Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты» ғылыми журналы – ғылыми рецензияланатын мерзімді баспасөз басылымы болып табылады.
Ғылыми журнал қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылады.
Толық үш тілді (ағылшын, қазақ, орыс) метадеректері (аңдатпа, кілт сөздер, әдебиеттер тізімі, авторлар туралы мәліметтер) бар ағылшын тілінде дайындалған мақалаларға артықшылық беріледі.
Мақалаларды шығару және беру мерзімдері
- Журнал жылына 6 рет шығады (2 айда 1 рет).
- Нөмірлер сайтта ақпан, сәуір, маусым, тамыз, қазан, желтоқсан айларының соңына қарай орналастырылады.
- Қолжазбаны қараудың ең ұзақ мерзімі – 1–3 ай.
Егер көп мөлшерде материалдар келіп түссе, журнал редакциясы белгіленген мерзімге жаңа мақалаларды қабылдауды тоқтату құқығын өзіне қалдырады.
Ғылыми журнал Париждегі ISSN Халықаралық орталығында тіркелген: ISSN 2304-3334 (Print).
Журнал Crossref жүйесінде тіркелген және әрбір жарияланған материалға бірегей DOI сәйкестендіргішін береді. Журналдың DOI префиксі: 10.37884.
Журналдың мақсаты – отандық және халықаралық ғылыми қауымдастық арасында идеялармен, тәжірибемен және ғылыми зерттеулер нәтижелерімен тұрақты алмасуға, агроөнеркәсіптік кешенін (АӨК) дамыту саласында жаңа білімді таратуға арналған тұрақты әрекет ететін платформа құру, сондай-ақ жаһандық сын-қатерлерді терең түсінуге және инновациялық шешімдер қабылдауға ықпал ету.
Ғылыми журнал Қазақстанның және университеттің ғылыми-ақпараттық жүйесінің бір бөлігі ретінде келесі міндеттерді шешуге қатысады:
- отандық және шетелдік ғалымдардың, магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетістіктерін, эксперименттік әзірлемелерін және зерттеу нәтижелерін жариялау;
-
ғылыми жұмыстардың сапасын арттыруға және сараптау тиімділігін жоғарылатуға бағытталған ашық ғылыми пікірталастарды ұйымдастыру;
-
ғалымдардың ынтымақтастығын дамыту, маңызды шетелдік еңбектерді жариялау және халықаралық ғылыми жобаларға қатысу арқылы отандық ғылымның көкжиегін кеңейту және деңгейін көтеру;
-
жас ғалымдарға зерттеу жұмыстарында және кәсіби өсуінде қолдау көрсету;
-
нақты міндеттерді шешу үшін ғылыми әдістер мен тәсілдерді бағалау және бейімдеу, сондай-ақ терминология мен ұғымдық аппаратты нақтылау;
-
күрделі құбылыстар мен процестерді терең талдау үшін әртүрлі ғылыми салалардан білімді біріктіру;
-
халықаралық стандарттар мен жаһандық дәйексөз индекстеріне сәйкес жоғары сапалы ғылыми жарияланымдарды қамтамасыз ету арқылы журналдың сұранысын және таралу тұрақтылығын арттыру;
-
журналдың халықаралық деректер базаларында және ашық электрондық ресурстарда көрінісін кеңейту;
-
университет кафедралары мен ғылыми бөлімшелерінің, сондай-ақ Қазақстан мен басқа елдердің ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми және білім беру мекемелерінің зерттеу ұжымдарының ғылыми мәселелерін ашық түрде көрсету арқылы жариялылық пен айқындықты қамтамасыз ету.
Журналда келесі ғылыми бағыттар бойынша заманауи сын-қатерлерге, іргелі және қолданбалы зерттеулерге арналған ғылыми мақалалар жарияланады:
-
мал шаруашылығы және ветеринария;
-
су, жер және орман ресурстары;
-
егіншілік, агрохимия, малазық өндіру, агроэкология;
-
ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру;
-
АӨК экономикасы.
Журналда жарияланбайды:
– жарнамалық сипаттағы ғылыми ақпарат;
– басқа басылымдарда бұрын жарияланған авторлық материалдар;
– бұрынғы нәтижелермен салыстырғанда жаңа ақпарат қамтымайтын немесе белгіленген ғылыми фактілерге қайшы келетін тұжырымдар мен гипотезалар бар мақалалар;
– көркем әдеби және публицистикалық мазмұндағы материалдар, соның ішінде ғылыми тақырыптағы;
– жеке және заңды тұлғаларға қатысты қорлау, жала жабу немесе әдейі жалған ақпарат қамтитын материалдар.
ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Ғылыми журналдың Меншік иесі, Редакциялық кеңес және Редакциялық алқа зерттеу авторлары келтірген ақпараттың дұрыстығына жауапты болмайды.
