Аңдатпа
Аңшылық фауна Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің биологиялық әртүрлілігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Аңшылық жануарлар табиғи ресурстардың бір бөлігі бола отырып, бір жағынан аң аулау объектісі болып табылады, яғни рекреациялық және экономикалық құндылыққа ие. Екінші жағынан олар антропогендік факторлар кешенінің толық әсеріне ұшырайды. Олардың ішінде ауылшаруашылық өндірісі дала аймағы үшін ерекше өзекті болып табылады. Бүгінде Қазақстанның жекелеген өңірлерінің табиғи-ресурстық әлеуетін сақтау және объективті бағалау мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы алқаптарының айналымына байланысты барлық экологиялық-экономикалық шығындарды көздеу және ауыл шаруашылығы жерлерінде аңшылық ресурстарды пайдалануға байланысты қайшылықтарды анықтау қажет. Аңшылық ресурстар игерілген өңірлердің табиғи-ресурстық әлеуетінің бөлігі ретінде дала аймағының жүйелі экологиялық дағдарысының объективті индикаторы болып табылады. Қазақстанда дала аймағы - бұл биоалуантүрлілікті сақтау, жерді пайдалануды әлеуметтік-экономикалық және экологиялық оңтайландыру және аңшылықты пайдалануды басқару мәселелері ерекше өткір тұрған аграрлық өңір. Зерттеу жұмысының мақсаты өңірлік аңшылық - ресурстық әлеуетті талдау және Қазақстанның оңтүстік өңірінің аңшылық шаруашылық қызметін басқаруды оңтайландыру қағидаттарын әзірлеу болып табылады.
Мақалада Оңтүстік Қазақстанның бір бөлігі болып табылатын Қызылорда және Түркістан облыстарының аңшылық шаруашылық қызметін талдау нәтижелері келтірілген. Бекітілген аңшылық шаруашылықтары туралы ақпаратпен қамтылған. Жыртқыш сүтқоректілердің салыстырмалы саны анықталып, аң аулау нысаны болып табылатын – қасқыр, түлкі, қарсақ, шибөрі, борсық және суырлардың санын реттеу жолдары ұсынылған.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. Grado, Steve & Hunt, Kevin & Whiteside, Micah. (2007). Economic Impacts of White-tailed Deer Hunting in Mississippi. Proceedings of the Annual Conference of the Southeastern Association of Fish and Wildlife Agencies. 61.
- 2. Heffelfinger J.R., Geist V., Wishart W. The role of hunting in North American wildlife conservation. Int. J. Environ. Stud. 2013;70:399–413. doi: 10.1080/00207233.2013.800383.
- 3. Статистический сборник «Сельское, лесное и рыбное хозяйство в Республике Казахстан. 2016–2020»).
- 4. Книга генетического фонда фауны Казахской ССР. Часть 1. Позвоночные животные.- Алма – Ата: Наука, 1989. – 215с.
- 5. Красная книга Республики Казахстан. - Алматы: ДПС, 2010. – 322с.
- 6. Книга генетического фонда фауна Казахской СССР. Часть 1. Позвоночные животные. Алма – Ата: Наука, 1989 – 215с.
- 7. Байтанаев О.А. Серикбаева А.Т Молдахан Э.К. Нургалиев А. Е. О роли национальных парков в сохранении биоразнобразия млекопитающих (Vertebrata, Mammalia) на юго-востоке Казахстана// Ізденістер, нәтижелер.- Алматы: Изд – во КазНАУ , 2015,№3.- с 151-155.
- 8. Закон Республики Казахстан от 9 июля 2004 года «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира». Глава7, статья 37. c.16.
- 9. Приказ И.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 апреля 2012 года № 25-03/193 Об утверждении Положения о межведомственной зоологической комиссии
- 10. Памятка по программе охотничьего минимума (Пособие для подготовки граждан к сдаче экзамена по охотничьему минимуму). Нур-Султан. 2019.
- 11. Кикимов Н.Н., Байтанаев О.А. Биологическое разнообразие млекопитающих (Vertebrata, Mammalia) Алматинского природного заказника // Вестник КазНУ, серия биологическая. – Алматы: Издательство КазНУ , 2009, № 1 (40) .-с. 38-41.
- 12. Серикбаева А.Т., Абаева К.Т., Байтанаев О.А., Жубанышова А.Т. Опыт типизации охотничьих угодий хребта Кастек на юго-востоке Казахстана // Материалы международной научно-практической конференции «Интенсификация охотничьего хозяйства и развитие национальных видов охоты»: Нур - Султан , 2019.- с.26-29.
- 13. Фертиков В.И., Чугунов А.Н. Охотничьи ресурсы и эффективность их использования. – М.: Россельхозиздат, 1987.- 108с.
- 14. Серикбаева А.Т., Абаева К.Т., Байтанаев О.А.Копытные млекопитающие – объекты охоты на юге и юго-востоке Казахстана. / ІЗДЕНІСТЕР, НƏТИЖЕЛЕР ИССЛЕДОВАНИЯ,. РЕЗУЛЬТАТЫ. № 03 (087) 2020. с. 221-227
- 15. Oraikhanova, A.A., Abayeva, K.T., Serikbayeva, A.T., Sirgebayeva, S.T. Studies about variation of morphological characters of pine stands canopy from artificial origin and their relationship with taxation indexes. Biosciences Biotechnology Research Asia, 2016, 13(1), pp. 211–219
- 16. Байтанаев О.А., Серикбаева А.Т. Патент на Полезную модель № 6309 «Способ оценки экологического состояния территории» 2020