Аңдатпа
Алынған деректер пролонгаторларды, тұрақтандырғыштарды, сорбенттерді, иммуностимуляторларды қамтитын ингредиенттердің күрделі құрамы бар әртүрлі тірі және тірі емес вакциналарды бақылау және олардың түпкілікті өнім құрамындағы өзара қарым-қатынасының сипатын анықтау кезінде, сондай-ақ пайдаланылатын вакцинаның толық сипаттамасы үшін немесе invitro-ның зиянды және зиянсыз, иммуногендік немесе реактогендік қасиеттерін анықтау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Иммунитеттің спецификалық емес факторының биостимуляторы ретінде вакцинаның құрамына кіретін жеке биологиялық субстраттың бастапқы фибриллярлық құрылымының фрагменттері түрінде сақталатын қалдықтар анықталды.
Осылайша, күрделі биохимиялық құрамы бар құстардың пастереллезіне қарсы вакцина моделіндегі биологиялық препараттардың морфологиялық құрамын зерттеу көптеген микроскопиялық құрылымдардың сақталуын көрсетті, бұл invitro күрделі биотехнологиялық және биохимиялық процестерінен кейін ерімейтін бөлшектер мен детриттердің немесе олардың туындыларының бастапқы компоненттерін бағалауға мүмкіндік береді.
Вакциналық субстраттың морфологиялық құрамы Leicadm-400V сандық микроскопында зерттелді.
Бүгінгі күнге дейін құстардың пастереллезіне қарсы белсенді емес вакциналар тексерілмеген және зерттелмеген, тек қана М.Umitzhanov және K.Zh.Kushaliev т.б. ұсынған вакциналарын қоспағанда .
Басқа жағдайларда біз басқа авторлар ұсынған белсенді емес вакцинаның микроскопиялық құрылымдарының қауіпсіздігі туралы айтуға мүмкіндігіміз жоқ. Бұл келесі биологиялық препараттарға қатысты, атап айтқанда А.А.Гусевтің, В.С.Русалеевтың, А.И.Сосницкидің, В.М.Гневашеваның, О.В.Прунтованың «Пастереллезге қарсы эмульсиялық вакцинаны жасау әдісі; О.В.Бородинаның «Құстардың пастереллезіне қарсы белсенді емес эмульсиялық вакцинаны жасау»; А.В.Леоновтың «Құстардың пастереллезіне қарсы құрғақ тірі вакцинаны жасау және сынау»; Т.Н. Рождественскаяның «Өнеркәсіптік типтегі фермаларда құстардың бактериялық ауруларының алдын алудың кешенді жүйесін құру»; О.Б.Новикованың «Құстардың бактериялық ауруларының алдын алу әдістерін жасау және жетілдіру» вакциналарын айтуға болады. Жоғарыда аталған авторлар белсенді емес вакциналар бойынша морфологиялық құрамын сипаттамайды, тек олардың тиімділігі туралы ақпараттар ұсынған.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. Умитжанов М., Даутпаева З.Ж., М.С.Джубандыкова. Инактивированная вакцина против пастереллеза птиц. Предварительный патент Республики Казахстан № 12708, от 17. 02. 2003, Бюл. № 2.- 4 с.
- 2. Umitzhanov М., Kushaliev K.Zh. et al. Testing morphological composition of inactivated vaccine against avian pasteurellosis Life Science Journal Том.11, №9, 2014; Introduction; ISSN:1097-8135; Impact Factor 2012:0.165.-С.363-368
- 3. Umitzhanov М., Kushaliev K.Zh. et al. Microstructural changes in the body of chickens in response to the introduction of liquid inactivated vaccine against pasteurellosis of birds. Life Science Journal Том.11, №5, 2014; Introduction; ISSN:1097-8135; Impact Factor 2012:0.165.-С.251-254
- 4. Гусев А.А., Русалеев В.С., Сосницкий А.И., Гневашев В.М., Прунтова О.В. Способ изготовления эмульсиновой противопастереллезной вакцины. Патент RU 2 162 339 С1; А61К 39/102, А61L2/16 С 12 N1/00.- 2001
- 5. Бородина О.В. Разработка инактивированной эмульсионной вакцины против пастереллеза птиц.- Саратов, 2005.- С.20.-Автореф. дисс. к.б.н.
- 6. Леонов А.В. Разработка и испытание сухой живой вакцины против пастереллеза птиц.- Оболенск, 2005.-С.20.- Автореф. дисс. к.б.н.
- 7. Рождественская Т.Н. Создание комплексной системы профилактики бактериальных болезней птиц в хозяйствах промышленного типа.- Санкт-Петербург, 2011.-С.52.- Автореф. дисс. д.в.н.
- 8. Новикова О.Б. Разработка способов профилактики и усовершенствование методов диагностики бактериальных болезней птиц.- Санкт-Петербург, 2021.-С.45.- Автореф. дисс. д.в.н.
- 9. Brito J.B., Piffer I.A., Wentz I., Brito M.A. Capsular types and toxin producing by strain of P.multocida isolated from pigs in Southern Brazil// Ref. micrbiol., 1993 v.24 N2 p.94-97.
- 10. Омарбекова У.Ж., Əбутəліп Ə., Айткулова А., Əбиев М. Бруцеллезге қарсы B.abortus 19 вакцинасымен егілген əртүрлі жастағы қашарлардың иммунологиялық жауабы.-Ізденістер, Нәтижелер, 2020.-№2.-С.57-59