Аңдатпа
Бұл мақалада Алматы және Жетісу облыстарының ара шаруашылықтарында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары сөз болады. Аралардың морфометриялық белгілерін кубиталь индексі, гантель индексі және дискоидальды жылжуы арқылы анықтау үшін зерттелетін омарталардың 30 ара тобынан 50 сынама алынды.
Ара топтарымен селекциялық және асыл тұқымды жұмыстар жүргізілетін ара топтарынан алынған омарта бал араларының морфометриялық белгілерінің әртүрлі әдістері зерттелді, ара топтарын зерттейтін препараттардың көшірмелері сканерленіп, MorphoXL бағдарламасы арқылы өңделді.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, алынған мәліметтерге сәйкес, кубиталь және гантель индекстерінің арақатынасы неғұрлым жоғары болса, тұқымның пайызы соғұрлым жоғары болады деп болжауға болады. Ара қанатының параметрлерін өлшеу арқылы ара сынамасының морфологиялық белгілерін зерттеуге арналған инновациялық бағдарламаларды қолдана отырып, алынған нәтижелердің статистикалық өңделуі және графикалық көрінісі зерттелді.
Осының нәтижесінде негізгі экстерьер параметрлері бойынша аралар карника тұқымының стандартына сәйкес келетіні анықталды, бірақ зерттелген үлгілер бойынша кубиталь индексінің көрсеткіштері стандарттан төмен болды. Алынған нәтижелерге байланысты бал араларының тұқымдық стандартын қайта қарау қажет. Карпат тұқымын бағалау Алматы және Жетісу облыстарында өсірілетін аралардың тұқымдық тиістілігінің объективті нәтижесін берді.
Жоғарыда аталған міндеттерді әзірлеу, кейіннен нәтижелерді республика омарталарына енгізу Қазақстандағы ара шаруашылығының дамуына әсер етеді және қазақстандық популяциялардың генетикалық әлеуетін сақтауға мүмкіндік береді, бұл республикадағы асыл тұқымды ара шаруашылығын дамытуға негіз болады.
01 Кіріспе
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
- 1. Ingman, M., Kaessmann H., Paabo S., Gyllensten U. Mitochondrial genome variation and origin of modern humans / M. Ingman, H. Kaessmann, S. Paabo, U. Gyllensten // Nature. - 2000. - Vol. 180. - P.326-329.
- 2. Meixner, M.D. Honey bee genotypes and the environment / M.D. Meixner, R. Büchler, C. Costa et. al. // J. Apicultural Research. – Vol. 53. – No. 2. – 2014 – P. 183-187.
- 3. Phung, H.C. Some Biological Characteristics of Apis dorsata Fabr. In Vietnam Bees for New Asia proceedings of the 7th Asian Apicultural Association Conference / H.C. Phung, Q.T. Nguyen, H.T. Pham // 2004. – P. 75-85.
- 4. Tran, V.T. Some Measures to Prevent and Control Sacbrood Disease on Honey Bee Apis cerana in Viet Nam / V.T. Tran, H.C. Phung, Q.T. Dinh, L.L. Myeong, S.S. Ha, K.K. Hye, H.B. Gyu, S.C. Yong // Journal of Apiculture. – 2014. – 29. – P. 51-55.
- 5. Березин А.С. Методы морфометрии в определении породной принадлежности медоносных пчел. Биомика.2019, С. 167-189.
- 6. Лиманская В.Б., Нуралиева У.А., Байсабырова А.А., Крупский О.Б., Жумагалиев А.Д., Мустафин К.Е. Природно-климатическое зональное районирование отрасли пчеловодства на западе Казахстана //Журнал «Ветеринария и кормление», РФ, сентябрь-октябрь 2021г. стр.46-49. DOI 10.30917/ATT-VK-1814-9588-2021-5-12. – EDN VAJCQS.
- 7. Молдахметова Г., Майер А., Омарова К., Гранкин Н., С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым жаршысы (пәнаралық) = Вестник науки Казахского агротехнического университета им. С.Сейфуллина (междисциплинарный). - 2022. - №3 (114). –Ч.1. – P.144-152 https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1148
- 8. Нуралиева У.А., Кусаинова Ж.А., Молдахметова Г.А., Есентуреева Г.Д. Особенности природно-климатического зонирования кормовой базы пчеловодства Алматинской области. «Ізденістер, нәтижелер – Исследование, результаты» № 4 (92) 2021г. 5-13 стр. DOI: https://doi.org/10.37884/4-2021/08
- 9. Нуралиева У.А., Молдахметова Г.А.,Темирбаева К.А., Байсабырова А.А., Шимелькова Р.Ж., Майер А.А. Riability of morphometric indicators of honey bees bred in Almaty region //Журнал «Ветеринария и кормление», РФ, сентябрь-октябрь 2021г. стр.65-67. DOI 10.30917/ATT-VK-1814-9588-2021-5-16. – EDN CSMAAK.
- 10. Спатай Н., Нуралиева У.А., Молдахметова Г. А., Кусаинова Ж.А. Оңтүстік – Шығыс Қазақстан аймағындағы табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты бал ара тұқымдарының шаруашылыққа пайдалы белгілері. Жәңгір хан атындагы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық униеерситетінің гылыми-практикалыц журналы. Ғылым және білім Наука и образование Science and education 2-бөлім № 3-2 (68) 2022.
- 11. Шимелкова Р.Ж., Темирбаева К.А., Демидова И.В., Алдиярова А.К., Нуралиева У.А., Moldakmetova G.A. Эффективные способы содержания пчелиных маток до и после инструментального осеменения. ISSN: 1814-9588 Ветеринария и кормление, РФ2021, 68-70 с. http://vetkorm.ru/magasines/2021-5/