Аңдатпа
Қатты қаракүйе ауруы (Tilletia caries (DC.) Tul.) күздік бидайдың кең таралған ауруы. Ол әлемнің бидай өсіретін барлық аймақтарында кездеседі. Эпифитотия жылдары бидай өнімінің азаюы мен сапасының нашарлауына алып келеді. Жасанды індет аясында Алматы облысының Tilletia caries (D.C.) Tul. & C. Tul патогеніне венгриялық 21 бидай сорттарының төзімділігі сыналды. Зерттеу жұмысының барысында мақсатқа жету үшін бірнеше әдістер қолданылды. Олар: Tilletia caries (D.C.) Tul. & C. Tul патогенімен бидайды инокуляциялауда А.И. Борггардта-Анпилогованың әдісі қолданылды, Green Seeker (Trimble Navigation Limited, USA) – аппараты арқылы өсімдіктің биомассасының индексі өлшенді (NDVI – Normalized Difference Vegetative Index). Үлгілерді Tilletia caries (D.C.) Tul. & C. Tul қоздырғышымен залалдануын бағалауда М. Қойшыбаев шкаласы қолданылды. Зерттеу нәтижесінде ауруға жоғары төзімді деп 7 бидай сорты ерекшеленді. Олар: Békés, Szemes, Rege, Rába, Ati, Pilis және Vitorlás. Индекс биомасса көрсеткішін (NDVI) есептеу нəтижесінде 6 генотиптің NDVI көрсеткіші жоғары деп табылды. Құрылымдық белгілеріне талдау нəтижесінде Pilis, Rege және Rába сорттары төрт бірдей белгілері бойынша жоғары көрсеткіш көрсетті. Ерте масақтануымен 4 бидай сорты ерекшеленді. Бұл сорттарды селекция бағдарламасына қатты қаракүйе ауруына төзімді үлгі ретінде ұсынуға болады.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. Ізтаев Ә.І., Ермекбаев С.Б. Өсімдік шаруашылығы негізінде астықтану: Оқулық / Ә.І. Ізтаев, С.Б. Ермекбаев. - 2014. – 416 б.
- 2. Әрінов Қ.К., Мұсынов Қ.М., Апушев А.Қ., Серекпаев Н.А., Шестакова Н.А., Арыстанғұлов С.С. Өсімдік шаруашылығы. – Алматы: Баспасы, 2011. – 280 с.
- 3. Ғабдулов М.А. Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары: Оқулық / Ғабдулов М.А. ‒ Алматы, 2015. – 368 б.
- 4.Койшибаев М. Болезни пшеницы. ФАО, Анкара, 2018. – 365 с.
- 5.Ғалымбек Қ., Маденова А.К., Кохметова А.М., Атишова М.Н., Кеишилов Ж.С.Қатты қаракүйе (Tilletia caries (dc.) ауруына төзімділігімен ерекшеленетін бидай гено-типтерін идентификациялау // «Ізденістер, нәтижелер - Исследования, результаты», – 2019. – №2. – Б. 191-197.
- 6.Маденова А.К., Атишова М.Н., Кохметова А.М., Ғалымбек К., Кумарбаева М.Т.Tilletia caries қатты қара күйеге төзімді bt-гендері бар бидайдың изогенді линияларының фитопатологиялық скринингі // «Ізденістер, нәтижелер». – 2018. – № 4. – Б. 106-114.
- 7.Маденова А.К., Кеишилов Ж.С., Ғалымбек Қ., Атишова М.Н. Қатты қаракүйе (Tilletiacaries, T. laevis) ауруына болгариялық сорттардың төзімділігін бағалау // «Ізденістер, нәтижелер». – 2020. – №2. – Б. 252-258.
- 8.Борггард А.И. Избранные труды по фитопатологии. М.,1961. С. 207-215
- 9.Chu D., Lu L., Zhang T. Sensitivity of Normalized Difference Vegetation Index (NDVI) toSeasonal and Intranasal Climate Conditions in the Lhasa Area, Tibetan Plateau, China // Arctic, Antarctic, and Alpine Research. 2007. – Vol. 39 (4) – P. 635-641.
- 10.Койшыбаев М., Шаманин В.П., Моргунов А.И. Скрининг пшеницы на устойчивостьк основным болезням // Анкара-2014. – С. 62.