Аңдатпа
Алғаш рет алма ағаштарын бактериялық күйік ауруынан қорғаудың Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағдайына сәйкестендірілген, агротехникалық, биологиялық және химиялық шараларының кешенді жүйесі әзірленді.
Алма ағашын бактериялық күйіктен қорғаудың кешенді жүйесін жасау кезінде санитарлық-гигиеналық кесіп-баптау, химиялық және биологиялық препараттар, микроэлементтер мен өсу реттегіштерін қамтитын 7 сұлбаның тиімділігі бағаланды. Тәжірибе Алматы облысының Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарындағы бактериялық күйік ошақтарында бактериозға бейім екі сортта – Апорт және Старк Эрлиест жүргізілді. Далалық тәжірибелер нәтижесінде Курзат, Косайд, Альет, Фосэтил Супер, Агригент плюс фунгицидтері, биологиялық препараттардан Касумин, Фитоп және Фитолавин, макро- және микроэлементтерден Фоскрафт MKP, Курамин Фолиар; өсу реттегіштерінен - Экстрасол, Новосил және Регалис плюс аса тиімді екені анықталды.
Демонстрация алаңына алма ағашының бактериялық күйік ауруымен күресу бойынша кешенді шараларды енгізу үшін, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер тізіміне енгізілген, мыс құрамдас фунгицид Косайд 2000 және Касумин 2Л биопрепараты, сондай-ақ Регалис плюс өсуді реттегіштен тұратын №3 сұлба іріктеліп алынды.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты «Жеміс» шаруа қожалығында 15 га демонстрациялық учаскесінде екі - Старкримсон және Голден Делишес сорттары бойынша ауруға қарсы кешенді шараларды жүзеге асыру жүргізілді. Жасалған шаралардың биологиялық тиімділігі Старкримсон сорты бойынша 96,5%, Голден Делишес сорты бойынша 95,2% құрады. Эталонмен салыстырғанда сақталған өнімділік Старкримсон сорты бойынша 28,8%, Голден Делишес сорты бойынша 21,1% тең.
Алма ағашын бактериялық күйіктен қорғаудың әзірленген кешенді жүйесі, инфекция ошақтарындағы патоген популяциясын азайтуға, оның зияндылығын экономикалық байқалмайтын деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1 Bonn W. G., Zwet T. Distribution and economic importance of fire blight //Fire blight: the disease and its causative agent, Erwinia amylovora. – 2000. – P.37-53.
- 2 Сметник А.И. Бактериальный ожог плодовых // Защита и карантин растений. – М., 2003. ‒ №10. – С. 38-39.
- 3 Дренова Н.В., Исин М.М., Джаймурзина А.А., Айткулов А.К. и др. Бактериальный ожог плодовых культур в Республике Казахстан //Карантин растений. Наука и практика. Русско-английский журнал. – М., 2013. ‒ №1. – С.39-43.
- 4 Сагитов А.О., Исин М.М., Джаймурзина А.А. Бактериальный ожог плодовых культур в Казахстане // Защита и карантин растений. – М., 2015. ‒ С. 13-15.
- 5 Жармухамедова Г.А., Джуманова Ж.К., Айткулов А.К., Хуснутдинова Р.А. Анализ путей проникновения и акклиматизации возбудителя бактериального ожога плодовых культур на территории Казахстана. // Мат. Межд. науч.-практ. семинара «Бактериальный ожог плодовых культур: экологические аспекты и меры контроля». – Алматы, 2016. – С.56-59.
- 6 Umiraliyeva Zh. Z. et al. Epidemiology of Fire Blight in Fruit Crops in Kazakhstan //AGRIVITA, Journal of Agricultural Science. – 2021. – Т. 43. – № . 2 – P. 273-284.
- 7 Wallis A. E., Cox K. D. Management of fire blight using pre-bloom application of prohexadione-calcium //Plant Disease. – 2020. – Т. 104. – №. 4. – P. 1048-1054.
- 8 Shtienberg D. et al. The incessant battle against fire blight in pears: 30 years of challenges and successes in managing the disease in Israel // Plant Disease. – 2015. - No. 99. – Р. 1048-1058.
- 9 Farkas A. et al. Floral traits affecting fire blight infection and management //Trees. – 2012. – Т. 26. – №. 1. – P. 47-66.
- 10 Laux P., Baysal O., Zeller W. Biological control of fire blight by using Rahnella aquatilis Ra39 and Pseudomonas spec. R1 //IX International Workshop on Fire Blight 590. – 2001. – P. 225-230.
- 11 Методические указания по проведению регистрационных испытаний пестицидов (ядохимикатов) в Республике Казахстан. – Астана, 2005. – 133 c.
- 12 Долженко В. И., Лаптиев А. Б. Современный ассортимент средств защиты растений: биологическая эффективность и безопасность //Плодородие. – 2021. – №. 3 (120). – С. 71-75.
- 13 Дренова Н.В., Матиашова Г.Н., Белкин Д.Л., Кондратьев М.О. Морфологические и генетические характеристики штаммов E. amylovora из Казахстана и Кыргызстана // Мат. Межд. науч.-практ. семинара «Бактериальный ожог плодовых культур: экологические аспекты и меры контроля». – Алматы, 2016. – С.100-107.
- 14 Bobev S.G., Maes M., Crepel C., Van J.V., Llop P., Lopez M. Fire blight in Bulgaria: an overview//Proceedings of the Int. Workshop «Fire blight: with special reference to ecological aspects and control measures». – Almaty, 2016. – P. 22-23.
- 15 Babadoost M. Fire blight of apple: occurrence and management // Proceedings of the Int. Workshop «Fire blight: with special reference to ecological aspects and control measures». – Almaty, 2016. – P. 114-120.
- 16 Комардина В.С. Распространение бактериального ожога в Беларуси и мероприятия по его ограничению // Мат. Межд. научно-практического семинара «Бактериальный ожог плодовых культур: экологические аспекты и меры контроля». – Алматы, 2016. – С.66-71.
- 17 Джумабаева Ж.М., Джаймурзина А.А. и др. Бактериоцидные свойства медь- и цинксодержащих препаратов к бактерии Erwinia amylovora (Burrill) Winslow et Al., возбудителю ожога плодовых культур //Исследования, результаты. – Алматы, 2017. – №. 4 (76). – С. 286-290.