Аңдатпа
Бұл мақалада «сұйық полисахаридтер» жемшөп қоспасының («Элест» ҒӨФ ЖШҚ Санкт-Петербург қ.) жаңа бұзаулаған голштино-фриз тұқымды сиырларына әсер ету нәтижелері келтірілген.
Зерттеулер Қостанай облысының "Бек+" ЖШС сүт-тауар фермасында жүргізілді. Зерттеу заты ретінде жемшөп қоспасын қолдану аясында жануарлар ағзасындағы физиологиялық және өнімді өзгерістер болды. Эксперимент нәтижесінде осы қуаттық азықтық қоспаны қолданудың тиімділігі мен орындылығы анықталды.
Жоғарыда аталған шаруашылықтың негізінде жоғары өнімді жаңа бұзаулаған сиырлардың екі тобы құрылды: бақылау және тәжірибелік. Жұп-аналогтар қағидаты бойынша құрылған топтарда шығу тегі, жасы, тірі салмағы, соңғы төлдеу күні, сүт шығымы ескерілді. Әр топтағы жануарлардың саны 10 бас. Орташа тәуліктік сүт шығымы – 18,1-19,5 кг сүт, орташа тірі салмағы 488-492 кг. Барлық топтағы тәжірибелік сиырлар бірдей ұстау жағдайында болды, екі рет тамақтандырылды және табынды басқару бағдарламасы бар «Карусель» сауу залы арқылы үш рет сауылды. Айырмашылық, тек тәжірибелі топтағы сиырлардың негізгі рационына, тәулігіне бір басына 150 грамм мөлшерінде «сұйық полисахаридтер» қуаттық жемшөп қоспасын қосымша енгізгізілгені болды.
Тәжірибенің ұзақтығы 30 күнді құрады. Тірі салмақ пен орташа тәуліктік сүт мөлшерін өлшеу күн сайын жүргізілді. Бақылау және тәжірибелік топтарындағы эксперимент нәтижелері бойынша орташа тірі салмақ сәйкесінше 497,7 және 504,97 құрады; және сүт шығымы 22,37 және 25,77 л. Бірақ ең бастысы, тәжірибелі топта салмақ пен өнімділік әлдеқайда ертерек қалпына келе бастады, бұл осы қосымшаны қолдану жаңа бұзаулаған жануарларға және олардың өнімділік қасиеттеріне жағымды әсер ететіндігін көрсетеді.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. Chiou, P, Bi, Y, Wu, S, Chen, K. Effect of dietary protein source on performance sand rumen characteristics of dairy cows. Animal Feed Science and Technology. 1997; 68:339-351.
- 2. Сизова Ю., Борисова Е., Тареева О., Гришин Н.Е. Фактическое кормление животных // Вестник Мичуринского государственного аграрного университета.- 2017.- №4.- с.43-47.
- 3. Карамаев С., Валитов Х., Косырева М., Гладилкина Л. Продолжительность продуктивного использования голштинизированных коров черно-пестрой породы при разных способах содержания // Известия Оренбургского ГАУ.-2009.-№ 1(21).-с.67-68
- 4. Russell, J, Minton, N, Sexten, W, Kerley, M, Hansen, S. Influence of feed efficiency classification on diet digestibility and growth performance of beef steers. J Anim Sci. 2016 ;94: 1610-9.
- 5. Klevenhusen, F, Kleefisch, M, Zebeli, Q. Feeding hay rich in water-soluble carbohydrates improves ruminal pH without affecting rumination and systemic health in early lactation dairy cows. JAnimPhysiolAnimNutr (Berl). 2019; 103:466-476.
- 6. Сизова Ю.В. Функционально-метаболическое значение углеводов в кормлении коров // Вестник НГИЭИ.-2013.-Т.4, №23.-с.115-121
- 7. Klevenhusen F, Zebeli, Q. A review on the potentials of using feeds rich in water-soluble carbohydrates to enhance rumen health and sustainability of dairy cattle production. Sci Food Agric.-2020;14:5737-5746.
- 8. Delbianco, M, Bharate, P, Varela-Aramburu, S, Seeberger, P. Carbohydrates in Supramolecular Chemistry . Chem Rev.2016; 116(4):1693-752.
- 9. Cocinero, E, Çarçabal, P. Carbohydrates. Top Curr Chem.2015;364: 299-333.
- 10. Amicucci, M, Nandita, E, Lebrilla, C. Function without Structures: The Need for In-Depth Analysis of Dietary Carbohydrates. JAgricFoodChem..-2019; 67(16):4418-4424.
- 11. Kiely, L., Hickey, R. Characterization and Analysis of Food-Sourced Carbohydrates. Methods Mol Biol.- 2022; 2370:67-95.
- 12. Мананков А.В. Белое и черное в кормлении коров // Животноводство России. - 2012. - №2. - с.41-42.
- 13. Косолапов А.В. Эффективность использования полисахаридов в кормлении высокопродуктивных коров: автореф. канд. сельскохозяйственных наук: 06.02.08.-М.: ФГБУ ВО «РГАУ-МСХА имени К.А Тимирязева», 2017. - 132с. - Инв.№ 636.2.034:636.084.415:636.085.15.
- 14. Adamczyk, K, Makulska, J, Jagusiak, W, Węglarz A. Associations between strain, herd size, age at first calving, culling reason and lifetime performance characteristics in Holstein-Friesian cows. Animal.- 2017; 11, 32:327-334.