Аңдатпа
Мақалада жаздық жұмсақ бидайдың коллекциялық үлгілерінің вегетациялық кезеңдері ұзақтығының зерттеу нәтижелері берілген. Жаздық жұмсақ бидайдың коллекциялық үлгілерін зерттеу жұмыстары А.И. Бараев атындағы АШ ҒӨО-ның астық дақылдарының генетикалық ресурстары зертханасында 2020-2022 жылдары жүргізілді.
Зерттеу жүргізу барысында бидай үлгілерінің вегетациялық кезең ұзақтығы мен олардың өнімділікпен байланысы анықталды. 60 жаздық жұмсақ бидайдың коллекциялық үлгілерінің арасында орташа 3 жылда келесі үлгілер ерте пісетін үлгілер қатарына енгізілді: Demonstrant, Эритроспермум 79/07, Тюменская 32, Лютесценс ШТ-335 және Линия 2026. Зерттеу жылдарында келесі үлгілер кеш пісетін үлгілерге жатқызылды: Челяба 80, Лютесценс 1135, Л. 654, Сибаковская Юбилейная.
Орташа алғанда, коллекциялық үлгілерді зерттеу жылдары ішінде «егін көгі-масақтану» кезеңінің ұзақтығы үлгілердің 25% -ында 33-37 күн, үлгілердің 43% -ында 38-40 күн және 32% үлгілерде 41-46 күнге созылды. Жаздық бидайдың Лютесценс 1003, Лютесценс 1012, Л. 654, Лютесценс 1135 үлгілері ұзартылған «егін көгі-масақтану» кезеңімен ерекшеленді. Жаздық жұмсақ бидайдың масақтану-пісу мерзімі 39 күннен 51 күнге дейін өзгерді. Келесі үлгілердің масақтану-пісу мерзімі қысқа болды (40-41 күн): Лютесценс 230/00, Лютесценс 1082, Лютесценс 1003, Лютесценс 1012 және т.б.
Зерттеу жүргізу нәтижесінде үлгілердің өнім құрылым элементтері мен вегетациялық кезең арасындағы корреляция және вариация коэффициенті анықталды. Таңдалған үлгілер Солтүстік Қазақстанның бейімді климаттық жағдайында жаздық жұмсақ бидай үлгілерінің жаңа селекциялық бағдарламаларында қолдануға болады.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1.CIMMYT Business Plan 2006–2010, Translating the Vision of Seeds of Innovation into a Vibrant Work Plan; Centro International the Mejoramiento the Maiz Trigo: El Batan, Mexico, - 2005. P. 31–37.
- 2.Anderson R. Climate change and the need for agricultural adaptation. [Текст] / Anderson R., Bayer P. E., and Edwards, D. // Curr. Opin. Plant Biol. – 2019.–56, P.197–202. https://doi.org: 10.1016/j.pbi. 2019.12.006
- 3.Morgunov A. Effect of climate change on spring wheat yields in North America and Eurasia in 1981-2015 and implications for breeding. [Текст]/ Morgunov A, Sonder K, Abugalieva A, Bhadauria V, Cuthbert RD, Shamanin V, et al. //PLoSONE. – 2018. - 13(10). https://doi.org/10.1371/journal.pone.0204932
- 4.Philip K. Sensitivity of wheat yields to rise in growing season temperature: Evidences from panel data analysis / Philip K, Asha Devi S, Jha G et al.[Текст] //Journal of Agrometeorology.–2020. – №22(2). – Р.191-197. ISSN: 09721665
- 5.Luo Q. Temperature thresholds and crop production. [Текст] / Luo Q. // Climatic Change – 2011. № 109, P. 583–598. https://doi.org/: 10.1007/s10584-011-0028-6.
- 6.Piao S.. Plant phenology and global climate change: Current progresses and challenges.[Текст] / Piao S., Liu Q., Chen A., Janssens I. A., Fu Y., Dai J., et al. //Glob.Change Biol.–2019. –№25. –Р.1922-1940. https: //doi.org: 10.1111/gcb.14619
- 7.Бесалиев И.Н. Условия вегетации и продолжительность межфазных периодов вегетации яровой мягкой пшеницы в засушливых условиях. [Текст] / Бесалиев И.Н., Панфилов А.Л., Регер Н.С. // Вестник Ульяновской государственной сельскохозяйственной академии – 2021.№ 4. – С.19-24.https://doi.org10.18286/1816-4501-2021-4-19-24.
- 8.Davydova N. V. The formation of spring wheat yield in Russia central region as a function of productive stalks density. [Текст] / Davydova N.V., Kazachenko A.O., Shirokolava A.V., Nardid V.A., Rezepkin A.M., Gracheva A.V., Romanova E.S.//Agrarian science – 2019.№(7-8) –P. 32–34. https://doi.or.g/10.32634/0869-8155-2019-330-7-32-34.
- 9.Базилова Д.С. Особенности формирования урожайности коллекционных образцов яровой мягкой пшеницы (Triticum aestivum L.) в условиях Северного Казахстана. [Текст] / Базилова Д.С., Долинный Ю.Ю., Иванова Г.Н. //Исследования, результаты – 2023. №3(99) – С.128-136. https://doi.org/10,37884/3-2023/13.
- 10.Пополнение, сохранение в живом виде и изучение мировой коллекции пшеницы, эгилопса и тритикале // Методические указания Спб.: ВНИИР им. Н.И. Вавилова. 1999. – 61 с.
- 11.А.К. Алтыбаева. Вегетационный период сортов яровой мягкой пшеницы в зависимости от предшественника и зоны возделывания.[Текст] / А.К. Алтыбаева, С.В. Жаркова // Вестник Алтайского государственного аграрного университета. – 2020. № 11 (193). С. 5-10.
- 12.Л.Н. Мищенко. Влияние вегетационного периода на урожайность и крупность зерна яровой пшеницы в условиях Амурской области [Текст] /Л.Н. Мищенко, М.В. Терёхин // Дальневосточный аграрный вестник. –2019.–№4 (52). С. 31-37 . https://doi.org: 10.24411/1999-6837-2019-14049.