Аңдатпа
Мақалада алма сапасының көрсеткіштерін анықтау әдістері мен алгоритмі және оларды санаттарға автоматты түрде сұрыптау негізделген. Сапаның негізгі көрсеткіштері ГОСТ 34314-2017 сәйкес мыналарды қамтиды: сыртқы түрі, мөлшері (көлемі), иісі, дәмі және рұқсат етілген ауытқулар. Алмаларды сақтауға қою кезіндегі маңызды жұмыстардың бірі - мөлшері бойынша сұрыптау, қалдықтардын тазарту, сондай-ақ шірік пен фитофтороз ауыруынан зардап шеккен жемістерді бөлу алу. Алмаларды сұрыптау қажеттілігі сақтау процесінде шамамен жемістердің бірнеше пайызына әртүрлі шірік әсер етеді, олардың негізгі бөлігі сұр шірік. Сақтау алдында шіріген жемістерді бөлуге арналған қол еңбегінің шығындары, алма өндіруге жұмсалатын жалпы еңбек шығынының 20-30% құрайды. Сұрыптау құрылымдарының жұмыс әдістері мен алгоритмдерінің әртүрлі ескі үлгілердегі түрлері қарастырылды, оның ішінде калибрлеу арқылы өлшемді анықтайтын механикалық сұрыптау түрінде немесе таразыларды қолдана отырып, алманың салмағын анықтайтын салмақты сұрыптау қарастырылды. Бұл машиналардың кемшіліктері - шикізаттың тесіктерге тіреліп қалуы, өнімнің бетіне механикалық зақым келуі (тырналуы), сұрыптау процесін жедел реттеудің мүмкін еместігі және нәтижесінде сұрыптаудың шартты дәлдігі. Зерттеулер нәтижесінде, ең заманауи және дұрыс шешім болып, оптикалық-электронды әдісі болып табылады, атап айтқанда кескінді түсіру құрылғысын қолдана отырып сұрыптау процесін автоматтандыру арқылы сапаның негізгі стандарттарын анықтау болып табылады. Оптикалық-электронды әдіс жемістерді түс сипаттамалары бойынша оптикалық сұрыптау үшін қолданылады, нәтижесінде түрлі-түсті қоспалар өнімдерден шығарылады. Оптикалық сұрыптаушы бүлінген және сапасыз өнімдерді алып тастауға мүмкіндік береді.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. Иванов, В.П. Надежность и ремонт машин. Технология, оборудование, организация.- Новополоцк, 2016
- 2. Колобов С.В. Товароведение и экспертиза плодов и овощей: Учебное пособие / С.В. Колобов, О.В. Памбухчиянц. —М.: Издательско торговая корпорация «Дашков и К°», ¬ 2012 — С. 400.
- 3. Чуриков, А.А. Проектирование оптимального режима проведения неразрушающего теплового контроля малогабаритных изделий / А.А. Чуриков, Н.А. Конышева, Г.В. Шишкина // Вестн. Тамб. гос. техн. ун-та. - 2016. - Т. 22, №1. - С. 6-14.
- 4. Автоматизация сортировки и отбраковки [Электронный ресурс]. - Режим доступа: http://www.mkoi.org/366/367/373/ (дата обращения 25.04.18)
- 5. Антре Н.Е. «Обработка изображений в системах машинного зрения». Москва: Робототехника, – 2017. – С. 584.
- 6. Гаврилин К.Л., Бочкин С.А. «Системы управления техническим зрением роботов». М.: НИИмаш, – 2016. – С. 317.
- 7. Кочтюк В.И., Гавриш А.П., Карлов А.Г. Промышленные роботы: Конструирование, управление, эксплуатация: Вища. шк. Главное издательство, – 2016. – С. 415.