Аңдатпа
Бұл мақалада Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде мекендейтін суырлардың қазіргі популяциялық жағдайы, оларды есепке алу мен кадастрлық жұмыстардың барысы және алынған нәтижелер баяндалады.
Зерттеу барысында Тянь-Шань тау жүйесінің батыс бөлігіне жататын Өгем мен Қаржантау жоталарындағы Мензбир суырының таралу ареалымен саны анықталды. Бұл эндемик түр еліміздің оңтүстігінде тек шектеулі аймақта кездеседі және ерекше қорғауды қажет етеді. Суырлар парк аумағында Сарыайғыр, Қасқасу, Бадам, Ұлыжұрт, Кішіжұрт, Шағыртас және Тікенекті өзендерінің жоғарғы бастауында, теңіз деңгейінен 2100–3500 метр биіктікте мекендейді.
Суырларды есепке алудың барлық әдістерін 3 топқа біріктіруге болады: жер бетінде есепке алу, авиасанақтар және аэрофотосуреттер бойынша есепке алу. Суырларды жер бетінде есепке алу. Маршруттық-көзбен көру арқылы есепке алу әдісі тау суырларын есепке алу үшін қолданады. Бұл әдіс кезінде есепшілер берілген маршрут бойымен жүріп (жаяу, атпен), қозғалыс бағытының екі жағынан 100-200 метр ара қашықтықта көзге түскен барлық суырларды есепке алады. Бір суыр есепке алу бірлігі болып саналады. Маршрут ұзындығы карта бойынша немесе қадам санауыш құралы арқылы анықталады. Суырлардың орташа тығыздығын есептеу және экстраполяциялау кезінде, аңдардың тәуліктік белсенділіктеріне назар аударған жөн.
Суырлар популяциясының таралу аумағын, сандық көрсеткіштерін және тіршілік ортасының жағдайын бағалау арқылы Сайрам-Өгем ұлттық паркінің зоологиялық кадастрын толықтыру. Сол себепті төмендегідей жұмыстар жүргізілуде: суырлардың таралу аймағын анықтап, негізгі мекендеу биотоптарын сипаттау, популяцияның санын, тығыздығын және жас-жыныстық құрылымын есепке алу, індердің кеңістіктік орналасуын GPS-координаттар негізінде тіркеу және кадастрлық базаға енгізу, тіршілік ортасының экологиялық жай-күйіне кешенді талдау жүргізу, популяцияны қорғау және тұрақтандыру бойынша.
Мензбир суыры кеміргіштер отрядына, тиіндер тұқымдасына жатады және колония түрінде тіршілік етеді. Түр санының азаюына табиғи және антропогендік факторлар әсер еткен. Сондықтан ол Қазақстанның және Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл кітабына енгізілген. 2006 жылдан бастап бұл сирек сүтқоректіні қорғау шаралары Сайрам-Өгем ұлттық паркінде жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. Есипов А.В. Современное состояние сурка Мензбира. Сурки Голарктики как фактор биоразнообразия. 1997 г. Стр 41-42.
- 2. Ә. Мамет, М.К.Байбатшанов. Батыс Тянь-Шань эндемигі мензибир суырының қәзіргі жағдайы, оларды қорғау және молайту жұмыстары. «Орман ресурстары жасыл экономикалық ажырамас бөлігі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Алматы - 2025 жыл. 231-235 б.
- 3. Oleg V. Brandler , Elena A. Lyapunova and Gennady G. Boeskorov. Comparative karyology of Palearctic marmots (Marmota, Sciuridae, Rodentia) Institute of Developmental Biology, Russian Academy of Sciences, Moscow 119334, 26 Vavilov Str., Russian Federation. 10.1515/MAMM. 2008. 005
- 4. Зимина Р.П. Исакова Ю.А. Сурки. Биоценотическое и практическое значение. Москва: Наука» (1980). Стр 224.
- 5. Токарский В.А., Атемасов А.А. Шакула Г.В. История изучения и современное состояние популяции сурка Мензбира (Marmota menzbieri) на хребте Каржантау. Бюллетень Московского общества испытателей природы. Отдел биологический. https://cyberleninka.ru/article/n/istoriya-izucheniya-i-sovremennoe-sostoyanie-populyatsii-surka-menzbira-marmota-menzbieri-na-hrebte-karzhantau/viewer 2016 г. стр 22-31.
- 6. Алпамысова А.Б. Анарбаева Ш.Ж. Сурок Мензбира - эндемик Западного Тянь-Шаня. Биология и медицина - региону. Серия биологическая. (2011). Стр 6-10. http://nblib.library.kz/elib/library. kz/journal/Alpamisova.....1..pdf
- 7. Серікбай А.Ə., Байбатшанов М.К. Сайрам-өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында мекендейтін мензибир суырының тығыздығы. «Жастардың ғылыми көзқарасы: АӨК-гі Ізденістер, инновациялар» жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 1-том Алматы 6-7 сәуір 2017 жыл 276-280 бет.
- 8. Машкин В.И., Батурин А.Л. Сурок Мензбира. Киров: НИИОЗ. 1993 г. Стр 143.
- 9. Капитонов В.И., Лобачев Ю.С. Экологические наблюдения над сурком Мензбира в горах Каржантау (Западный Тянь-Шань). Зоологический журн. 1964 г. 1211–1220.
- 10. Steppan, Scott J., Send mail to Steppan S.J. Kenagy G.J., Zawadzki, Christopher, Robles, Rafael, Lyapunova, Elena A.Molecular data resolve placement of the Olympic marmot and estimate dates of trans-Beringian interchange. Journal of Mammalogy Article2011 DOI: 10.1644/10-MAMM-A-272.1
- 11. Петров Б.М. К систематике и возрастной изменчивости сурка Мензбира. Зоологоческий журн. 1961 г. Стр. 93–104.
- 12. Ә. Мамет., М.К.Байбатшанов. Мензбир суырының санына əсер ететін факторлар. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 85 жылдық мерейтойына арналған «XXI ғасырдың зиялылық əлуеті: аграрлық ғылымның дамуына жас ғалымдардың үлесі» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы материалдарының жинағы, (4-5 желтоқсан 2015 жыл). – Алматы: ҚазҰАУ, – 286-288 беттер.
- 13. Петров Б.М. Ареал сурка Мензбира и распространение длиннохвостого сурка в западной части северного Тянь-Шаня. Новый подвид сурка Мензбира. Зоологический журнал. 1963 г. Стр. 743–751.
- 14. Hunting resources of the south of Kazakhstan. A.T. Serikbayeva, T. Dauletaliyev, Zh.A. Iskakova, A.B.Slambayeva, B.N. Bekbota. Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты. №2 (98) 2023, ISSN 2304-3334. DOI https://doi.org/10.37884/2-2023/34