйелі сумен қамтамасыз етілген қондырғыда тірі қоректі қолдана отырып тилапия мен кларий жайынының отырғызатын материалын өсіру тиімді екендігі анықталды. Өсірілген тилапия мен кларий жайыны шабақтарының 96-98% тірі қалу жағдайында, орташа салмағы 0,5-0,6 г құрады. Алынған нәтижелер көрсеткендей, онтогенездің алғашқы сатысында тилапия мен кларий жайынының шабақтарын өсіру кезінде моиналарды қолданған, дафниямен салыстырғанда тиімді.