Аңдатпа
Кіріспе. Соңғы онжылдықтарда бақтардың едәуір қысқаруы қолайсыз абиотикалық факторлардың әсерімен және бактериялық патогендердің таралуымен байланысты, бұл алмұрт сорттарының сортиментінің айтарлықтай азаюына әкелді. Төзімді сорттар мен телітушілерді өндірістік бау-бақша шаруашылығына жедел енгізу отырғызу материалының жетіспеушілігімен шектелуде. Әдістер. Зерттеуде алмұрттың тұқымдық телітушісі Pyrus pyraster және клондық телітушілер OHxF230 , OHxF69-ды клондық микрокөбейту ерекшеліктері қарастырылды. Экспланттарды асептикалық культураға енгізудің оңтайлы стерилизация әдістері анықталып, әртүрлі мөлшердегі азот тұздары (NH₄NO₃, KNO₃) мен өсу реттегіштерінің (6-БАП, ИМК, ГК) әсері зерттелді. Нәтижелер. Pyrus pyraster телітушісін залалсыздандыру кезінде өркендердің регенерациясының ең жоғары көрсеткіші (78,57 %) экспланттарды 0,2 % HgCl₂ ерітіндісімен 4 минут өңдегенде байқалды, ал экспозиция уақытын қысқарту контаминация деңгейінің артуына әкелді. Клондық микрокөбеюдің ең тиімді көрсеткіштері нитрат тұздарының 75 % мөлшерін, 6-БАП (0,8 мг/л), ГК (0,5 мг/л) және ИМК (0,1 мг/л) қамтитын қоректік ортада алынды. 6-БАП-тың жоғары концентрациясы (1,8 мг/л) мен азот деңгейінің төмендеуі, әсіресе Pyrus pyraster үшін, көбею тиімділігін төмендетті. Дегенмен, OHxF230 телітушісінде салыстырмалы түрде жоғары көбею коэффициенті (2,67 ± 1,15) тіркелді. Қорытынды. Алынған нәтижелер алмұрт телітушілерін in vitro жағдайында тиімді микрокөбейту жүйелерін әзірлеуге мүмкіндік береді және отырғызу материалын жедел көбейтуге бағытталған биотехнологиялық тәсілдерді жетілдіруде қолданылуы мүмкін.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- Алексенко С., Кадирсизова Ж., Казыбаева С., Касенова Б. (2023). Алматы облысы жағдайына бейімделген интродукцияланған және отандық алмұрт сорттарының шаруашылық-құнды белгілерін бағалау // Izdenister natigeler. 2023. № 3 (99). С. 356-363. https://doi.org/10.37884/3-2023/36
- Aygun, A. & Dumanoglu, H. (2015). In vitro shoot proliferation and in vitro and ex vitro root formation of Pyrus elaeagrifolia Pallas. Frontiers in Plant Science, 6, 225. https://doi.org/10.3389/fpls.2015.00225
- Brewer L.R. & Palmer J.W. (2010). Global pear breeding programmes: Goals, trends and progress for new cultivars and new rootstocks. Acta Horticulturae, 909, 105-119. https://doi.org/10.17660/ActaHortic.2011.909.10
- Claveria, E., Asín, L., Iglesias, I., Vilardell, P., Bonany, J., Simard, M.H., & Dolcet-Sanjuan, R. (2012). In vitro screening for tolerance to iron chlorosis as a reliable selection tool in a pear rootstock breeding program. Acta Horticulturae, 935, 199-205. https://doi.org/10.17660/ActaHortic.2012.935.28
- Dyussembekova, D., Nurtaza, A., Magzumov, G., Zhenisbekuly, G. & Kakimzhanova, A. (2025). Development of an in vitro conservation protocol for the endemic species Pyrus regelii. Plant Cell, Tissue and Organ Culture, 162(1), 1-15. https://doi.org/10.31489/2024bmg4/35-43
- Исин М.М., Джуманова Ж.К., Жармухамедова Г.А., Куланбай К.Ж. (2018). Сортовая устойчивость яблони и груши к бактериальному ожогу // Защита и карантин растений. 2018. № 12. С. 40–42.
