Аңдатпа
Мақалада Қазақстанның құрғақ дала аймағының ашық қара-қоңыр топырақтарының деградацияланған жайылымдары сипатталып, оларға жан-жақты толық баға берілген. Физикалық (топырақтық) және биологиялық (өсімдік жамылғысы) көрсеткіштері келтірілген. Құрғақ дала аймақтары жайылымдарының геоақпараттық мониторингісі жасалған. ГАЖ технологиясы мәліметтері мен далалық зерттеулер нәтижелері арқылы құрғақ дала аймағы жайылымдарының деградациялану дәрежесінің картографиялық моделі ұсынылған. Соны-мен қатар, мақалада ең күрделі мәселелерді іс жүзінде шешу, жайылым аумағындағы табиғи жем-шөп ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды ғылыми негіздеуге және жасауға мүмкіндік берілетіндігі көрсетілген, бұл тұтастай ауылшаруашылық өндірісін нығайтуға және кеңейтуге ықпал етеді. Зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу республикамыздың мал шаруашылығын дамытуда жайылымдық жерлерді тиімді қолдану мен оларды қалпына келтіруде, жақсартуда үлкен негіз болып табылады. Жербеттік зерттеулер мен рұқсаттығы орташа және төмен ғарыштық мәліметтер негізінде жайылым-дардың деградациялануының карта-схемасы жасалды және олар деградациялану дәрежесіне байланысты контурларға бөлінді. Әрбір полигонның деградациялану контурлары бойынша NDVI вегетациялық индексіне талдау жасалды. Қазақстанның шөлейт және құрғақ дала жайылымдарының деградациялану дәрежесінің М 1:1000000 карталары құрастырылды, олар жайылым деградациясының М 1000000 сандық картасын 2020 жылдың күнтізбелік жоспарына сәйкес жасауға негіз болып табылды.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1 Svodnii analiticheskii otchet o sostoyanii i ispolzovanii zemel Respubliki Kazahstan // Komitet MSH RK po upravleniyu zemelnimi resursami. – Astana, 2017. - 180 s.
- 2 Espolov T., Alimaev I., Kaldibaev S. Kormoproizvodstvo i pastbishnoe hozyaistvo Kazahstana (sostoyanie i razvitie) / Issledovanie, rezul’tati. – Almati, 2019. - №2.– S.5-9.
- 3 Espolov T., Kaldibaev S., Alimaev I. Sovremennoe sostoyanie pastbisch Kazahstana i koncepciya ih racionalnogo ispolzovaniya / Issledovaniya, rezul’tati. – Almati, 2020, №3. s. 5-11.
- 4 Amenov M.Sh. Geoekologicheskii monitoring territorii Kazahstana v interesah ustoichivogo razvitiya // Vestnik KazNU. - Seriya biologicheskaya. – Almati, 2014. - S. 4-12.
- 5 Medeu A.R., Pjideih R.V. Metodologicheskie osnovi ekologicheskih ocenok i kartografirovaniya //Voprosi geografii i geoekologii. – Almati, 2012. - 24 s.
- 6 Instrukciya i metodika provedeniya botaniko_kormovogo obsledovaniya senokosnih i pastbischnih ugodii na territorii Kazahstana. – Alma-Ata, 1969. -219 s.
- 7 Metodika opitov na senokosah i pastbischah. - Chast 1, 2.– M.:VIK, 1971. - 297 s.
- 8 Metodika polevogo opita. – M.: Kolos, 1979. - 419 s.
- 9 Metodika opredeleniya sostoyaniya pastbisch. - Kaliforniiskii universitet. – SshA, 1997. - 97 s.
- 10 Jambakin J.A. Pastbischa Kazahstana. – Almati: Kainar, 1995. - 32 s.
- 11 Tazabekov T. Praktikum po pochvovedenie. – Almati, 2006. - 186 s.