Автор мақаланың қолжазбасын ғылыми журналға жібере отырып, зерттеудің түпнұсқалығы үшін, өзі келтірген деректердің, фактілердің, дәйексөздердің, меншікті атаулардың, географиялық атаулардың, тегінің, инициалдарының және өзге де мәліметтердің дұрыстығы мен дәлдігі үшін, сондай-ақ мақалаға ашық жарияланымның нысанасы болып табылмайтын деректерді орналастырғаны үшін жеке жауапкершілікті қабылдайды және ғылыми журналдың меншік иесіне шығарманы баспа арқылы жариялау жолымен жария етуді тапсырады.
Мақала мәтінін ғылыми журналда жариялау үшін ұсына отырып, автор өзі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығына, мақала қолжазбасында плагиаттың және басқа да заңсыз иемдену нысандарының болмауына, мәтінді, кестелерді, сызбаларды, иллюстрацияларды барлық иемденулердің тиісінше ресімделуіне кепілдік береді. Жарияланған материалдардың авторлары келтірілген фактілерді, дәйексөздерді, статистикалық деректерді және өзге де мәліметтерді іріктеу және дәлдігі үшін жауапты болады.
Жарияланымды дайындау кезінде этикалық нормаларды сақтау зерттеудің ғылыми дұрыстығын қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Осыған байланысты редакция иемденулерді ресімдеудің дұрыстығына ғана емес, сонымен қатар алынған нәтижелерді тексеруге және қайталауға мүмкіндік беретін методологиялық ашықтыққа да ерекше назар аударады.
Қайталану мүмкіндігі (Воспроизводимость): Түпнұсқалық зерттеулердің авторлары орындалған жұмыс туралы нақты есепті, сондай-ақ оның маңыздылығын объективті талқылауды ұсынуға тиіс. Әрбір түпнұсқалық мақалада зерттеу нәтижелерінің қайталану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, жабдықтар мен материалдардың шығу тегі (фирма, ел), деректерді статистикалық өңдеу әдістері және қайталану мүмкіндігін қамтамасыз етудің басқа да тәсілдері көрсетіле отырып, зерттеу әдіснамасы сипатталады.
Деректер алмасу: Редакцияның сұрау салуы бойынша авторлар зерттеудің бастапқы деректерін ұсынуға тиіс және егер бұл іс жүзінде мүмкін болса, мұндай деректерге ашық қолжетімділікті қамтамасыз етуге дайын болуы керек, сондай-ақ кез келген жағдайда бұл деректерді жарияланғаннан кейін 5 жыл бойы сақтауға дайын болуы тиіс.
Иемденулер: Мақала авторлары түпнұсқалық жұмысты ұсынуы тиіс. Басқа авторлардың жұмыстары және/немесе дәйексөздері пайдаланылған жағдайда, дереккөзге библиографиялық сілтемелер міндетті болып табылады.
Плагиат – бұл бөтеннің ғылым, ой, өнер немесе өнертабыс туындысының авторлығын қасақана иемдену болып саналады. Плагиат авторлық-құқықтық заңнаманы және патенттік заңнаманы бұзуы мүмкін және осыған байланысты автордың заңдық жауапкершілігіне әкеп соғуы мүмкін.
Түпнұсқалық: Автор, мәні бойынша, бірдей зерттеуді сипаттайтын жұмыстарды бірнеше журналда немесе бірнеше бастапқы жарияланымда жарияламауы тиіс. Бір қолжазбаны бірден бірнеше журналға жіберуге жол берілмейді.
Автор ғылыми журналға берілген материалды пайдалануға ерекше құқықтарының бар екендігіне кепілдік береді. Осы кепілдік бұзылған және осыған байланысты ғылыми журналдың меншік иесіне және/немесе редакциялық алқаға талаптар қойылған жағдайда, автор барлық талаптарды өз бетінше және өз есебінен реттеуге міндеттенеді. Ғылыми журналдың меншік иесі және редакциялық алқасы автор берген кепілдіктерді бұзғаны үшін үшінші тұлғалар алдында жауапты болмайды.
Ғылыми журналда жариялау үшін материалдарды жіберу жоғарыда келтірілген талаптармен автордың келіскенін білдіреді.
Авторлық құқықтарды сақтау және ғылыми үлестің ашықтығы академиялық этиканың өзара байланысты қағидаттары болып табылады. Жарияланатын материалға ерекше құқықтарға кепілдік берумен қатар, редакция зерттеудің әрбір қатысушысының жеке үлесін нақты айқындауды талап етеді.
Ашықтықты қамтамасыз ету үшін тиісті авторлардың CRediT (Contributor Roles Taxonomy) сәйкес рөлдерін пайдалана отырып, қолжазбаға бірлескен авторлық үлес қосуын қамтамасыз ету қажет. CRediT таксономиясы ғылыми нәтижелерге әрбір қатысушының нақты үлесін сипаттайтын 14 түрлі рөлді қамтиды.
