Мақала су ағындарына түсетін антропогендік жүктемені бағалаудың заманауи әдіснамалық тәсілдерін талдауға арналған, сонымен қатар шағын өзен экожүйелерінің әртүрлі техногендік ықпалдарға осалдылығына ерекше назар аударылған. Гидроэкологиялық мониторинг тәжірибесінде қолданылатын индикаторлық, индекстік, баланстық-массалық, биоиндикациялық, геоақпараттық және модельдік тәсілдер қарастырылған. Олардың артықшылықтары, шектеулері және аймақтық жағдайларға бейімдеу мүмкіндіктері сипатталған. Алматы облысының шағын өзендерінің жағдайын климаттық өзгергіштік пен артып келе жатқан антропогендік қысым жағдайында бағалау үшін біріктірілген әдістерді қолданудың мақсатқа сай екендігі негізделген.
Қосымша түрде жүйелік тәсілді қолдану тек су нысандарының ағымдағы жағдайын ғана емес, сонымен қатар шаруашылық қызметінің ықпалымен болатын өзгерістердің үрдістерін анықтауға мүмкіндік беретіні көрсетілген. Мұндай талдау экожүйелердің деградация қаупін болжауға және алдын алу шараларын әзірлеуге ғылыми негіз береді. Шағын өзендерге антропогендік әсерді кешенді бағалау экологиялық мониторингті жетілдірудің, табиғатты қорғау шараларын әзірлеудің және тиімді су пайдалану стратегияларын негіздеудің маңызды құралы болып табылады. Алынған қорытындылар шағын су ағындарын қорғау мен су пайдалану бойынша тұрақты стратегияларды қалыптастыруға, сондай-ақ климаттық өзгерістер жағдайында аймақтық және ұлттық бейімделу бағдарламаларын жасауға негіз бола алады.
Мақаланың толық мәтіні оң жақ панельде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
02 Әдебиеттер тізімі
1. Кайпбаев, Е., Алдиярова , А., Калмашова , А., Тұрсыналы , Д., & Муханбет , Е. (2024). Методологический подход к формированию исследовательской базы для оценки деятельности речных бассейнов. Izdenister Natigeler, (3(103), 340–348. https://doi.org/10.37884/3-2024/38
2. Конуркулжаева Н.З., Алмасбеккызы Э., Зейлгабиден Г. Вопросы рационального использования водных ресурсов Алматинской области. Cовременные инновации № 5(7) 2016 – С.79-82.
3. С.К. Алимкулов, А.А. Турсунова, А.А. Сапарова Ресурсы речного стока Казахстана в условиях будущих климатических и антропогенных изменений. Гидрометеорология и экология №1, 2021 – С.57-69. DOI:10.54668/2789-6323-2021-100-1-57-69
4. И.Д.Рыбкина Оценка антропогенной нагрузки на водные ресурсы и эффективности их использования: обзор методологических подходов. Антропогенная трансформация природной среды 2023, Т. 9. № 2 – С.55-67. DOI: https://doi.org/10.17072/2410-8553-2023-2-55-67
5. Рыбкина И.Д., Стоящева Н.В., Курепина Н.Ю., Головин А.В., Седова Е.Ю., Машкина О.В. Оценка антропогенной нагрузки на водные объекты бессточной области Обь-Иртышского междуречья. Известия Российской академии наук. Серия географическая. 2023;87(2):264-279. https://doi.org/10.31857/S2587556623020085
6. Brown R.M., McClelland N.I., Deininger R.A., Tozer R.G. Water quality index – do we dare? // Water and Sewage Works. - 1970. - Vol. 117(10). - P. 339-343.
7. Borgmann L., Schmidt-Kloiber A., Graf W., et al. Choice of field and laboratory methods affects the detection of anthropogenic disturbances using stream macroinvertebrate assemblages // Ecological Indicators. - 2021. - Vol. 122. DOI:10.1016/j.ecolind.2020.106382
8. Maidment D.R. (ed.) Handbook of Hydrology. - New York: McGraw-Hill, 1993.- 1424 p.
9. Rosgidromet. Методика комплексной оценки степени загрязнённости поверхностных вод. - М.: Гидрометеоиздат, 2002. - 63 с.
10. Wang L., Zhang Y., Yang Y., et al. The impacts of different anthropogenic disturbances on macroinvertebrate community structure and functional traits of glacier-fed streams in the Tianshan Mountains // Water. - 2022. - Vol. 14(8). DOI:10.3390/w14081298
11. Tetzlaff D., Soulsby C., Carey S.K., et al. Catchments on the cusp? Structural and functional change in northern ecohydrology // Hydrological Processes. - 2019. - Vol. 33(1). - P. 5–22.
12. Zhumabay A., Zhumanova M., Satayeva A. Assessment of Anthropogenic Load on the Talas River Watershed, Kazakhstan // In: Environmental Security of the European Cross-Border Energy Supply Infrastructure. - Springer, 2021. - P. 113–126. DOI:10.1007/978-3-030-68337-5_8