Журналдың мақсаты – отандық және халықаралық ғылыми қауымдастық арасында идеялармен, тәжірибемен және ғылыми зерттеулер нәтижелерімен тұрақты алмасуға, агроөнеркәсіптік кешенін (АӨК) дамыту саласында жаңа білімді таратуға арналған тұрақты әрекет ететін платформа құру, сондай-ақ жаһандық сын-қатерлерді терең түсінуге және инновациялық шешімдер қабылдауға ықпал ету.
Ғылыми журнал Қазақстанның және университеттің ғылыми-ақпараттық жүйесінің бір бөлігі ретінде келесі міндеттерді шешуге қатысады:
- отандық және шетелдік ғалымдардың, магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетістіктерін, эксперименттік әзірлемелерін және зерттеу нәтижелерін жариялау;
-
ғылыми жұмыстардың сапасын арттыруға және сараптау тиімділігін жоғарылатуға бағытталған ашық ғылыми пікірталастарды ұйымдастыру;
-
ғалымдардың ынтымақтастығын дамыту, маңызды шетелдік еңбектерді жариялау және халықаралық ғылыми жобаларға қатысу арқылы отандық ғылымның көкжиегін кеңейту және деңгейін көтеру;
-
жас ғалымдарға зерттеу жұмыстарында және кәсіби өсуінде қолдау көрсету;
-
нақты міндеттерді шешу үшін ғылыми әдістер мен тәсілдерді бағалау және бейімдеу, сондай-ақ терминология мен ұғымдық аппаратты нақтылау;
-
күрделі құбылыстар мен процестерді терең талдау үшін әртүрлі ғылыми салалардан білімді біріктіру;
-
халықаралық стандарттар мен жаһандық дәйексөз индекстеріне сәйкес жоғары сапалы ғылыми жарияланымдарды қамтамасыз ету арқылы журналдың сұранысын және таралу тұрақтылығын арттыру;
-
журналдың халықаралық деректер базаларында және ашық электрондық ресурстарда көрінісін кеңейту;
-
университет кафедралары мен ғылыми бөлімшелерінің, сондай-ақ Қазақстан мен басқа елдердің ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми және білім беру мекемелерінің зерттеу ұжымдарының ғылыми мәселелерін ашық түрде көрсету арқылы жариялылық пен айқындықты қамтамасыз ету.
Журналда келесі ғылыми бағыттар бойынша заманауи сын-қатерлерге, іргелі және қолданбалы зерттеулерге арналған ғылыми мақалалар жарияланады:
-
мал шаруашылығы және ветеринария;
-
су, жер және орман ресурстары;
-
егіншілік, агрохимия, малазық өндіру, агроэкология;
-
ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру;
-
АӨК экономикасы.
Журналда жарияланбайды:
– жарнамалық сипаттағы ғылыми ақпарат;
– басқа басылымдарда бұрын жарияланған авторлық материалдар;
– бұрынғы нәтижелермен салыстырғанда жаңа ақпарат қамтымайтын немесе белгіленген ғылыми фактілерге қайшы келетін тұжырымдар мен гипотезалар бар мақалалар;
– көркем әдеби және публицистикалық мазмұндағы материалдар, соның ішінде ғылыми тақырыптағы;
– жеке және заңды тұлғаларға қатысты қорлау, жала жабу немесе әдейі жалған ақпарат қамтитын материалдар.