Рөлдер: Концептуализация; Деректерді басқару; Формалды талдау; Қаржыландыруды алу; Тергеу; Әдіснама; Жобаны әкімшілендіру; Ресурстар; Бағдарламалық қамтамасыз ету; Қадағалау; Тексеру; Визуализация; Рөлдер/Жазу – бастапқы жоба; Жазу – шолу және редакциялау.
Барлық рөлдер әрбір қолжазбаға қолданылмауы мүмкін екенін және авторлардың бірнеше рөлді орындау арқылы үлес қосуы тиіс екенін ескеру қажет.
Бірлескен авторлардың үлесін сипаттау мақаланың соңында «Авторлар туралы ақпарат» дегеннен кейін «Авторлардың үлесі» деген тақырыппен келтіріледі.
Жұмысқа үлес қосқан басқа қатысушылар «Алғыс айту» бөлімінде тізімделуі мүмкін. Бұл ретте барлық тең авторлар (корреспонденция үшін автордың атынан) мақаланың редакциямен келісілген соңғы нұсқасын және оның журналда жариялануын мақұлдауы тиіс.
Мүдделер қайшылығы: Мақаланы ұсынған кезде, автор(лар) мүдделер қайшылығының бар немесе жоқ екендігі туралы хабарлауға міндетті.
Жарияланғаннан кейін өзгерістер енгізу, мақалаларды кері қайтарып алу
Егер автор өзінің жарияланған жұмысында елеулі қателік немесе дәлсіздік тапса, ол бұл туралы журналдың редакциясына хабарлауға және мақаланы кері қайтарып алу немесе түзету үшін редакциямен ынтымақтасуға тиіс.
Ұсынылған қолжазбада немесе жарияланған мақалада жарияланым этикасын бұзушылықтар (плагиат, деректерді айла-шарғы жасау, бір уақытта әртүрлі басылымдарға ұсыну, қонақ авторлық, мүдделер қайшылығы және т.б.) анықталған кезде, автор бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін редакциямен ынтымақтасуға міндетті, ал қателіктер анықталған жағдайда – түзетулерді немесе теріске шығаруларды жариялауға жәрдемдесуге тиіс. Әдепсіз мінез-құлық фактілері туралы хабарламалар мақаланы жариялау күніне қарамастан қарастырылады.
Авторлық құқық: Жарияланымға қабылданған қолжазбаға құқықтар Журналдың Баспагеріне беріледі. Барлық материалды немесе оның бір бөлігін қайта басып шығарған кезде авторлар осы журналдағы бастапқы жарияланымға сілтеме жасауға міндетті.
Жарияланымдардың қолжетімділігі
Журнал ғылыми ақпаратты еркін тарату және жалпы әлеуметтік прогресс үшін жаһандық білім алмасу қағидаттарын қолдай отырып, жарияланған контентке бірден ашық қолжетімділік саясатын ұстанады. Журналдың барлық мақалалары кезекті нөмір шыққаннан кейін бірден толық мәтінде онлайн қолжетімді болады. Журналдың архиві 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін журналдың сайтында онлайн қолжетімді.
Осы журналда жарияланатын мақалалар CC BY-NC 4.0 (Creative Commons Attribution — Non Commercial 4.0 International) лицензиясымен орналастырылған, ол оларды тек коммерциялық емес мақсатта пайдалануды көздейді. Осы лицензияға сәйкес, пайдаланушылар авторлық құқықпен қорғалған материалдарды көшіруге және таратуға құқылы, бірақ оларды өзгертуге немесе коммерциялық мақсатта пайдалануға рұқсат етілмейді. Лицензиялау туралы толық ақпарат мына мекенжайда қолжетімді: https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Архивтік материалдар
Егер журналды шығару тоқтатылса, электрондық және/немесе баспа нұсқасындағы барлық мақалалар журналдың баспагерінде қолжетімді болады.
ЖИ пайдалану саясаты
Қолжазбаларды дайындау кезінде ЖИ құралдарын қолдануға тек көмекші құрал ретінде (тілдік редакциялау, әдебиеттерді іздеу, статистикалық есептеулер, визуализация) және автордың толық бақылауымен ғана рұқсат етіледі. Жасанды интеллектті қолдану фактісі қолжазбада (мысалы, «Әдістер» бөлімінде) құралдың атауын, нұсқасын және қолдану аясын көрсете отырып көрсетілуі керек. Егер жасанды интеллект көрсеткіші 50% - дан асса, мақала жариялауға қабылданбайды. ЖИ автор ретінде көрсетіле алмайды. Мәтіннің дәлдігі, өзіндік ерекшелігі мен тұтастығы үшін авторлар жауап береді.
ЖИ-ді қолдануды жасыру немесе плагиатқа қатысты бұзушылықтар анықталған жағдайда қолжазбаны кері қайтарумен қатар 1 жыл мерзімге материалдарды ұсынуға тыйым салу түріндегі уақытша санкциялар қолданылуы мүмкін.
Тек ЖИ арқылы, автордың елеулі үлесінсіз жасалған мақалалар жарияланымға қабылданбайды.