- Кабылбекова Б.Ж., Чуканова Н.И., Турдиев Т.Т., Рымханова Н., Ковальчук И. (2019). Оптимизация клонироавния in vitro различных генотипов яблони. Experimental Biology, 80(3), 48-57. https://doi.org/10.26577/eb-2019-3-b5
- Ковальчук И.Ю., Кабылбекова Б.Ж., Чуканова Н.И., Турдиев Т.Т., & Фролов С.Н. (2020). Клональное микроразмножение в производстве посадочного материала яблони Казахстана //Вестник Нижегородской государственной сельскохозяйственной академии. 2020. №. 3. С. 5-12. https://vestnik-akademii-2020-3-27.page=5-12
- Lordan, J., Blatt, S., Francescatto, P., Embree, C., & Robinson, T. L. (2017). Performance of three Pyrus pear rootstocks in Northeastern North America. Retrieved from https://user-23310503727.cld.bz/Journal-APS-Oct-2017
- Mehri-Kamoun R., Polts V., Faïdi A., & Mehri H (2004). Micropropagation of six OHxF (Old Home × Farmingdale) pear rootstocks. Advances in Horticultural Science, 18(2), 1000-1007. https://digital.casalini.it/10.1400/14269
- Ou, C., Wang, F., Wang, J., Li, S., Zhang, Y., Fang, M., Ma, L., Zhao, Y., & Jiang, S. (2019). A de novo genome assembly of the dwarfing pear rootstock Zhongai 1. Scientific Data, 6(1), 281. https://doi.org/10.1038/s41597-019-0291-3
- Ромаданова Н.В., Кушнаренко С.В. (2021). Биотехнология получения безвирусных саженцев яблони // Вестник Карагандинского университета. Серия: Биология. Медицина. География. 2021. Т. 103. № 3. С. 102-118. DOI: 10.31489/2021BMG3/102-118.
- Song, J.Y., Bae, J., Lee, Y.Y., Han, J.W., Lee, Y.J., Nam, S.H., Lee, H.S., Kim, S.C., Kim, S.H., & Yun, B.H. (2024). High-efficiency in vitro root induction in pear microshoots (Pyrus spp.). Plants, 13(14), 1904. https://doi.org/10.3390/plants13141904
- Shivran, M., Sharma, N., Dubey, A.K., Singh, S.K., Sharma, N., Sharma, R.M., Singh, N., & Singh, R. (2022). Scion–rootstock relationship: Molecular mechanism and quality fruit production. Agriculture, 12(12), 2036. https://doi.org/10.3390/agriculture12122036
- Simard, M.H., Michelesi, J.C., & Masseron, A. (2002). Pear rootstock breeding in France. Acta Horticulturae, 658, 535-540. https://doi.org/10.17660/ActaHortic.2004.658.81
- Турдиев Т.Т., Ковальчук И.Ю., Успанова Г.К., Чуканова Н.И., Фролов С.Н. (2015). Оптимизация технологии клонального микроразмножения для сохранения генофонда растений груши (P. communis L.) // Experimental Biology. 2015. Т. 65, № 3. С. 356-362. bb.kaznu.kz/1138
- Vercammen, J., Van Daele, G. & Gomand, A. (2006). Search for a more dwarfing rootstock for ‘Jonagold’. Sodininkystė ir daržininkystė, 25(3), 164–172. https://elaba:6213380/6213380
- Webster, A.D. (2002). Breeding and selection of apple and pear rootstocks. Acta Horticulturae, 622, 499–512. https://doi.org/10.17660/ActaHortic.2003.622.55
- Жумагулова Ж.Б., Кампитова Г.А. (2014). Совершенствование микроклонального размножения различных сортов груши // Ізденістер, исследования, нәтижелер. 2014. № 3. С. 125. https://izdenister.kaznaru.edu.125